42-сабақ Түбір сөз және туынды сөз (3 сынып, II тоқсан )

 42-сабақ Түбір сөз және туынды сөз  (3 сынып, II тоқсан )

Пән: Қазақ тілі
Бөлім: Уақыт
Сабақ тақырыбы: 42-сабақ Түбір сөз және туынды сөз
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары: 3.2.4.1 өз бетінше мәтіннің тақырыбын және мұғалімнің көмегімен негізгі ойды анықтау;
3.4.2.1 негізгі түбірге жұрнақтар жалғау арқылы туынды сөз жасау, түбірлес сөздердің мағынасын ажырату.
3.3.5.1 жіберілген пунктуациялық, орфографиялық, грамматикалық және стилистикалық қателерді мұғалімнің қолдауымен тауып, түзету
Сабақ мақсаты:
Барлық оқушылар:
- мұғалімнің қолдауымен мәтіннің тақырыбын, ондағы негізгі ойды анықтайды;
- түбір сөзге жұрнақтар жалғау арқылы туынды сөз жасайды;
- мұғалімнің қолдауымен жіберілген пунктуациялық, грамматикалық қателерді тауып, түзетеді;
Оқушылардың көбі:
- мәтіннің тақырыбын, мұғалімнің қолдауымен ондағы негізгі ойды анықтайды;
- туынды сөздердің құрамына ажырата алады;
- жіберілген пунктуациялық, грамматикалық қателерді үлгі/талдау негізінде тауып, түзетеді;
Оқушылардың кейбірі:
- мәтіннің тақырыбы мен ондағы негізгі ойды анықтай
алады;
- туынды сөздердің жасалу жолын түсіндіре алады,
туынды сөз жасайтын жұрнақтарды атай алады;
- жіберілген пунктуациялық, грамматикалық қателерді
тауып, түзетеді;
Сабақ барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі.
(Ұ, Ж) «Он сұрақ» әдісі
Мұғалім кез-келген бір оқушыны ортаға шақырады. Оның маңдайына тақырып (түбір сөз, туынды сөз т б) жазылған стикерді жабыстырады. Оқушы сыныпқа он сұрақ қояды. Оқушылар сұраққа қысқаша «ия», «жоқ» деп жауап қайтарады.
Мысалы:
• Қосымша екіге бөлінеді ме? (ия)
• Сөздің одан әрі бөлінбейтін бөлігі жұрнақ па? (жоқ)
• Түбірге жұрнақ жалғағанда туынды сөз шыға ма? (ия) т б
Сабақ тақырыбы және оқу мақсаттары таныстырылады. Оқушыларға бағалау критерийі айтылады.
ІІ. Негізгі бөлім
(МК, Ө) Көркем жазу.
Кең жолды дәптерге жазу үлгісін көрсету.
Оо ООО ооо Отан озық олжа оңға оқымысты оқушы отбасы
3.2.4.1, 3.4.2.1 (Т,Ж;МК; Т) 18-жаттығу. Мәтінмен жұмыс.
Мәтінді түсініп оқы Ұтымды жауап
• Мәтін кім туралы?
• Ә. Қастеев туралы не білесің?
• Ә. Қастеевтің Н. Г. Хлудовқа берген жауабын топта талқыла. Ол неліктен солай жауап берді?
• Мәтін кімнің атынан баяндалып тұр?
• Мәтіннен туынды сөздерді тап.
Оқушылардың топтық жұмысы ұйымдастырылады. Берілген сұрақтарға жауап алу арқылы мәтіннің негізгі ойы анықтатылады. Атақты суретші туралы не білетіндерін әңгімелеп, ой бөліседі. Сонымен қатар Ә. Қастеевтің Н.Г. Хлудовқа берген жауабын топта талқылайды. Мәтіннің кімнің атынан баяндалып тұрғанын анықтайды. Мәтіннен туынды сөздерді тауып, дәптерге қатесіз көшіріп жазады.
Бағалау дескрипторы:
- мәтінді түсініп оқиды;
- мәтіндегі сұрақтарға жауап береді;
- мәтіннің негізгі ойын анықтайды;
- мәтіннен туынды сөздерді табады;
3.4.2.1, 3.3.5.1 (ҰЖ) Шығармашылық диктант
• Көп нүктенің орнына тиісті жұрнақты қойып, туынды сөз жаса.
Мен бақытты баламын.
Мен бақыт… баламын ,
Шырқап әнге саламын.
Егемен... елімнің,
Жұлдызы боп жанамын.
Каирова К. У.
Оқушылар шығармашылық диктантты топта талқылап, дәптерлеріне көшіріп жазады. Туынды сөздің жасалу жолына назар аударады.
Бағалау дескрипторы:
- Көп нүктенің орнына тиісті жұрнақты қояды;
- Туынды сөз жасайды;
- Қатесіз көшіріп жазады;
3. 4.2.1, 3.3.5.1 (МК; Ө; Ұ; Қ) 19-жаттығу. Мақалдың қатесін түзеп жаз.
• Туынды сөздерді тауып, оларды сөз құрамына талда.
• Мақалдың мағынасын қалай түсінгенінді айт
Оқушылар тапсырманы жұпта орындайды. Болған соң ортаға шығып ой бөліседі. Соңында дәптерге көшіріп жазады.
Бағалау дескрипторы:
- мәтіннен туынды сөздерді табады, сөз құрамына талдайды;
- қателерді түзеп жазады;
3. 4.2.1 (МК; Ө; Ұ; Қ) 20-жаттығу. Берілген жұрнақтардан жаңа сөз жаса.
• Берілген жұрнақтарды қандай сөздерге қосып жаңа сөз жасауға болады? (саралау)
• Жасаған жаңа сөздерінің мағынасын түсіндір.
Ой сергек!
Бейнежазбадағы әуен ырғағымен билеу.
3.4.2.1, 3.3.5.1 Шығармашылық үзіліс. Саралау. «Балық аулау» ойыны
Түбір сөз бен туынды сөзді тап!
1-топ
Түбір сөздерді тап
егін, сүт, қазан, жастық, егінші, есеп, өнер, сегіз, ойыншық, аспаз
2-топ
Туынды сөздерді тап
сызғыш, жазушы, балапан, сөз, торсық, дүкенші, ерлік, дәптер, сүзгіш, тапқыр
Оқушылар екі топқа біріктіріледі. Ойын шарты түсіндіріледі.Әр топқа берілген тапсырмаларды өзара ақылдасып, дұрыс шешім қабылдайды. Топтар білімдерін ортаға салады. Балықты көп аулаған топ жеңімпаз атанады. Болған соң дәптерге қатесіз көшіріп жазады.
Бағалау дескрипторы:
- жұрнақтардан жаңа сөз жасайды;
- түбір сөздерді табады;
- туынды сөздерді ажырата алады;
- сөздерді қатесіз жазады......


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇
  • Автор: Umit
  • 3 090



Пайдалы сілтемелер:
» Ораза кестесі 2024 жыл. Астана, Алматы, Шымкент т.б. ауыз бекіту және ауызашар уақыты
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу

Соңғы жаңалықтар:
» 2024 жылы студенттердің стипендиясы қанша теңгеге өседі
» қазақ тілі тестілеуде_келген_сұрақтар_зерттеуші
» Наурыз мейрамы Қазақстанда жаңа форматта тойланады