Бастауыш (3 сынып, II тоқсан )

 Бастауыш (3 сынып, II тоқсан )

Пән: Қазақ тілі
Бөлімі: Сәулет өнері
Тақырыбы: Бастауыш
Оқу мақсаты: 3.2.3.1 мәтін мазмұны бойынша пікір білдіруге бағытталған сұрақтар құрастыру және жауап беру;
3.4.2.7 - сөйлемнің тұрлаулы (бастауыш, баяндауыш) және тұрлаусыз мүшелерін ажырату;
3.3.6.1 кең жолды дәптерде бас әріп пен кіші әріптің биіктігі мен мөлшерін сақтап көлбеу, үзбей және біркелкі жазу, жазу қарқынын жеделдету.
Сабақтың мақсаты:
Барлық оқушылар:
-мәтін мазмұны бойынша пікір білдіруге бағытталған сұрақтарға жауап береді, берілген сұрақтарды пайдаланып пікір білдіруге бағытталған сұрақтар құрастырады;
- үлгі негізінде сөйлем ішінен тұрлаулы мүшені (бастауышты) ажыратып, құрастырады;
-кең жолды дәптерде бас әріп пен кіші әріптің биіктігі мен мөлшерін сақтап көлбеу, үзбей және біркелкі үлгі негізінде жазады.
Оқушылардың көбі:
-мәтін мазмұны бойынша пікір білдіруге бағытталған сұрақтар құрастырады және сұрақтарға жауап береді;
- сөйлем сызбасы негізінде тұрлаулы мүшені (бастауышты) ажыратып, құрастырады;
-кең жолды дәптерде бас әріп пен кіші әріптің биіктігі мен мөлшерін сақтап көлбеу, үзбей және біркелкі орта темппен жазады.
Оқушылардың кейбірі:
-мәтін мазмұны бойынша пікір білдіруге бағытталған сұрақтар құрастырады және өз жауабын негіздеп жауап береді
-сөйлем ішінде тұрлаулы мүшені (бастауышты) ажыратып, құрастырады;
- кең жолды дәптерде бас әріп пен кіші әріптің биіктігі мен мөлшерін сақтап көлбеу, үзбей және біркелкі шапшаң жазады.
Сабақ барысы: (Ұ) Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылардың көңіл - күйін дамытуға арналған жаттығу жүргізіледі.
«Сәлемдесу» ойыны:
-Қазір біз сендермен ойын ойнаймыз, қимылды тез жасауларың керек. «Бастаймыз» деген белгі берілгенде, мен қалай амандасу керек екенін айтамын, сонда сендер бір – біріңмен тез - тез амандасуларың қажет. Достарша амандасу; ғарышкерлер; сәулетшілер; балықшылар, футболшылар, оқушылар ретінде.
Сабақ тақырыбы және оқу мақсаттары таныстырылады. Оқушыларға бағалау критерийі айтылады.
(Т) 3.2.3.1 мәтін мазмұны бойынша пікір білдіруге бағытталған сұрақтар құрастыру және жауап беру;
Оқушылар киіз үйдің түрлерін таңдау арқылы топқа бөлінеді. Әр топқа киіз үй макеті беріледі. «Түртіп алу» әдісі бойынша топта жүргізіледі. Оқушылар белгіленген уақыт ішінде киіз үйдің құрылысын жазып шығуы тиіс.
Маған таныс Мен үшін жаңа Тереңірек білгім келеді.
Топ мүшелері орындап болған соң бір-бірімен жұмыстарын алмастырады. Киіз үй сүйектері тексеріледі, түзету жасалады. Дұрыс болған топ мүшелері бас бармақтарын көрсетіп, жұмыстарының дұрыс орындалғаны туралы белгі береді. Осы тапсырмада «сықырлауық», «босаға» сөздерінің мағынасы ашылады (сықырлауық – киіз үйдің ағаштан жасалған есігі). Киіз үй есігі тек қана ішке қарай ашылады.
(Ж) 3.2.3.1 мәтін мазмұны бойынша пікір білдіруге бағытталған сұрақтар құрастыру және жауап беру;
1.Оқушылар оқулықтан 5-жаттығуды орындайды. «Консенсус» әдісі бойынша таладанады. Алдымен іштей оқиды. Содан соң екі бөлікті екі оқушы оқиды. Оқушылар жұптаса отырып, «Сұрағын тап» әдісі бойынша сұрақтарға жазбаша жауап береді.
- Ата-бабамыз неліктен киіз үйлерді пайдаланған?
- Киіз үйдің негізгі бөлшектеріне нелер жатады?
- Кереге неден жасалады?
2.(Т) Мәтіннің мазмұны бойынша пікір білдіруге болатындай етіп бір сұрақ құрастырып жазу тапсырылады. «Стикерлер стратегиясы» әдісі бойынша топтар бір-бірінің құрастырған сұрақтарын тексереді.
Құрастырылған сұрақтарды топтар сағат тілі бағытымен басқа топқа жібереді. Олар жапсырма қағазға пікірін жазады.
Саралау: «Блум түймедағы» әдісі бойынша шығармашылық немесе интерпретациялық сұрақтар талап етіледі.
Дескриптор:
-мәтіннің мазмұны бойынша сұрақтарға жауап береді;
-мәтін бойынша пікір білдіруге бағытталған сұрақ құрастырады;
- сұрақтың құрылымын сақтайды.
3.Қалыптастырушы бағалау өзара бағалау арқылы жүзеге асырылады. Әр топ келесі топ туралы пікірлерін айтады.
4. Киіз үй жиһаздары қалай өзгерді?
Мына суреттер бойынша не айтуға болады?

