» » » » Қазақ тілінен сабақ жоспары: Кейіпкерлердің сипаттамасын жазу Қайырымдылық қадірлі іс (3 сынып, I тоқсан )

Қазақ тілінен сабақ жоспары: Кейіпкерлердің сипаттамасын жазу Қайырымдылық қадірлі іс (3 сынып, I тоқсан )

Қазақ тілінен сабақ жоспары: Кейіпкерлердің сипаттамасын жазу Қайырымдылық қадірлі іс (3 сынып, I тоқсан ) казакша Қазақ тілінен сабақ жоспары: Кейіпкерлердің сипаттамасын жазу Қайырымдылық қадірлі іс (3 сынып, I тоқсан ) на казахском языке
Пән: қазақ тілі және әдебиеті
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Жақсыдан үйрен, жаманнан жирен.
Сабақ тақырыбы: Кейіпкерлердің сипаттамасын жазу.Қайырымдылық қадірлі іс.
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары: (оқу бағдарламасына сілтеме) 3.3.1.1* сурет, жоспар, сызбаны қолдана отырып, тірек сөздер арқылы әңгімелеу мәтінін, салыстыра сипаттау мәтінін/ көмекші сөздер арқылы пайымдау мәтінін құрап жазу
3.4.1.1 дауыссыз п-б, қ-ғ, к-г дыбыстарының емлесін сақтап жазу
3.2.3.1 мәтін мазмұны бойынша пікір білдіруге бағытталған сұрақтар құрастыру және жауап беру
3.4.1.4 х, һ әріптері бар сөздерді ажыратып жазу.
Сабақ мақсаттары: Кейіпкерлердің сипаттамасын анықтайды,салыстырады , негізгі идея бойынша өз ойын дәлелдейді, мәтін құрастыра алады Кейіпкерге сипаттама беріп үйренеді.
Мәтін мазмұны бойынша сұрақтар қойып, жауап беруді үйренеді;
х, һ әріптері бар сөздерді ажыратып жазуды үйренеді.
Сабақ барысы: Ұйымдастыру кезеңі.
Оқулық: 68–69­беттер. Жұмыс дәптері: 34­бет
Қандай ақын-жазушылардың шығармаларында балаларды оқуға, жақсылыққа шақыратын өлеңдерін білеміз?
-Ендеше біз қандай болуымыз керек?
Өткен сабақтар нәтижесінде негізгі ойдан алынған ақпаратты анықтау арқылы сипаттаманы жақсарту және толықтыру үшін «Бірлесіп жазуды» өткізу.
(МК) «Нұсқаумен, бірлесіп жазуды» қолданып, мазмұндама жазу.
- Оқушыларға ертегіден қандай үлгі-өнеге аламыз?
Оқушыларға белгілі бір жағдаятқа сипаттама беру үшін теңеуді қалай пайдалану керек екенін ескерту. Кейіпкерге есім беруді көрсету. Өз тұлғасы жайлы оқырманға айтып берген кейіпкерді таңдау.Кейіпкерлерді іс-әрекетіне қарай жағымды,жағымсыз деп бағалай алады.
Оқушыларға кейіпкерді нақты сипаттау үшін сөздерді іріктеуде «Нұсқаумен жазуда» көмек көрсету. Түрлі сипаттама әдістерін қолдануда оқушыларға көмек беру.
Жағымды, жағымсыз кейіпкерлерге сипаттама жазу кезінде дауыссыз п-б, қ-ғ, к-г, р, ң дыбыстарының емлесін сақтап жазуды ескертемін.
(Т) Әр топқа сурет бойынша шағын мәтін жазуды ұсыну.
Мұрагер
Бір шалдың төрт ұлы болыпты. Бір күні шал ұлдарын жинап алып:
- Мен қартайдым. Біреуіңнің үй иесі болатын уақыттарың жетті. Кімнің ақылы байлығына сай болса, сол мұрагерім болады. Әрқайсың маған байлыктарың мен ақылдылықтарынды көрсетулерің керек,— дейді.
