» » » » Қазақ тілінен сабақ жоспары: №9-сабақ Бастауыш пен баяндауыштың арасына қойылатын сызықша (3 сынып, II тоқсан )

Қазақ тілінен сабақ жоспары: №9-сабақ Бастауыш пен баяндауыштың арасына қойылатын сызықша (3 сынып, II тоқсан )

Қазақ тілінен сабақ жоспары: №9-сабақ  Бастауыш пен баяндауыштың арасына қойылатын сызықша (3 сынып, II тоқсан ) казакша Қазақ тілінен сабақ жоспары: №9-сабақ  Бастауыш пен баяндауыштың арасына қойылатын сызықша (3 сынып, II тоқсан ) на казахском языке
Пән: Қазақ тілі
Бөлімі: Уақыт
Сабақ тақырыбы: №9-сабақ. Бастауыш пен баяндауыштың арасына қойылатын сызықша.
Оқу мақсаты: 3.2.3.1 мәтін мазмұны бойынша пікір білдіруге бағытталған сұрақтар құрастыру және жауап беру
3.3.7.2 мұғалім көмегімен бастауыш пен баяндауыштың арасына қойылатын сызықшаның орнын білу және қою;
3.3.5.1 жіберілген пунктуациялық, орфографиялық, грамматикалық және стилистикалық қателерді мұғалімнің көмегімен тауып, орфографиялық сөздік пен анықтамалық арқылы түзету;
Сабақтың мақсаты:
Барлық оқушылар:
• мәтін мазмұны бойынша пікір білдіруге бағытталған сұрақтарға жауап береді, сұрақтарды пайдаланып пікір білдіруге бағытталған сұрақтар құрастырады;
• үлгі негізінде бастауыш пен баяндауыштың арасына қойылатын сызықшаның орнын анықтап, тыныс белгісін қолданады;
• мұғалімнің қолдауымен жіберілген пунктуациялық, грамматикалық қателерді тауып, түзетеді;
Оқушылардың көбі:
• мәтін мазмұны бойынша пікір білдіруге бағытталған сұрақтар құрастырады және сұрақтарға жауап береді;
• сызба негізінде бастауыш пен баяндауыштың арасына қойылатын сызықшаның орнын анықтайды, сәйкес жай сөйлем құрастыра алады және тыныс белгісін қолданады;
• жіберілген пунктуациялық, грамматикалық қателерді үлгі/талдау негізінде тауып, түзетеді;
Оқушылардың кейбірі:
• мәтін мазмұны бойынша пікір білдіруге бағытталған сұрақтар құрастырады және өзжауабын негіздеп жауап береді;
• бастауыш пен баяндауыштың арасына қойылатын сызықшаның орнын біледі, сәйкес жай сөйлем құрастыра алады және тыныс белгісін қолданады;
• жіберілген пунктуациялық, грамматикалық қателерді тауып, түзетеді;
Сабақ барысы: І. (Ұ) Ұйымдастыру кезеңі.
«Ыстық лебіз»
Шеңберге жиналып, бір-біріне жылы лебіз, тілек айту.
«Артық затты тап» ойыны
- Сағат не үшін қажет ?
-Неліктен уақытты білу маңызды?
-Уақытты тағы нелермен өлшеуге болады ?
ІІ. Сабақтың тақырыбы мен мақсатын анықтау.
Сабақ тақырыбы және оқу мақсаттары таныстырылады. Оқушыларға бағалау критерийі айтылады.
(МК, Ө) Көркем жазу
Мұғалім сөйлемдегі сөздердің әріптерінің байланысып жазылуын еске түсіреді.
Уақытты зая кетіру – орны толмас өкініш.
-Нақыл сөздің мағынасын қалай түсінесіңдер?
ІІІ. (Ж ) 3.3.7.2
Сөйлемдердің айырмашылығы мен ұқсастығын анықта.
Айгүл – биші.
Тышқан – жыл басы.
Уақыт – қымбат нәрсе. Айгүл мереке күні биледі.
Азат тышқан жылы туды.
Уақытты пайдалана білу керекпіз.
-Екі бағандағы сөйлемдердің баяндауыштарын тауып,оларға сұрақ қой, салыстыр.
