Шытырман оқиғаларды зерттеу Шығыс моншасы Түбірлес сөздер (3 сынып, II тоқсан )

 Шытырман оқиғаларды зерттеу Шығыс моншасы Түбірлес сөздер (3 сынып, II тоқсан )

Пән: қазақ тілі
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Сәулет өнері
Сабақ тақырыбы: Шытырман оқиғаларды зерттеу. Шығыс моншасы. Түбірлес сөздер
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары: (оқу бағдарламасына сілтеме) 3.2.4.1 өз бетінше мәтіннің тақырыбын және мұғалімнің көмегімен негізгі ойды анықтау;
3.4.2.1 негізгі түбірге жұрнақтар жалғау арқылы туынды сөз жасау, түбірлес сөздердің мағынасын ажырату .
Сабақ мақсаттары: өз бетінше мәтіннің тақырыбын және мұғалімнің көмегімен негізгі ойды анықтау;
негізгі түбірге жұрнақтар жалғау арқылы туынды сөз жасау, түбірлес сөздердің мағынасын ажырату .
Сабақ барысы: Ойымызбен бөлісейік
Бұл тапсырмаға «Ереуіл» әдісі таңдалады.
- Суретте не бейнеленген?
- Ол туралы не білесің?
- Суреттегі нысан туралы не білгің келеді?
Содан кейін оларға стикерлер немесе түрлі­түсті қағаз бен желім таратып береді. Олардан қосымша құралдарды қолдана отырып, митинг транспарантын жасауды сұрайды. Транспаранттарға қойылған сұрақ бойынша идеяларын жазады. Оқушылар «бейбіт ереуілге» шығып, сыныпты аралап жүріп, өз идеяларымен бөліседі.
Ықтимал жауаптар. Бұл – Түркістан қаласында мәрмәрдан салынған өте ерекше шығыс моншасы, сәулет өнері ескерткіші.
(Ж) Оқиық.
Тaпcыpмa нeгiздeмeci: Оқушылapдың oқылым дaғдылapын дaмытуғa бағытталады. Осыдaн кeйiн оқушылар кeлeci сурет пен мәтінді caлыcтыpу тaпcыpмacын opындaуғa дaйын бoлaды.
Тапсырманы орындату үшін INSERT әдісі қолданылады.
Бұл әдіс бойынша оқушыға оқу барысында:
V – «білемін»,
— – «мен үшін түсініксіз»,
+ – «мен үшін жаңа ақпарат»,
? – «мені таң қалдырады» белгілерін қойып отырып оқу тапсырылады. Жұп iшiндe шығыс моншасы туралы мәтiнді зерттеп oқиды. Оқып бoлғaннaн кeйiн мәтінге ат қояды. Ол үшін әр оқушы тақырып болатын өз нұсқасын ұсынады, жауабын мәтінге негіздеп дәлелдейді. Мәтіннің негізгі ойын анықтау үшін қорытынды сөйлемді тауып, талқылайды.
Ықтимал жауаптар. «Мәрмәр монша», «Ғажайып монша», «Шығыс моншасы», тағы басқа.
Анықтайық
Тaпcыpмa нeгiздeмeci: «Анықтайық» aйдapындағы тапсырма – оқылым тапсырмасынан кейін талқылау үшін орындалатын тапсырма. Бұл тaпcыpмaдa oқушылap opтaқ мaқcaтқa нeгiздeлгeн әpeкeттepдi opындaуғa бeйiмдeлeді. Тoппeн жұмыc кeзiндeгi қaтыcым әpeкeтiндe өз пiкipiн дәлeлдi, дәйeктi, түciнiктi жeткiзугe дaғдылaнaды.
Тапсырманы орындату үшін «Кездесу сағаты (Clock buddies)» әдісі қолданылады.
Оқушыларды алдымен тапсырманың шартымен таныстырады:
- Суреттерде не бейнеленген?
- Бұларға ортақ не бар?
Мәтінге қандай да бір байланысы бар екенін дәлелдеу үшін екі мысал келтір.
Оқушыларға басып шығарылған «Кездесу сағаты» жұмыс парағын ақ параққа өздерінің салуын сұрайды. Содан кейін оқушыларға сағаттың әр уақытының жанына сыныптастарының бірінің атын жаздырады. Оларға мұғалім атаған сағатта сол уақытқа кездесу белгіленген сыныптасының жанына барып, суреттерде не бейнеленгендігін, мәтін мен суретке ортақ не бар екендігін, дәлелдеу үшін қандай екі мысал келтіруге болатындығы туралы сөйлеседі. Мұғалім белгілі уақыттарды атаған сайын олар, сол уақыттың жанында белгіленген сыныптасының жанына барып әңгіме жүргізеді. Осылайша сыныптағы барлық оқушы жеткілікті мәліметпен танысады.
Ықтимал жауаптар. Ортағасырлық шығыс моншасы, қазіргі заманда бұл заттар көнерген болып есептеледі, бұл құралдардың жетілдірілген түрлері қолданыста жүр: құман, леген, отырғыш; шамдал.
Грамматикалық қоржын
Бір түбірден бірнеше туынды сөз жасалуы мүмкін. Ондай сөздерді түбірлес сөздер деп атайды. Мысалы, сурет, сурет-ші, сурет-кер.
Сөздердің мағынасын анықтайық
Мұғaлiм тaпcыpмaны орындатпас бұрын жұрнақтың қызметін сұрақ­жауап арқылы мысал келтіре отырып, оқушылардың есіне түсіреді. Бір түбірден бірнеше сөз жасауға болатынын түсіндіреді. Содан кейін әр қатардағы сөздерді құрамына қарай талдауды бірге орындайды. Талдау барысында әр қатардағы сөздер бір түбірден жа- салған түбірлес сөздер екенін, жұрнақ жалғанған сайын сөздің мағынасы да өзгеретіндігіне көз жеткізеді.
Сөздердің ұқсастықтары мен ерекшеліктерін анықта. Сөздерді көшіріп жазып, сөз құрамына талда.
Су: суар, сушы, сулық, сусын.
Таза: тазала, тазалық, тазару.
Ықтимал жауаптар. су: суар – қимылды біл- діреді; сушы – адамға қатысты сөз; сулық, сусын – заттың аттары.
таза: тазала, тазару – қимыл­әрекетті білдіретін сөздер; тазалық – заттық ұғымды білдіреді.
Дифференциация: Мұғалім кейбір оқушыларға бір түбірден бірнеше сөз жасаудың мысалын бере алады. Мысалы,
сәулет+ші, сәулет+кер;
ал+ғыр, ал+ым, ал+ыс, ал+ғыс;
біл+ім, біл+ік, біл+гіш, біл+гір, біл+ім+ді;
сез+ім, сез+гіш, сез+ік;
көр+ік, көр+гіш.....


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇
  • Автор: Umit
  • 816



Пайдалы сілтемелер:
» Ораза кестесі 2024 жыл. Астана, Алматы, Шымкент т.б. ауыз бекіту және ауызашар уақыты
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу

Соңғы жаңалықтар:
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!
» 2024 жылы студенттердің стипендиясы қанша теңгеге өседі