Үлкен ұлы асыл тас салған жүзігінің көзін көрсетіп:
- Міне, менің байлығым. Ал кім бай болса, сол ақылды, - дейді.
Екінші ұлы асыл киімдерін киіп, әдеміленіп келеді де:
- Мені осы түрімде көргендер ақылым мен байлығымның алдында бас иеді, - дейді.
Үшінші ұлы күміспен және алтынмен апталған белдігін буынады да:
- Мұндай белдікті ешкім, ешқашан буынып көрген емес, - дейді.
Әкесі үлкен балаларына қарап, басын шайқайды да, ең кіші ұлына бұрылып:
- Сен неге үндемейсің? Сен қандай байлығыңмен мақтанасың? - дейді.
Сонда кенжесі:
- Менде асыл тасты жүзік те, сәнді киім де, алтын-күміспен апталған белдік те жоқ.Тек жұмысқа жарамды екі қолым бар, кайрат-жігерге толы жүрегім бар, - дейді.
Шалға кенже баласының тапқыр да ойлы сөзі ұнайды.
- Жұмыс істей білген адам жұтамайды, -деп, өзінің кенже ұлын үй шаруасын басқаруға мұрагерлікке атайды. Үлкен балаларына інісінің айтқанынан шықпай, талабын орындауды өсиет етеді.
Топпен жұмыс:
Оқушылар ертегі желісі бойынша құрған жоспарларын оқиды. Ертегі мазмұны бойынша топтарға тапсырма :
І топ-ертегіде кездесетін кейіпкерлерді бойындағы қасиеттеріне қарай жағымды, жағымсыз деп топтастыру («Топтастыру» стратег);
Жағымды кейіпкерлер * Жағымсыз кейіпкерлер
ІІ топ- басты кейіпкер .........өткен сынақтарын жаз «Теріп алу» стратегиясы.
ІІІ топ-............ қандай қасиеттері арқылы мұратына жетті?
-Мен адамды қалай бағалаймын?
Талқылауға арналған сұрақтар:
-Негізгі кейіпкерлер кімдер ?
-Ұнамды,ұнамсыз кейіпкерлер деп кімдерді айтады?
-Не себепті ... ... ... ... ... ... деп ойлайсыз?
-Не себепті бұл кейіпкерлер ұнамды?
-Не себепті бұл кейіпкерлер ұнамсыз?
2. Бұрын елді хандар биледі, ал қазір елді кімдер басқарады?
/ Президент, әкімдер, министрлер, директорлар т.б/
-Сен әкім немесе президент болсаң елің үшін не істер едің?/ Жазбаша.
(Дифф) Екі кейіпкердің кездесетін жерін жазу қабілеті жоғары оқушыларға жазуды ұсыну.
-Не болар еді? Бір-бірімен олар қалай сөйлесер еді?
(Ұ) Оқушылар жазған мәтіндерін оқиды.
Оқиық және жауап берейік.
Мәтінді жеке оқиды, жұпта пікір алмасады. Мәтінді оқиды.
«Көңіл­күй» жолағы әдісі арқылы мәтіндегі балалардың әр түрлі сәттегі көңіл күйін бейнелейді.
Хайуанаттар бағын аралағанда Әжейді көргенде Емханада болғанда Әжейдің ұлымен кез- дескенде
Сол сәттегі сезімін сөзбен айтады. Асхат пен Ерболдың іс­әрекеті жайлы досының пікірін сұрайды.
Саралау.
Дифференциация.
Көңіл күй жолағы тапсырмасын орындау кезінде қабілеті төмен оқушылар кестеге тек белгілесе, қабілеті жоғары оқушылар кейіпкерлердің сол сәттегі көңіл күйін бейнелеп, себебін түсіндіреді.
Ал қабілеті жоғары оқушылар әжеге көмектесудің тағы басқа нұсқаларын ұсынады.
Сыныптағы оқушыларды жұпқа бөлу үшін оқушыларды орындарынан тұрғызып, тез ырғақты би әуенімен билету. Билеп жүрген топқа мұғалім