- Бастауыш пен баяндауышқа бірдей сұрақ қойылған сөйлемдердің тыныс белгісіне, оқылу ырғағына назар аудар.
-Не байқадың?
-Қандай қорытынды жасадың?
Ереже
Бастауыш та, баяндауыш та зат есімнен жасал¬са, бастауыштан кейін сызықша (- )қойылады: Тышқан – жыл басы.Уақыт – қымбат нәрсе.
Дескриптор:
-бастауыш пен баяндауыштың арасына қойылатын сызықшаның орнын анықтайды;
-тыныс белгісін қолданады;
Саралау:
Бастауыш пен баяндауыштың арасына қойылатын тыныс белгісін дәлелдеу кезінде «өйткені», «себебі», «сондықтан» көмекші сөздерін қолданып сөйлеуі қадағаланады.
ІҮ. (Ө,Ұ,Т) 3.2.3.1
1.Өлеңді оқы. Қарамен берілген сөздердің айтылуы мен жазылуын салыстыр.
Апта
Бүгінгі күн – Дүйсенбі:
Құрал тауып тиісті,
Қолға аламын бір істі.
Ертеңгі күн – Сейсенбі:
Жұқа тақтай кесемін,
Қажет тұсын тесемін.
Бүрсігүнім – Сәрсенбі:
Құрастырып шетінен;
Шегелеймін, бекітем.
Арғы күнім – Бейсенбі:
Артық жерін қырнаймын,
Әдемілеп, сырлаймын.
Ауыр күнде – Жұмада:
Ағаш ұям
Жаздайын
Тұрар орын таңдаймын.
Соңғы күні – Сенбіде:
Төсек мамық – «кілемін»,
Үйшігімді ілемін.
Жеті күнім – бір Апта
Жету үшін мұратқа
Апта бойы құр жатпай,
Алға қарай бір атта!
Е.Өтетілеуұлы
2. (Т) Өлең мазмұны бойынша пікір білдіруге бағытталған сұрақтар құрастыру және жауап беру. Топ пайымдауларын ортаға салу.
«Сұрақ қою, қайтадан сұрақ қою» стратегиясы арқылы жүзеге асырылады.
Саралау
- Өлеңде балаға қандай кеңес берілген?
- Өлеңнің әр тармағына сұрақ қой.
-Сөйлемдегі бастауыш пен баяндауышты анықта.
-Олар қандай сұраққа жауап береді?
-Автор неліктен өлеңді «Апта» деп атаған деп ойлайсың?
Дескриптор:
-мәтіннің мазмұны бойынша пікір білдіретін сұрақтар құрастырады;
-мәтін мазмұны бойынша сұрақтарға жауап береді;
Ү.Сергіту сәті.
Оқушылар қимыл – қозғалыс арқылы жасайды.
Дүйсенбіде доп ойнадық алаңда,
Сейсенбіде серуен құрдық далада,
Сәрсенбіде сурет салдық сәндетіп,
Бейсенбіде би биледік әндетіп,
Жұма күні жидек тердік ағаштан,
Сенбі күні кино көрдік театрдан,
Жексенбіде үйде болдық демалдық
Осылайша өте шықты бір апта
(Т,МК,Қ) «Орныңды тап» ойыны бойынша тапсырманы орындау. Сөйлем құрылымын негіздеу.
Сөйлемдерді үлгі бойынша тексеру.
Тулақ – жүні қырқылған, иленбеген, кептірілген шикі тері.
Күләш Байсейітова – атақты әнші.
Тышқан жылы – тыңғылықты жыл басы.
Қорқыт – қобызшы, ұлы сазгер әрі жыршы.
Бөгенбай – қазақ халқының даңқты батыр ұлы.
Оқушыларды топтастырып, әр топқа жеке-жеке қима қағаздарға жазылған сөйлем құрамына кіретін сөздер мен тыныс белгісін бала санына байланысты ұсыну.Ұсынылған сөздер мен тыныс белгісін пайдаланып, сөйлем құрастыруға және орындарын тауып, бір сызық бойымен орналасуына уақыт беріледі. Үлгі бойынша сөйлемдер тексеріледі. Әр сөйлемдегі баяндауыш пен бастауыш анықтатылады. Екі сөйлемді жатқа жаздыртады, өзара тексеріледі.
Дескриптор:
- қателерді тауып түзете алады;
- сауатты жазуға үйренеді;.....



