» » » » Қазақ тілінен сабақ жоспары: Шытырман оқиғаларды зерттеу Тәуелсіздік монументі (3 сынып, II тоқсан )

Қазақ тілінен сабақ жоспары: Шытырман оқиғаларды зерттеу Тәуелсіздік монументі (3 сынып, II тоқсан )

Қазақ тілінен сабақ жоспары: Шытырман оқиғаларды зерттеу Тәуелсіздік монументі (3 сынып, II тоқсан ) казакша Қазақ тілінен сабақ жоспары: Шытырман оқиғаларды зерттеу Тәуелсіздік монументі (3 сынып, II тоқсан ) на казахском языке
Пән:қазақ тілі
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Сәулет өнері
Сабақ тақырыбы: Шытырман оқиғаларды зерттеу. Тәуелсіздік монументі.
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары: (оқу бағдарламасына сілтеме) 3.1.3.1 түрлі жағдаяттағы (қоғамдық ортада) қатысымдық әрекеттерде өз сөзін жүйелі түрде жоспарлап, сөйлеу мәдениетін сақтап диалогке қатысу;
3.4.1.2 түбір сөзге ­ы, ­і­нің дауысты дыбыстан басталатын қосымша жалғанған кездегі өзгерісін сақтап жазу.
Сабақ мақсаттары: түрлі жағдаятқа байланысты сөздерін жүйелі жоспарлай алады;
түбірінде ы, і дыбыстары бар кейбір сөздерге дауыстыдан басталатын қосымша жалғанғандағы өзгерісін түсінеді.
Сабақ барысы: Ұйымдастыру кезеңі.
Оқулық: 50–51 беттер. Жұмыс дәптері: 64­бет
Сабақтың мақсатымен таныстыру.
Ойымызбен бөлісейік.
Бұл тапсырма сыныппен, жұппен орындалады.
Тәуелсіздік монументінің суретін қарап, ол туралы не білетіндерін, ол ескерткіштің қандай мерекемен байланысты екенін жүйелі сөйлем құрастырып айтып береді.
Оқиық.
Тапсырманы жұппен/сыныппен орындайды.
Мәнерлеп оқуға үйретуге негізделген тапсырмада монумент туралы өлеңді оқу келесі үлгіде ұйымдастырылады.
Оқушылар:
– жұппен кезектесіп дауыстап оқиды;
–бір­бірінің оқуын бақылап, түзету жасайды;
–мәнерлеп оқитын оқушыны анықтайды;
–жақсы оқыған оқушыны топтық оқуға ұсынады;
–топтық оқуда кезектесіп дауыстап оқиды;
–үздігін анықтайды; сыныптық оқуға ұсынады;
–сыныптық оқу ұйымдастырылады.
–жеңімпазды анықтайды.
– Мәтіннің алғашқы бөлігінде не туралы айтылды?
– Екінші бөлігінің мазмұны не туралы?
– Соңғы бөлігінде не айтылды?
– Сурет пен мәтінге ортақ не бар?
Жұптық жұмыс 4 минутқа (әр оқушыға 2 минуттан) созылады.
Келесі кезекте сынып ішінде шеңбер бойымен әңгіме жүргізеді. Шеңберде отырған әр оқушы сұрақтар бойынша өз ойларын ортаға салады.
Oқушылap қaйтa тoптacтыpылaды. Мұғaлiм oқушылapғa «мүмкiн opын aуыcтыpып oтыpғың кeлep, eндeшe бacқa opынғa бap» нeмece «кiммeн бip тoптa бoлғың кeлeдi, coл тoптың мүшeciмeн aуыc» дeп, құpaмды өзгepтeдi.
Сөз мағынасын анықтайық.
Әр флипчартқа қорамсақ, жебе, хан, деген сөздердің бірі жазылады. Оқушылар топтарға біріктіріледі. Мұғалім әртопқа басқа түстегі маркер береді және әр топта бір хатшының сайлануын қадағалайды. Оқушыларға жазуға аз уақыт берілетінін түсіндіру. Оларға алдыңғы топтың жазғанын қосуға рұқсат етілмейтіндігін ескерту. Әр топ әр постермен жұмыс жасай алуы үшін қай топ қалай қозғалатынын (мысалы: сағат тілі бойынша) түсіндіреді. Оқушыларға 30­90 секундтың аралығында жазуға уақыт беріледі. Мұғалім берілген уақыт аяқталғанда оқушылардың келесі постерге ауысуын немесе келесі топпен постерлерін ауыстыруларын сұрайды.