«Жасуша 4» десе, оқушылар төртеуден бірігу керек. Ал егер «Жасуша 6» деген нұсқау берілсе, оқушылар алтаудан топтасады. Сөйтіп оқушыларды бірнеше рет топтастырып, әуенді қайта жалғастырып, оларды қайта билетеді. Ең соңында: «Жасуша 2» деген нұсқаулық беріледі. Сол кезде оқушылар екі­екіден жұптасып, жұптарымен орындарына отырады.
Жазайық.
Оқушылар мәтіннен х мен һ әріптері бар сөздерді теріп жазады. Содан кейін оқушылар сол сөздерді қатыстырып жеке сөйлем құрайды.
«Жүгірме диктант» әдісі арқылы әр топтың мүшесі құраған сөйлемдерін жарысып тақтаға жазады. Жүгірме диктантты орындау кезінде тақтаны төрт бөлікке бөлу қажет немесе төрт плакат ілу керек.
Бұл тапсырмада Х мен һ дыбыстары жайында түсінік беріліп, Х дыбысымен аяқталатын сөздерге жалғанатын қосымша жайлы мағлұмат береді.
Х дыбысымен аяқталатын сөздерді ойлайды.Сөздерге қосымшалар жалғайды.
Саралау. Дифференциация.
Қабілеті жоғары оқушыларға ойлаған сөздерін қатыстырып, сөйлем құрайды.
Ойымызбен бөлісейік және жазайық.
Бұл тапсырма оқушыларды келесі сабақта өтілетін тақырыпқа бағыттайды.
Тапсырма топпен орындауға бағытталған. Оқушылар тапсырма нұсқаулығымен танысады. Топта жалғызбасты қарияларға кімдер көмектесетіні жайында ойланады.
«Тексерейік»
Оқушылар тапсырманы жұппен орындайды. Оқушылар алдыңғы тапсырманың негізінде жазба жұмыстарымен өзара жұбымен алмасып оқиды. Мұғалім тақтаға бірнеше критерий жазып қояды.
-Сөздер қатесіз жазылған ба?
-Сөйлемдер түсінікті құрылған ба?
Осыған сүйеніп өз жұбының жұмысын тексереді. Сөйлемдерді жетілдіру бойынша ұсынысын айтады. Досының жасаған ой қорытындысын өзі жазған ой қорытындысымен салыстырады. Сыныпқа жариялайды. Басқа оқушылар оқылған қорытындылардың ішінен ең жақсы жазылған ой қорытындыларын таңдайды. Осы тапсырманы орындату арқылы мұғалім оқушылардың ойын келесі сабақтың тақырыбына бағыттайды.
Әр оқушы өз орнында жұмыс жасайды. Өз жұбының жұмысына ұсыныс айту кезінде тақтада ұсынылған критерий негізінде ғана жұмыс жасауларын қадағалау.
Дифференциация.
«Марафон» ойыны арқылы оқушылар үш қатарға сапқа тұрып, Х мен һ әрпі бар сөздерді тақтада берілген үш бағанға жарыса жазады. Бұл ойын арқылы оқушылардың грамматикалық білімін бекітуге болады.
Оқушылардың қайырымдылық жасауға байланысты өз өмір тәжірибесінде немесе кітаптан оқыған, теледидардан көрген бір мысал айтулары сұралады. Бұл тапсырма оқушылардың дүниетанымын кеңейтіп, қайырымдылық жасау жолдарының түрлі мысалдарымен танысуына ықпал етеді.
Мұғалім оқушылардың сабақты қаншалықты меңгергенін тексеруі қажет. Ол үшін 7­9 бетте орналасқан «Кіріспені» қарап, тиесілі бағалау стратегиясын таңдауы керек.
ҚБ тапсырмасын орындайды......