Полную версию материала можете скачать на сайте zharar.com через 30 секунд !!!

Автор: Umit | 225 |


Комментарии для сайта Cackle

Загрузка...
Рекомендуем:
Қазақ тілінен сабақ жоспары: №120-сабақ Мәтін және сөйлем Ашықхат жазу (3 сынып, IV тоқсан )
Қысқа мерзімді сабақ жоспары [ҚМЖ] жинағы
Қазақ тілінен сабақ жоспары: №120-сабақ Мәтін және сөйлем Ашықхат жазу (3 сынып, IV тоқсан )
Қазақ тілінен сабақ жоспары: №8 сабақ Мәтінмен жұмыс (3 сынып, IV тоқсан )
Қысқа мерзімді сабақ жоспары [ҚМЖ] жинағы
Қазақ тілінен сабақ жоспары: №8 сабақ Мәтінмен жұмыс (3 сынып, IV тоқсан )
Қазақ тілінен сабақ жоспары: № 5 сабақ Ынтымақ күні (3 сынып, IV тоқсан )
Қысқа мерзімді сабақ жоспары [ҚМЖ] жинағы
Қазақ тілінен сабақ жоспары: № 5 сабақ Ынтымақ күні (3 сынып, IV тоқсан )
Қазақ тілінен сабақ жоспары: Бақылау диктанты (3 сынып, III тоқсан )
Қысқа мерзімді сабақ жоспары [ҚМЖ] жинағы
Қазақ тілінен сабақ жоспары: Бақылау диктанты (3 сынып, III тоқсан )
Қазақ тілінен сабақ жоспары: 71-сабақ Негізгі және туынды зат есім (3 сынып, III тоқсан )
Қысқа мерзімді сабақ жоспары [ҚМЖ] жинағы
Қазақ тілінен сабақ жоспары: 71-сабақ Негізгі және туынды зат есім (3 сынып, III тоқсан )
Қазақ тілінен сабақ жоспары: №11-сабақ Мазмұндама (3 сынып, III тоқсан )
Қысқа мерзімді сабақ жоспары [ҚМЖ] жинағы
Қазақ тілінен сабақ жоспары: №11-сабақ Мазмұндама (3 сынып, III тоқсан )
Қазақ тілінен сабақ жоспары: № 55-сабақ Тұрлаулы мүшелер (3 сынып, II тоқсан )
Қысқа мерзімді сабақ жоспары [ҚМЖ] жинағы
Қазақ тілінен сабақ жоспары: № 55-сабақ Тұрлаулы мүшелер (3 сынып, II тоқсан )
Қазақ тілінен сабақ жоспары: № 54-сабақ Бастауыш пен баяндауыштың арасына қойылатын сызықша  (3 сынып, II тоқсан )
Қысқа мерзімді сабақ жоспары [ҚМЖ] жинағы
Қазақ тілінен сабақ жоспары: № 54-сабақ Бастауыш пен баяндауыштың арасына қойылатын сызықша (3 сынып, II тоқсан )
Қазақ тілінен сабақ жоспары: № 49-сабақ Нәтиже сабақ Мен не үйрендім? (3 сынып, II тоқсан )
Қысқа мерзімді сабақ жоспары [ҚМЖ] жинағы
Қазақ тілінен сабақ жоспары: № 49-сабақ Нәтиже сабақ Мен не үйрендім? (3 сынып, II тоқсан )
Қазақ тілінен сабақ жоспары: №46-сабақ  Түбір мен қосымша (3 сынып, II тоқсан )
Қысқа мерзімді сабақ жоспары [ҚМЖ] жинағы
