Әңгімелердегі «Жақсыдан үйрен жаманнан жирен» (Жарық пен қараңғы) зерттеу Жақсы болу өз қолыңда (3 сынып, I тоқсан )

 Әңгімелердегі «Жақсыдан үйрен жаманнан жирен» (Жарық пен қараңғы) зерттеу Жақсы болу өз қолыңда (3 сынып, I тоқсан )

Пән: Қазақ тілі
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Жақсыдан үйрен, жаманнан жирен
Сабақ тақырыбы: Әңгімелердегі «Жақсыдан үйрен, жаманнан жирен» (Жарық пен қараңғы) зерттеу. Жақсы болу өз қолыңда.
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары: (оқу бағдарламасына сілтеме) 3.1.1.1 тыңдаған материал бойынша тірек сөздерді белгілеу, ашық және жабық сұрақтарға жауап беру;
3.2.4.1 өз бетінше мәтіннің тақырыбын және мұғалімнің көмегімен негізгі ойды анықтау.
Сабақ мақсаттары: Түрлі жағдаяттағы (қоғамдық ортада) қатысымдық әрекеттерде өз сөзін жүйелі түрде жоспарлап, тілдік нормаларды сақтап сөйлеуге үйренеді.
Мәтіннің тақырыбын анықтап, негізгі ойды тұжырымдай алуды үйренеді.
Оқушылардың сөздік қоры молайып, орфографиялық сауаттылығы артады.
Сабақ барысы: Ұйымдастыру кезеңі.
Оқулық: 44–45 беттер.т Жұмыс дәптері: 22­бет
Сабақтың мақсатымен таныстыру.
-Тірек сөздерді белгілеп, ашық және жабық сұрақтарға жауап бересің;
- Мәтіннің тақырыбы мен негізгі ойды анықтауды үйренесің;
Ойланайық, пікірлесейік.
Тапсырманы оқушылар жұпта орындайды. Берілген сөздің мағынасын анықтап, ол қасиеттің адам үшін қажеттігін немесе керек еместігін анықтап
дәлелдейді. Кейіннен сыныпта талқылайды.
Оқулықта берілген мейiрiмдi, қатігез, еңбекқор, жалқау, батыл, қор­ қақ, адал, ұрлық жасау,шыншыл, ақылды, өтiрiкшi, мақтаншақ деген сөздер карточкаға жазылып, әр жұпқа бір сөзден беріледі. Әр жұп берілген сөздің мағынасы туралы өз пікірін айтады, ол сөздің адамның жақсы не жаман қасиеті екенін анықтайды да, дәлел келтіреді.
Адам сұлбасын және қоқыс жәшігін дайындау. Оқушылар жақсы қа- сиетті адам сұлбасының ішіне жапсырады, ал жаман қасиеттерді қоқыс жәшігіне салады.
Сыныпты басқаруға арналған кеңестер: Сұрақтарға жауап беру үшін уақыт беріледі. Алдымен әр оқушы жеке ойланып алады да, жұбымен ақылдасады.
Әр жұпқа парақ таратылады. Параққа жауап жазылған соң, парақ артындағы жазуды оқиды. Онда 4 топтың аты жазылған.
Мәселен, еңбекшіл, ақылды, тілалғыш, батыл. Оқушылар осы сөздер жазылған қағазға өздерінің жазған қағаздарын жапсырады. Әр топ жазғандарын саралап, ойларын жинақтай келе бір шешімге келеді. Ортақ пікірге келіп, жұмыстарын бір­біріне таныстырады.
Тыңдайық және оқиық. Тапсырма түсініктемесі:
Тапсырманы оқушылар жеке және топпен орындайды. Мәтінді оқушылар іштей оқып шығады.
Сынып топқа бөлінеді. Әр топ құрамы мәтінді кезектесе оқып шыға- ды. Әр топтың оқу мәнері қадағаланады. Әр топ данышпан шәкіртінің қандай болуын қалайтыны туралы ой бөліседі. Қорытынды жасайды.
Шәкіртке қажетті қасиеттерді теріп дәптерге жазады: батыл, ақылды, еңбексүйгіш, төзімді, шыдамды.
Әр топқа жеке кейіпкердің суреті салынған АЗ қағазын ұсыну. Әр топ кейіпкердің жеке қасиеттерін ашып жазады. Ауызша қорғайды. Әр оқушының пікіріне қатысты кері байланыс беріп тұру.