Қозғалыс және рефлексия арқылы жұмыс жасау дағдыларының (миға шабуыл, пікірталас, ақпарат алмасу) дамуына көмектеседі сыныптың ішінде белсенді оқу ортасын құрады.
Анықтайық.
Топтағы оқушының біреуі хатшы болады, қалғандары ақпарат тасушы болады. Сынып бөлмесіне ҚР Тәуелсіздігіне қарай орнатылған ескерткіштер туралы деректер жапсырылып қойылады. Хатшы партада отырып, топтағылардың әкелген хабарламаларын қағазға түсіріп (жазып) отырады. Барлық ақпаратты тасып жазып болғаннан кейін топтағылар бірігіп отырып, жазғандарын тексереді.
Саралау.
Топ арқылы саралау: топ ішінде рөлді бөліп алу (хатшы, ақпарат тасушы, дұрыстығын тексеру)
ҚР Тәуелсіздігіне қарай орнатылған ескерткіштер туралы деректерді сабақ басталмастан бұрын сынып бөлмесіндегі қабырғаға, есіктің жақтауына, есікке, терезенің жақтауына, жиһазға, тақтаға, т.б. жерлерге жапсырып қояды.
Сергіту сәті.
Көркем жазу.
Сыныптағы әр топқа бір сөзден бөліп береді. Оқушылар келешек, қорамсақ, тәуелсіздік, қазақ сөздеріне дауыстыдан басталатын қосымша жалғап дәптерлеріне жазады. Одан кейін оларды қатыстырып сөйлем құрайды.
Жауаптар: қазақ+ым – қазағым, қорам- сақ+ым­ қорамсағым.
Қосымша дауыстыдан басталып жалғанғанда түбірдегі дауыссыз дыбыс өзгереді. (Бұл жерде оқушылар әртүрлі жауап беруі мүмкін. «Қатаң дауыссыз жұмсарып айтылады» деп жауап берулері де мүмкін. Біз оқушыдан ережені дәл айтуды талап етпейміз. Ең бастысы – өзгерісті түсінсе және түсіндіре алғаны).
Саралау.Ресурс арқылы саралау.
Кейбір оқушылар үлгі сөйлемді қолданады. Алдыңғы тапсырмадағы құрамды сақтайды.
Дифференциация.
«Бәсекелес ұшақ» ойыны: Екі топ және үш оқушыдан тұратын бағалаушылар тобы құрылады.
Алдымен оқушылар қағаздан ұшақтар жасап алады. Мұғалім сұрақтар дайындайды, олардың күрделілігіне қарай балл белгілейді.
Мысалы 5 балл, 10 балл, 15 балл, 20 балл, 25 және 30 балл. Сұрақтар қағазға жазылып, конвертке салынады да сыртына балл көрсетіліп, бағалаушыларға беріледі. Балл жазылған қағаздар нысандарға: есікке, қоқыс шелегіне, жиһаздың есігіне, тақтаға, мұғалім орындығына, т.б. жерлерге жапсырылады. Екі топтың «ұшқыштары» кезек­кезек бір­бір ұшақтан ұшырады. Ұшақ қонған жердегі балға сәйкес конвертті таңдап, сұраққа жауап беру мүмкіндігіне ие болады. Бағалаушылар әр топтың балын есептеп отырады. Топтар осылайша ұпай жинайды. Сұрақтарды мұғалім тақырыпқа сәйкес әрі сыныптың ерекшелігіне сай етіп құрасты- рады.
Үлгі сұрақтар:
1. Қазақстан өз тәуелсіздігін қашан алды? (1991 жылы)
2. Тәуелсіздік күні қашан тойланады? (16 желтоқ- санда)
3. Тәуелсіздік монументінің биіктігі қанша метр? (28 метр)
4. Тәуелсіздік монументінің төменгі бөлігінде не бейнеленген? (Елтаңба)
5. Тәуелсіздік монументінің жоғарғы бөлігінде не бейнеленген? (Алтын адам)
6. Тәуелсіздік монументінің авторы кім? (Шот Аман Уәлиханов)
Оқушылардың тақырыпты қаншалықты меңгергенін тексеру үшін, 7­9 беттердегі кіріспесінен тиісті қалыптастырушы бағалау стратегиясын таңдауы керек.
ҚБ тапсырмасын орындату.
Тапсырма
Суреттерге мұқият қара. «Кітапханада» тақырыбына диалог құрастыр.
Дескриптор Білім алушы
- тақырыпқа сәйкес диалог құрастырады; - сұхбаттасына сұрақ қояды;
- сұхбаттасының сұрағына жауап береді;
- өз ойын жүйелі жеткізеді;
-сөйлеу барысында тілдік нормаларды сақтайды. ....