Қазақ тілінен сабақ жоспары: №46-сабақ Түбір мен қосымша (3 сынып, II тоқсан )
Қазақ тілінен сабақ жоспары: 44-сабақ Түбірлес сөздер (3 сынып, II тоқсан )
Қысқа мерзімді сабақ жоспары [ҚМЖ] жинағы
Қазақ тілінен сабақ жоспары: 44-сабақ Түбірлес сөздер (3 сынып, II тоқсан )
Қазақ тілінен сабақ жоспары: 40-сабақ Тура және ауыспалы мағыналы сөздер (3 сынып, II тоқсан )
Қысқа мерзімді сабақ жоспары [ҚМЖ] жинағы
Қазақ тілінен сабақ жоспары: 40-сабақ Тура және ауыспалы мағыналы сөздер (3 сынып, II тоқсан )
Қазақ тілінен сабақ жоспары: №10-сабақ Бастауыш пен баяндауыштың арасына қойылатын сызықша (3 сынып, II тоқсан )
Қысқа мерзімді сабақ жоспары [ҚМЖ] жинағы
Қазақ тілінен сабақ жоспары: №10-сабақ Бастауыш пен баяндауыштың арасына қойылатын сызықша (3 сынып, II тоқсан )
Қазақ тілінен сабақ жоспары: № 12-сабақ Пайымдау мәтінін құраймын (3 сынып, I тоқсан )
Қысқа мерзімді сабақ жоспары [ҚМЖ] жинағы
Қазақ тілінен сабақ жоспары: № 12-сабақ Пайымдау мәтінін құраймын (3 сынып, I тоқсан )
Қазақ тілінен сабақ жоспары: № 11-сабақ Мәтін түрлері мен құрылымдық бөліктері (3 сынып, I тоқсан )
Қысқа мерзімді сабақ жоспары [ҚМЖ] жинағы
Қазақ тілінен сабақ жоспары: № 11-сабақ Мәтін түрлері мен құрылымдық бөліктері (3 сынып, I тоқсан )
Қазақ тілінен сабақ жоспары: 1-сабақ Тіл және сөйлеу (3 сынып, I тоқсан )
Қысқа мерзімді сабақ жоспары [ҚМЖ] жинағы
Қазақ тілінен сабақ жоспары: 1-сабақ Тіл және сөйлеу (3 сынып, I тоқсан )

KZ / Сабақ жоспары жинағы / Қысқа мерзімді сабақ жоспары [ҚМЖ] жинағы, сабақ жоспары №9-сабақ Бастауыш пен баяндауыштың арасына қойылатын сызықша 3 сынып қазақ тілі, қазақ тілінен қмж кмж қысқа мерзімді сабақ жоспары, поурочные планы на казахском языке, казак тили кыска мерзимди сабак жоспары, №9-сабақ Бастауыш пен баяндауыштың арасына қойылатын сызықша, сабақ жоспары №9-сабақ Бастауыш пен баяндауыштың арасына қойылатын сызықша 3 сынып қазақ тілі қазақ тілінен қмж кмж қысқа мерзімді сабақ жоспары поурочные планы на казахском языке казак тили кыска мерзимди сабак жоспары №9-сабақ Бастауыш пен ба, Қазақ тілінен сабақ жоспары: №9-сабақ Бастауыш пен баяндауыштың арасына қойылатын сызықша (3 сынып, II тоқсан )