-Данышпанның жауабынан қандай қорытынды шығарар едің?
Әр топтағы оқушы АЗ шетіне, кейін ортақ бір қорытындыны ортаға дөңгелекше ішіне жазады.
Тапсырманы оқушылар топпен орындайды.Мәтіннен қарамен берілген сөздерді, Конфуций, дәруіш, даңғойлау, күншіл, теріп жазады. Осы сөздердің білдіретін мағынасын анықтайды, синонимдерін табады.
Тапсырманы оқушылар топпен орындайды. «Сұрақтар қобди- шасына» оқушылар мәтін бойынша дайындаған сұрақтарын салады. Кейін бір­бірімен ауыстырып алады. Осылайша оқушылар бір­бірінің сұрақтары- на жауап бере алады.
Кейін сыныптан мұғалім үздік сұрақтарды анықтайды. Оның неліктен үздік екеніне сипаттама береді. Үздік сұрақтың иелерін ынталандырады.
Сергіту сәті: Көзге арналған жаттығу орындату.
Жазайық! Оқушылар жұмыс дәптерлеріне кестені сызып, мәтін бойынша толтырады.
Шәкірттер Жағымды қасиеттер Жағымсыз қасиеттер
Тапсырманы жеке орындайды. Оқушылар кестені басшылыққа алып, мәтін бойынша ұстаз шәкірттерінің қасиеттерін жазады. Бұл тапсырма оқушыларға кейіпкерлердің жағымды, жағымсыз қасиеттерін түсіну үшін көмектеседі. Сондай­ай бір­бірімен салыстыруға жәрдемдеседі.
Қорытынды ойын жүйелі жеткізеді.
Оқушылардың сұраққа толық жауап айтуымен бірге жүйелі көркем тілмен сөйлеуіне және көркем жазуын қадағалап отыру.
Оқушылар сөйлеген кезде топтардың ішін аралап, пікірлерді таңдау. Кейіннен үздік 3 пікірдің иесін анықтап, сыныпқа таныстыру.
Анықтайық. Тапсырманы оқушылар жеке орындайды.
Оқулықтағы кестеге назар аударту. Ол кестеден адам аттарын тауып оқуға болатынын ескерту. Кесте бойынша бірнеше адам аттарын тауып оқиды. Оларды қатыстырып сөйлем құрастырады.
Оқушылардың қабілеттерін дифференциялау. Оқушылар мәтінде қарамен берілген сөздерді түсіну үшін бұл сөздерге мағынасы жуық сөздерді тауып көреді.
Конфуций сөзінің дыбыстық құрамын анықтайды. Ф дыбысының сөздегі орнын анықтайды.
Құрамында ф дыбысы кездесетін кісі аттарын тауып жазып көру ұсынылады.
Ф әрпі араб, парсы тілдерінен енген кейбір жалқы есімдер мен бірен­сараң жалпы есімдерде жазылады.
Мысалы: Фарида, Фатима, Марфуға, саф (алтын) т. б.
Конфуций туралы мағлұмат беріледі. Конфуций – ежелгі Қытайдың ұлы ұстазы. Ол адам мінездерін тәрбиелеу мектебінінің негізін қалаушы.
«Сәл жақсы, кеңпейіл болып көріңіздер, сонда жаман әрекет жасауға қолдарыңыз бармайтыныны байқайсыздар», ­дейді ұстаз.
Оқушылардың сабақты қаншалықты меңгергенін тексеру үшін 7­9 бетте орналасқан «Кіріспені» қарап, тиесілі бағалау стратегиясын таңдау.....


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇
  • Автор: Umit
  • 1 815



Пайдалы сілтемелер:
» Ораза кестесі 2024 жыл. Астана, Алматы, Шымкент т.б. ауыз бекіту және ауызашар уақыты
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу

Соңғы жаңалықтар:
» 2024 жылы студенттердің стипендиясы қанша теңгеге өседі
» қазақ тілі тестілеуде_келген_сұрақтар_зерттеуші
» Наурыз мейрамы Қазақстанда жаңа форматта тойланады