» » » » Қазақ тілінен сабақ жоспары: №5 сабақ Түбір және туынды сөз (3 сынып, II тоқсан )

Қазақ тілінен сабақ жоспары: №5 сабақ Түбір және туынды сөз (3 сынып, II тоқсан )

Қазақ тілінен сабақ жоспары: №5 сабақ Түбір және туынды сөз  (3 сынып, II тоқсан ) казакша Қазақ тілінен сабақ жоспары: №5 сабақ Түбір және туынды сөз  (3 сынып, II тоқсан ) на казахском языке
Пән: Қазақ тілі
Бөлімі: Сәулет өнері
Сабақ тақырыбы: №5 сабақ Түбір және туынды сөз
Оқу мақсаты: 3.4.2.1* негізгі түбірге жұрнақтар жалғау арқылы туынды сөз жасау, түбірлес сөздердің мағынасын ажырату
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары: (оқу бағдарламасына сілтеме) Барлық оқушылар:
• мәтіннің тақырыбы мен негізгі ойын анықтаймыз;
• түбірлес сөздер жасап үйренеміз.
Оқушылардың көбі:
негізгі түбірге жұрнақтар жалғау арқылы туынды сөз жасауды
Оқушылардың кейбірі:
түбірлес сөздердің мағынасын ажыратуды
Сабақтың мақсаты:
• мәтіннің тақырыбы мен негізгі ойын анықтаймыз;
• түбірлес сөздер жасап үйренеміз.
Сабақ барысы: Ұйымдастыру кезеңі. Психологиялық ахуал
Біз білімді баламыз,
Жақсы оқи аламыз
Қуантамыз ананы
Қуантамыз ұстазды
Үй тапсырмасын тексеру. Сөйлемдерді түсініп оқы. Туынды сөздерді теріп жазып, түбірі мен қосымшасын тауып, белгіле.
Туған жерді құрметтеу – азаматтық белгісі. Баланы туған жеріне аунатып алатын ырым бар. Бұл бала отаншылда болсын деген ұғымнан туған.
Аналардың «ақ сүтін ақталды» дегені – балаларына ризашылықтың белгісі. Сондықтан әр бала кішкентай кезінен ата-анасын тыңдауы, сыйлауы қажет.
«Балдырған» журналынан
Оқушыларға осы суреттер көрсетіледі. Бұл суреттер туралы не білетіндері сұралады.
Сабақтың тақырыбы мен мақсаты хабарланады.
3.4.2.1 негізгі түбірге жұрнақтар жалғау арқылы туынды сөз жасау, түбірлес сөздердің мағынасын ажырату
(МК, Ұ) Мәтінді түсініп оқы. Туынды сөздерді теріп жазып, сөз құрамына талда.
Бұлақ тазалық пен су көзі есебінде қасиетті деп саналады. Сондықтан «Бұлақ көрсең көзін аш» деген өсиет сөз қалған.
Аңшының қақпаны, етікшінің бізі қасиетті зат есебінде сақталады. Олар ешкімге берілмейді, сатылмайды.
Ежелгі қала орны, ата-баба жұрты киелі орындар деп есептелген. Мұндай орындар барлық мемлекеттерде қамқорлыққа алынған.
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен Астанада ЭКСПО-2017 көрмесі салынды.
«Нұр әлем» атты үлкен шар – көрменің негізгі сәулет ғимараты. Көрме ғимараты қуатты күн сәулесінен алады
Ғимараттың өзі энергия мен жылуды өндіріп, бір жерге жинақтайды. Жылуды жер астында сақтайтын арнайы
бөлмелер болады. Сондықтан оны «Болашақ энергиясы» деп атайды. Ол Қазақстанның ұлттық жобасы болып саналады.
Бұл еліміздің ең тамаша көрмесіне айналды.

