№ 54-сабақ Бастауыш пен баяндауыштың арасына қойылатын сызықша (3 сынып, II тоқсан )

 № 54-сабақ Бастауыш пен баяндауыштың арасына қойылатын сызықша  (3 сынып, II тоқсан )

Пән: Қазақ тілі
Бөлімі: Сәулет өнері
Тақырыбы: № 54-сабақ. Бастауыш пен баяндауыштың арасына қойылатын сызықша
Оқу мақсаты: 3.2.5.1 түрлі дереккөздерден (мәтін, сөздік, сызба, кесте, карта) берілген тақырып/сұрақ бойынша алған ақпараттарда кездесетін жаңа сөздердің мағынасын сөздіктер арқылы ашу, жүйелеу, мағлұматтардың маңызды тұстарын анықтау;
3.4.2.7 - сөйлемнің тұрлаулы (бастауыш, баяндауыш) және тұрлаусыз мүшелерін ажырату;
3.3.7.2 мұғалім көмегімен бастауыш пен баяндауыштың арасына қойылатын сызықшаның орнын білу және қою.
Сабақтың мақсаты:
Барлық оқушылар:
-контекстегі таныс емес сөздердің мағынасын түсіну үшін анықтамалық материалдарды пайдаланады
- үлгі негізінде сөйлем ішінен тұрлаулы мүшені ажыратып, құрастырады;
- үлгі негізінде бастауыш пен баяндауыштың арасына қойылатын сызықшаның орнын анықтап, тыныс белгісін қолданады
Оқушылардың көбі:
-контекстегі таныс емес сөздер мен сөз орамдарының мағынасын түсіну үшін сөз мағынасын анықтамалық материалдарды пайдалана отырып, мысал келтіре отырып ашады;
-сөйлем сызбасы негізінде тұрлаулы мүшені ажыратып, құрастырады;
- сызба негізінде бастауыш пен баяндауыштың арасына қойылатын сызықшаның орнын анықтайды, сәйкес жай сөйлем құрастыра алады және тыныс белгісін қолданады;
Оқушылардың кейбірі:
-контекстегі таныс емес сөздер мен сөз орамдарының мағынасын түсіну үшін сөз мағынасын тәжірибе арқылы ашады;
-сөйлем ішінде тұрлаулы мүшені ажыратып, құрастырады;
-бастауыш пен баяндауыштың арасына қойылатын сызықшаның орнын біледі, сәйкес жай сөйлем құрастыра алады және тыныс белгісін қолданады.
Сабақ барысы: (Ұ) Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылардың көңіл - күйін дамытуға арналған жаттығулар жүргізіледі.
«Көршімді жақсы білемін бе?» ойыны байқампаздығын байқау үшін жүргізіледі. Оқушылар көршісімен бір-бірімен теріс қарап отырады. Мұғалім ойынды бастайды. Мұғалімнің айтқан пікірі көршісімен сәйкес болса, «иә» дейді. Тексеру үшін көршісіне қарайды.
Мысалы: Менің көршімнің аяққиімінің түсі ақ.
Көршімнің көңіл-күйі жақсы.
Көршімнің оқулығы жабық тұр.
Көршімнің бантигі бар және т.б.
Сабақ тақырыбы және оқу мақсаттары таныстырылады. Оқушыларға бағалау критерийі айтылады.
3.2.5.1 түрлі дереккөздерден (мәтін, сөздік, сызба, кесте, карта) берілген тақырып/сұрақ бойынша алған ақпараттарда кездесетін жаңа сөздердің мағынасын сөздіктер арқылы ашу, жүйелеу, мағлұматтардың маңызды тұстарын анықтау;
1.Оқушылар жануарлардың суреттері арқылы топқа бөлінеді: ит, жылқы, түйе, мысық.
Артық суретті тап ойыны ойналады. «Консенсус» әдісі бойынша орындалады. Оқушы¬лар «Қай сурет артық?» сұрағына жауап табу үшін әр топқа ортақ қағаз таратылады. Мұғалім әр топқа қағаз ұсынады. Әр оқушы қағаздың шетіне өзі тапқан сөзді жазады. Жазып болған соң, топ мүшелері ақылдаса отырып, қағаздың ортасы¬на дұрыс жауапты жазады. Топ ішінен бір оқушы шығып, ойын айтады, себебін түсіндіреді. Қалған топ мүшелері толық түсіну үшін сұрақтар қоя алады не¬месе пікірлер айтады.
Қорытындысында топтарға ортақ сұрақ қойылады?
- Не үшін жануарлардың мүсінін жасайды?
-Мүсінін жауасаушы маманды кім дейді?
«Сәулет өнері» тақырыбына мүсін өнерінің қандай байланысы бары сұралады.
2. Әр топқа бірнеше сөйлемдер таратылады. «Қай топ шапшаң?» ойыны ойналады. Берілген уақыт бойынша тез орындалуы тиіс. Оқушылар сол сөздерді екі топқа бөледі: бастауыш және баяндауыш: Ағаш өсірді. Аққу ұшты. Жылқы кісінейді. Мүсін орнатылды. Құрылысшы салды.
Барлық топқа бірдей сөйлемдер беріледі. «Миға шабуыл» әдісі бойынша оқушылардан сұралады.
- Бастауыш дегеніміз не?
- Сұрақтары қандай?
- Баяндауыш дегеніміз не?
- Сұрақтары қандай?
Топ жұмыстары тексеріледі. Топ мүшелерімен бірге түзетіледі.
3.(Ж).Оқулықтан 13-жаттығу орындалады. Мәтінді оқушылар іштей оқиды. Дауыстап оқиды. Содан соң оқушыларға тапсырма беріледі. Мәтінді «Аквариум» әдісі бойынша талдайды. Тапсырма жұппен орындалады.
Сөздікті пайдаланып, сөздердің мағынасын түсіндіреді: мыс_________________________________________
мүсін_______________________________________
Содан соң мәтінге сүйеніп, кестені толтырады.
Қай жануарға ескерткіш орнатылған?
Ескерткіш қай жерде орналасқан?
Ескерткіш қай металдан құйылған?
Құлагер кімнің тұлпары?
Ол кім?
Дескриптор:
- сөздік арқылы жаңа сөздердің мағынасын анықтайды;
- мәтіннен қажетті ақпаратты анықтап,кестеге түсіреді.
Мұғалім оқушылардың жұмысын қадағалайды. Көмек қажет ететін оқушыларға жәрдем береді.
Саралау. Оқушылар сөздің мағынасын сөздіктен табуға көмек береді. Жұмысты мұғалім бағалайды. Оқушылардың жұмыстары жинап алынады. Неліктен Құлагер, Астана, Көкшетау, Ақан сері сөздерінің бас әріппен жазылуы сұралады........


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇
  • Автор: Umit
  • 1 962



Пайдалы сілтемелер:
» Ораза кестесі 2024 жыл. Астана, Алматы, Шымкент т.б. ауыз бекіту және ауызашар уақыты
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу

Соңғы жаңалықтар:
» 2024 жылы студенттердің стипендиясы қанша теңгеге өседі
» қазақ тілі тестілеуде_келген_сұрақтар_зерттеуші
» Наурыз мейрамы Қазақстанда жаңа форматта тойланады