Оқушылар жұпатаса отырып, ақылдасады. «Фишбон» әдісі бойынша жұмыс жүргізеді. Өз ойларын топта талқылап, ортада «Ашық микрофон» әдісі бойынша қорғайды.
Не өзгерді?
Қорытынды
Не өзгермеді?
5. Сергіту сәті. Оқушылар қимыл жаттығуларын жасайды.
Дөңгеленіп тұрайық.
Шеңберді біз құрайық
Кереге болып керіліп,
Уықтар болып иіліп,
Шаңыраққа керіліп,
Киіз үй біз құрайық.
Сықырлауықты да ұмытпай,
Оны жауып қояйық.
6.(Ө). 3.3.6.1 кең жолды дәптерде бас әріп пен кіші әріптің биіктігі мен мөлшерін сақтап көлбеу, үзбей және біркелкі жазу, жазу қарқынын жеделдету.
Оқушылар оқулықта берілген 6-жаттығуды көркем етіп көшіріп жазады. Оқушылардың бас әріп пен кіші әріптің биіктігі мен мөлшерін сақтап, оларды байланыстырып, көлбеу және таза жазуы қадағаланып, бағыт беріледі.
Дескриптор:
- сөйлемдерді қатесіз көшіреді;
- бас әріп пен кіші әріптің биіктігін сақтайды;
- бас әріп пен кіші әріптің мөлшерін сақтайды;
- сөздерді, әріптерді үзбей, көлбеу жазады;
- әріптердің дұрыс байланысын көрсетеді.
Қалыптастырушы бағалау мұғалімнің бағалауы арқылы жүзеге асырылады. Мұғалім оқушылардың жұмысын қадағалайды.
(Ж) 3.4.2.7 сөйлемнің тұрлаулы (бастауыш, баяндауыш) және тұрлаусыз мүшелерін ажырату;
Сөйлемде қарамен жазылған сөздерге назар аударылады. Оқушылар жұптаса отырып сұрақ қояды.
- Киіз үй, атам, балалар сөзінен не байқадыңдар?
- Сөйлем ішіндегі сөздерге Кім? Кімдер? Не? Кімі? Кімің? Несі? сұрақтары қойылса, ол сөйлемнің бас мүшесі – бастауыш болады. Ол қимылдың иесін білдіреді. Оны бір сызықпен сызады.
Киіз үй тігілді. Атам төрге жайғасты. Балалар далада ойнады.
Оқушылар өз беттерімен оқулықта берілген ережені оқиды. «Бастауышты табайық» дидактикалық ойын. Тақтадан сөйлемдегі бастауышты табады.
.... ұшып кетті. .... жауды. .... көрінді.
(Т). Оқулықта берілген (7-жаттығу) сурет бойынша әңгімелету мақсатында «Суретті әңгімеле» стратегиясы қолданылады. Оқушылардың назары сюжетті суретке аударылады. Әр топ мәтін бойынша әрқайсысы үш сөйлем ойлайды. Жазған сөйлемдерінен бастауышты табады.
Дескриптор:
- сурет бойынша үш сөйлемді ойлап табады;
- бастауышты анықтайды;
- сұрақ қояды.
Қалыптастырушы бағалау мұғалімнің бағалауы арқылы жүзеге асырылады. .....


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇
  • Автор: Umit
  • 3 801



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Ораза айт намазы уақыты Қазақстан қалалары бойынша
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!