(Ұ)Сұрақтарға жауап бер.
1) Мәтіннің алғашқы сөйлемін оқы. Мәтінде не туралы айтылған? Ойыңды дәптеріңе жаз.
2) Мәтінді әрі қарай оқы. Мазмұны сенің ойыңмен сәйкес келе ме? Салыстыр.
3) Ғимараттың ерекшелігі туралы қай сөйлемде айтылған? Анықта.
4) Бұл сөйлем мәтіннің негізгі ойы бола ала ма? Дәлелде.
Ғажап көрме
Елімізде жас қала,
Ол – әйгілі Астана.
Елбасымыз көтерген
Көп өміршең бастама.
Жасартып тез қаланы,
Жаңартып қос жағаны,
Арнасында толықсып,
Есіл баяу ағады.
Ақ Ордалы Бас қала,
Ол – ғажайып Астана.
Сәулетті де дәулетті,
Құт, бақытқа баспана.
***
Гүлзарларға бөленген
Есілімнің сол беті.
Көрмені кеп көрем мен
Ол – ЭКСПО-17.
Көрмегім де көп екен,
Жетерме екем, сірә мен.
Қарайды, әне, төбеден
Керемет шар – «Нұрлы әлем».
Сол керемет ішінде
Ұлтымның бар өрнегі.
Кім көріпті түсінде
Мұндай ғажап көрмені.
***
Мынау сайын далада
Бой көтерген қалаға,
Шетелдіктер құмартып,
Таппай отыр балама.
Отан даңқы өрлесін,
Келген қонақ төрлесін.
Көрсін бәрі таңырқап
Болашақтың көрмесін.
Талайдың бар келгісі,
Қуат берсе жел күші,
Табиғатпен жанасу –
Мәңгіліктің белгісі.
Игі істерді бастаған
Ел ордасы – Астанам.
Мәңгілік ел ұланы
Мен болам деп шаттанам,
Елім үшін мақтанам.
Тілеуғазы Бейсембек
(Ө,Қ) Бақылау диктантын жазу.
Мәтіндегі туынды сөздерді анықтау. Сөз құрамына талдау. Сәулет өнерінің түрін анықтау
Тапсырма:
1 Туынды сөздерді тап.
2 Сөз құрамына талда.
3 Сәулет өнерінің түрін анықта.
(Ұ) Анықтайық
Түбір сөздер мен туынды сөздерді топтастырып жаз. Туынды сөздердің жасалу жолын анықтап, сөз құрамына талда.
Бала, сыйлық, оқу, тазалық, тату, балалық, татулық, сый, оқулық.
(Т) Бірге орындайық!
1. Мәтінді мұқият оқы.
2. Мәтінде асты сызылған сөздердің түбірін тап. Бұлар қандай сөздер? Мысалдар келтір.
3. Мәтіндегі негізгі ойды білдіретін сөйлемді тап, көшіріп жаз.
Алматыдағы көрікті ғимараттың бірі – цирк. Ол басқа ғимараттардың ішінен ерекше көзге түседі. Сыртқы көрінісі шаңырақ пен көшпенділер шатырына ұқсайды. Зал көрермендер үшін жайлы және қолайлы. Гимнастар өнер көрсететін күмбезде ауа таза болуы үшін ауа сорғысы қойылған. Шатырының материалы мен ерекше пішіні аптап ыстықтарда ысып кетуден сақтайды........



Полную версию материала можете скачать на сайте zharar.com через 30 секунд !!!

