Мен ұқыпты баламын (3 сынып, I тоқсан )

 Мен ұқыпты баламын (3 сынып, I тоқсан )

Пән: қазақ тілі және әдебиеті
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Жақсыдан үйрен, жаманнан жирен
Сабақ тақырыбы: Мен ұқыпты баламын
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары: (оқу бағдарламасына сілтеме) 2.9 Түрлі дереккөздерден ақпарат алу
Сабақ мақсаттары: 3.1.3.1 түрлі жағдаяттағы (қоғамдық ортада) қатысымдық әрекеттерде өз сөзін жүйелі түрде жоспарлап, сөйлеу мәдениетін сақтап диалогке қатысу
3.2.3.1 мәтін мазмұны бойынша пікір білдіруге бағытталған сұрақтар құрастыру және жауап беру;
3.4.1.1 э, ф, в, ц әріптері бар сөздерді сауатты жазуды үйрену.
Сабақ барысы: Ұйымдастыру кезеңі.
Сабақты ОМ таныстыру
• пікір білдіруге бағытталған сұрақтар құрастырамыз;
• э, ф, в, ц дыбыстары бар сөздердің жазу емлесін үйренеміз
(Ж) Ойымызбен бөлісейік
Оқулықтағы суретке назар аудар
Бұл бөлменің иесі қандай бала деп ойлайсың?
Жұбыңмен пікірлес және ойыңды дәлелде.
Жазайық
Бөлмедегі заттарды ата. Олардың арасынан құрамында э, ф, в, ц дыбыс- тары кездесетін сөздерді тауып жаз.
Оқулықтың 84-бетінде берілген сөздікті қолданып, сөздердің жазу емлесін тексер.
Оқиық
Әмір сабақтан келген бойда сөмкені еденге тастай сала ойынға тартты. Ол шығысымен інісі Сәдір сөмкені ашып жіберді де, төмен қарайтөңкерді. Ішіндегі кітап, дәптер, қаламбірі қалмастан жерге саудырап түсті.
Біраздан соң Әмір үйге қайтты. Кітаптары әр жерде шашылып жатыр. Қақ ортада Сәдір отыр. Қолында қызыл бояу қаламы бар. Дәптердің бетін айқұш-ұйқыш сызғылап жатыр.
– Не істеп отырсың? Бүлдірдің ғой? – деді інісіне даусын көтеріп.
Сәдір ауыз үйде жүрген шешесіне қарай тұра жүгіріп, етегіне орала кетті. Әмір өкшелете қуып келіп:
– Сәдір сөмкемді шашып, бәрін бүлдіріп тастапты. Ертең сабаққа қалай барамын, – деді жыламсырап.
– Сөмкеңді қайда қойып едің?! – деді шешесі.
– Ана жерге... Әмір турасын айта алмады. Тек қолымен нұсқай берді.
– Өткенде аулаға тастап кетіпсің. Сүтке келген көрші Фатима әкеліп берді. Ұят-ай! Қашан ұқыпты боласың! – деді шешесі.
Әмірде үн жоқ. Бұрышта жатқан сөмкесіне қарады. Бет-аузы айғыз-айғыз. Құлағының бір жағы жұлынғалы тұр. Бәріне өзі кінәлі екенін түсінді.
Ахмет Сарбөпин
Қарамен берілген сөздердің жазылуын есте сақтап жаз.
Фатима сөзіне дыбыстық-буындық талдау жасап жаз.
Сәдірдің мұндай әрекетіне не себеп болуы мұмкін?
Әмір өз қателігін түзейтініне мәтіннен дәлел тауып келтір.
Мәтін бойынша сұрақ құрастыр.
Мәтіннен не түйдің?
«Сократтық семинар» әдісін қолдану.
Ол үшін оқулықта берілген мәтін мазмұны бойынша құрылған ашық сұрақты пайдаланады. Мәтінді оқымас бұрын сұрақ мазмұны таныстырылады. Сұрақ оқушыларды тақырыпқа байланысты және мәтін мазмұны бойынша пікір білдіруге жетелейді. Оқушыларға сұрақ берілген соң мәтінмен танысады. Содан соң оқушылар қара мен жазылған сөздерді дәптерлеріне көшіріп алады. Олардың мағынасы сұралады. Мұғалім тақтаға дәптер беті мен оқушының басы ғана бейнеленген суретті көрсетеді. Екеуінің де беті айқұш­ұйқыш сызылған, айғыз­айғыз. Оқушылар салыстыра отырып, мағынасын түсінеді. Олардың жазылу ерекшелігіне мән береді. Ортаға бір оқушы «Сократ» болып шығады. Ал қалған оқушылар шеңбер құрып, оны қоршап отырады. Оқушылар «Сократқа» сұрақтар жаудырады. «Сократ» берілген сұрақтарға мүдірмей жауап беруі тиіс. Мәтін талданып болғаннан кейін оқушылар Фатима сөзіне фонетикалық талдау жасайды.Тапсырма дәптерге орындалады. Әр оқушы жеке орындайды. Жұптаса отырып, бір­ бірінің жұмысын тексереді.
(Ұ) Ойымызбен бөлісейік
Кітаптар неге қашып барады?
Оқулықты қалай күтіп ұстау керек?
«Ереуіл» әдісі»
«Суреттен нені байқадың?
Неліктен осылай болды?». Содан кейін оларға стикерлер немесе түрлі түсті қағаз бен желім таратып береді. Олардан қосымша құралдарды қолдана отырып, митинг транспарантын жасауды сұрайды. Оқушылар сол транспаранттарға оқу құралдарын күтіп ұстау туралы, ұқыптылық туралы ұранды сөйлемдерін жазады. Оқушылардың орындарынан тұрып, «бейбіт ереуілге» шығып, сыныпты аралап жүріп, басқа оқушылармен ой бөліседі.
Құрастырайық
Сурет бойынша бөлмені ұқыпты ұстау туралы бес ереже құрап жаз.
Тапсырманы оқушылар алдымен жеке орындайды. Содан кейін жұбымен ой бөліседі. Содан соң сыныпта талқылайды.
Оқушылар оқулықтағы суретке назар аударады. Екі бөлменің ерекшелігін сараптап, қорытынды жасайды. Бөлмені ұқыпты ұстау туралы өзара ой бөліседі.
Негізгі 5 ережені белгілейді. Дәптерге жазады......


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇
  • Автор: Umit
  • 1 197



Пайдалы сілтемелер:
» Ораза кестесі 2024 жыл. Астана, Алматы, Шымкент т.б. ауыз бекіту және ауызашар уақыты
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу

Соңғы жаңалықтар:
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!
» 2024 жылы студенттердің стипендиясы қанша теңгеге өседі