Полную версию материала можете скачать на сайте zharar.com через 30 секунд !!!

Автор: Umit | 213 |


Комментарии для сайта Cackle


Загрузка...
Читайте также
Қазақ тілінен сабақ жоспары: Тарихи жағдайды сипаттау (3 сынып, II тоқсан )
Қысқа мерзімді сабақ жоспары [ҚМЖ] жинағы
Қазақ тілінен сабақ жоспары: Тарихи жағдайды сипаттау (3 сынып, II тоқсан )
Қазақ тілінен сабақ жоспары: Әңгімелердегі  «Кейіпкер сипаттамасын жазу Қамқор болып жүрейік! щ әрпімен жазылатын сөздердің емлесі (3 сынып, I тоқсан )
Қысқа мерзімді сабақ жоспары [ҚМЖ] жинағы
Қазақ тілінен сабақ жоспары: Әңгімелердегі «Кейіпкер сипаттамасын жазу Қамқор болып жүрейік! щ әрпімен жазылатын сөздердің емлесі (3 сынып, I тоқсан )
Қазақ тілінен сабақ жоспары: 23-сабақ Э дыбысы Әңгімелеу мәтінін жазып үйренемін (3 сынып, I тоқсан )
Қысқа мерзімді сабақ жоспары [ҚМЖ] жинағы
Қазақ тілінен сабақ жоспары: 23-сабақ Э дыбысы Әңгімелеу мәтінін жазып үйренемін (3 сынып, I тоқсан )
Қазақ тілінен сабақ жоспары: 27-сабақ Ч щ дыбыстары (3 сынып, I тоқсан )
Қысқа мерзімді сабақ жоспары [ҚМЖ] жинағы
Қазақ тілінен сабақ жоспары: 27-сабақ Ч щ дыбыстары (3 сынып, I тоқсан )
Қазақ тілінен сабақ жоспары: «Жақсыдан үйрен жаманнан жирен» ортақ тақырыбы бойынша жиынтық бағалау(БЖБ) (3 сынып, I тоқсан )
Қысқа мерзімді сабақ жоспары [ҚМЖ] жинағы
Қазақ тілінен сабақ жоспары: «Жақсыдан үйрен жаманнан жирен» ортақ тақырыбы бойынша жиынтық бағалау(БЖБ) (3 сынып, I тоқсан )
Қазақ тілінен сабақ жоспары: Өткенді пысықтау «Жанды табиғат» ортақ тақырыбы бойынша жиынтық бағалау (3 сынып, I тоқсан )
Қысқа мерзімді сабақ жоспары [ҚМЖ] жинағы
Қазақ тілінен сабақ жоспары: Өткенді пысықтау «Жанды табиғат» ортақ тақырыбы бойынша жиынтық бағалау (3 сынып, I тоқсан )
Қазақ тілінен сабақ жоспары: № 12-сабақ Пайымдау мәтінін құраймын (3 сынып, I тоқсан )
Қысқа мерзімді сабақ жоспары [ҚМЖ] жинағы
Қазақ тілінен сабақ жоспары: № 12-сабақ Пайымдау мәтінін құраймын (3 сынып, I тоқсан )
Қазақ тілінен сабақ жоспары: № 11-сабақ Мәтін түрлері мен құрылымдық бөліктері (3 сынып, I тоқсан )
Қысқа мерзімді сабақ жоспары [ҚМЖ] жинағы
Қазақ тілінен сабақ жоспары: № 11-сабақ Мәтін түрлері мен құрылымдық бөліктері (3 сынып, I тоқсан )

KZ / Сабақ жоспары жинағы / Қысқа мерзімді сабақ жоспары [ҚМЖ] жинағы, сабақ жоспары Кейіпкерлердің сипаттамасын жазу Қайырымдылық қадірлі іс 3 сынып қазақ тілі, қазақ тілінен қмж кмж қысқа мерзімді сабақ жоспары, поурочные планы на казахском языке, казак тили кыска мерзимди сабак жоспары, Кейіпкерлердің сипаттамасын жазу Қайырымдылық қадірлі іс, сабақ жоспары Кейіпкерлердің сипаттамасын жазу Қайырымдылық қадірлі іс 3 сынып қазақ тілі қазақ тілінен қмж кмж қысқа мерзімді сабақ жоспары поурочные планы на казахском языке казак тили кыска мерзимди сабак жоспары Кейіпкерлердің сипаттамасын жа, Қазақ тілінен сабақ жоспары: Кейіпкерлердің сипаттамасын жазу Қайырымдылық қадірлі іс (3 сынып, I тоқсан )