Автор: Umit | 132 |


Комментарии для сайта Cackle

Загрузка...
Рекомендуем:
Қазақ тілінен сабақ жоспары: №6 сабақ Туынды сөз (3 сынып, II тоқсан )
Қысқа мерзімді сабақ жоспары [ҚМЖ] жинағы
Қазақ тілінен сабақ жоспары: №6 сабақ Туынды сөз (3 сынып, II тоқсан )
Қазақ тілінен сабақ жоспары: Өткенді пысықтау «Сәулет өнері» ортақ тақырыбы бойынша жиынтық бағалау (3 сынып, II тоқсан )
Қысқа мерзімді сабақ жоспары [ҚМЖ] жинағы
Қазақ тілінен сабақ жоспары: Өткенді пысықтау «Сәулет өнері» ортақ тақырыбы бойынша жиынтық бағалау (3 сынып, II тоқсан )
Қазақ тілінен сабақ жоспары: №4 сабақ Түбір және туынды сөз (3 сынып, II тоқсан )
Қысқа мерзімді сабақ жоспары [ҚМЖ] жинағы
Қазақ тілінен сабақ жоспары: №4 сабақ Түбір және туынды сөз (3 сынып, II тоқсан )
Қазақ тілінен сабақ жоспары: 42-сабақ Түбір сөз және туынды сөз  (3 сынып, II тоқсан )
Қысқа мерзімді сабақ жоспары [ҚМЖ] жинағы
Қазақ тілінен сабақ жоспары: 42-сабақ Түбір сөз және туынды сөз (3 сынып, II тоқсан )
Қазақ тілінен сабақ жоспары: № 49-сабақ Нәтиже сабақ Мен не үйрендім? (3 сынып, II тоқсан )
Қысқа мерзімді сабақ жоспары [ҚМЖ] жинағы
Қазақ тілінен сабақ жоспары: № 49-сабақ Нәтиже сабақ Мен не үйрендім? (3 сынып, II тоқсан )
Қазақ тілінен сабақ жоспары: 43-сабақ Түбірлес сөздер  (3 сынып, II тоқсан )
Қысқа мерзімді сабақ жоспары [ҚМЖ] жинағы
Қазақ тілінен сабақ жоспары: 43-сабақ Түбірлес сөздер (3 сынып, II тоқсан )
Қазақ тілінен сабақ жоспары: 44-сабақ Түбірлес сөздер (3 сынып, II тоқсан )
Қысқа мерзімді сабақ жоспары [ҚМЖ] жинағы
Қазақ тілінен сабақ жоспары: 44-сабақ Түбірлес сөздер (3 сынып, II тоқсан )
Қазақ тілінен сабақ жоспары: №127 Сөз және оның құрамы (3 сынып, IV тоқсан )
Қысқа мерзімді сабақ жоспары [ҚМЖ] жинағы
Қазақ тілінен сабақ жоспары: №127 Сөз және оның құрамы (3 сынып, IV тоқсан )
Қазақ тілінен сабақ жоспары: Шытырман оқиғаларды зерттеу Шығыс моншасы Түбірлес сөздер (3 сынып, II тоқсан )
Қысқа мерзімді сабақ жоспары [ҚМЖ] жинағы
Қазақ тілінен сабақ жоспары: Шытырман оқиғаларды зерттеу Шығыс моншасы Түбірлес сөздер (3 сынып, II тоқсан )
Қазақ тілінен сабақ жоспары: № 50-сабақ  БІЗДІҢ ЖОБАМЫЗ (3 сынып, II тоқсан )
Қысқа мерзімді сабақ жоспары [ҚМЖ] жинағы
Қазақ тілінен сабақ жоспары: № 50-сабақ БІЗДІҢ ЖОБАМЫЗ (3 сынып, II тоқсан )
Қазақ тілінен сабақ жоспары: №45-сабақ Түбір мен қосымшаның жазылуы (3 сынып, II тоқсан )
Қысқа мерзімді сабақ жоспары [ҚМЖ] жинағы
Қазақ тілінен сабақ жоспары: №45-сабақ Түбір мен қосымшаның жазылуы (3 сынып, II тоқсан )
Қазақ тілінен сабақ жоспары: 41-сабақ Түбір сөз және туынды сөз (3 сынып, II тоқсан )
Қысқа мерзімді сабақ жоспары [ҚМЖ] жинағы
Қазақ тілінен сабақ жоспары: 41-сабақ Түбір сөз және туынды сөз (3 сынып, II тоқсан )

KZ / Сабақ жоспары жинағы / Қысқа мерзімді сабақ жоспары [ҚМЖ] жинағы, сабақ жоспары №5 сабақ Түбір және туынды сөз 3 сынып қазақ тілі, қазақ тілінен қмж кмж қысқа мерзімді сабақ жоспары, поурочные планы на казахском языке, казак тили кыска мерзимди сабак жоспары, №5 сабақ Түбір және туынды сөз, сабақ жоспары №5 сабақ Түбір және туынды сөз 3 сынып қазақ тілі қазақ тілінен қмж кмж қысқа мерзімді сабақ жоспары поурочные планы на казахском языке казак тили кыска мерзимди сабак жоспары №5 сабақ Түбір және туынды сөз, Қазақ тілінен сабақ жоспары: №5 сабақ Түбір және туынды сөз (3 сынып, II тоқсан )