Полную версию материала можете скачать на сайте zharar.com через 30 секунд !!!

Автор: Umit | 103 |


Комментарии для сайта Cackle


Загрузка...
Читайте также
Қазақ тілінен сабақ жоспары: 4-тоқсан «Су – тіршілік көзі» бөлімі бойынша жиынтық бағалау (БЖБ) (3 сынып, IV тоқсан )
Қысқа мерзімді сабақ жоспары [ҚМЖ] жинағы
Қазақ тілінен сабақ жоспары: 4-тоқсан «Су – тіршілік көзі» бөлімі бойынша жиынтық бағалау (БЖБ) (3 сынып, IV тоқсан )
Қазақ тілінен сабақ жоспары:  Қызықты оқиғалы әңгімелерді жазу және айту Әлемнің жеті кереметі (3 сынып, II тоқсан )
Қысқа мерзімді сабақ жоспары [ҚМЖ] жинағы
Қазақ тілінен сабақ жоспары: Қызықты оқиғалы әңгімелерді жазу және айту Әлемнің жеті кереметі (3 сынып, II тоқсан )
Қазақ тілінен сабақ жоспары: Уақытқа саяхатты елестету үшін драманы қолдану (3 сынып, II тоқсан )
Қысқа мерзімді сабақ жоспары [ҚМЖ] жинағы
Қазақ тілінен сабақ жоспары: Уақытқа саяхатты елестету үшін драманы қолдану (3 сынып, II тоқсан )
Қазақ тілінен сабақ жоспары: №48-сабақ Түбір мен қосымшаның жазылуы (3 сынып, II тоқсан )
Қысқа мерзімді сабақ жоспары [ҚМЖ] жинағы
Қазақ тілінен сабақ жоспары: №48-сабақ Түбір мен қосымшаның жазылуы (3 сынып, II тоқсан )
Қазақ тілінен сабақ жоспары: №46-сабақ  Түбір мен қосымша (3 сынып, II тоқсан )
Қысқа мерзімді сабақ жоспары [ҚМЖ] жинағы
Қазақ тілінен сабақ жоспары: №46-сабақ Түбір мен қосымша (3 сынып, II тоқсан )
Қазақ тілінен сабақ жоспары: Кейіпкерлерді сомдаймыз Қамқор болып жүрейік! (3 сынып, I тоқсан )
Қысқа мерзімді сабақ жоспары [ҚМЖ] жинағы
Қазақ тілінен сабақ жоспары: Кейіпкерлерді сомдаймыз Қамқор болып жүрейік! (3 сынып, I тоқсан )
Қазақ тілінен сабақ жоспары: Әңгімелердегі  «Кейіпкер сипаттамасын жазу Қамқор болып жүрейік! щ әрпімен жазылатын сөздердің емлесі (3 сынып, I тоқсан )
Қысқа мерзімді сабақ жоспары [ҚМЖ] жинағы
Қазақ тілінен сабақ жоспары: Әңгімелердегі «Кейіпкер сипаттамасын жазу Қамқор болып жүрейік! щ әрпімен жазылатын сөздердің емлесі (3 сынып, I тоқсан )
Қазақ тілінен сабақ жоспары: Мектеп кітапханасы (2 сынып, II тоқсан)
Қысқа мерзімді сабақ жоспары [ҚМЖ] жинағы
Қазақ тілінен сабақ жоспары: Мектеп кітапханасы (2 сынып, II тоқсан)

KZ / Сабақ жоспары жинағы / Қысқа мерзімді сабақ жоспары [ҚМЖ] жинағы, сабақ жоспары Шытырман оқиғаларды зерттеу Тәуелсіздік монументі 3 сынып қазақ тілі, қазақ тілінен қмж кмж қысқа мерзімді сабақ жоспары, поурочные планы на казахском языке, казак тили кыска мерзимди сабак жоспары, Шытырман оқиғаларды зерттеу Тәуелсіздік монументі, сабақ жоспары Шытырман оқиғаларды зерттеу Тәуелсіздік монументі 3 сынып қазақ тілі қазақ тілінен қмж кмж қысқа мерзімді сабақ жоспары поурочные планы на казахском языке казак тили кыска мерзимди сабак жоспары Шытырман оқиғаларды зерттеу Тәуелсізд, Қазақ тілінен сабақ жоспары: Шытырман оқиғаларды зерттеу Тәуелсіздік монументі (3 сынып, II тоқсан )