Кейіпкерлерді сомдаймыз (3 сынып, I тоқсан )

 Кейіпкерлерді сомдаймыз (3 сынып, I тоқсан )

Пән: Қазақ тілі
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Жақсыдан үйрен, жаманнан жирен
Сабақ тақырыбы: Кейіпкерлерді сомдаймыз
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары: (оқу бағдарламасына сілтемеу) 2.2 Мәтіндегі лексикалық бірліктер, әдеби көркемдеуіш құралдардың қолданылуын түсіну және анықтау
Сабақ мақсаттары: 3.1.1.1 тыңдаған материал бойынша тірек сөздерді белгілеу, ашық және жабық сұрақтарға жауап беру
3.2.4.1 өз бетінше мәтіннің тақырыбын және мұғалімнің көмегімен негізгі ойды анықтау
3.3.4.1 оқыған, тыңдаған және аудиовизуалды материалдар бойынша тірек сөздерді пайдалана отырып мазмұндама жазу.
Сабақ барысы: (Ұ) Психологиялық ахуал орнату.
Тренинг: Бір – бірімізге жылы сөз арнаймыз».
- Әрбір адам?
- Туысым, досым, жұрағат.
Әрбір сабақ?
Үйрену, ұғу, ұлағат.
- Әрбір ісім?
- Тірлік, тірек, адалдық.
- Әрбір сөзім?
- Шындық, бірлік, адалдық.
Мұғалімнің кіріспе сөзі:
Міне, балалар, біз бір - бірімізге жылы сөз арнап, біздер достығымызды, бірлігімізді білдірдік. Бүгінгі «Достық пен жолдастық» тақырыбындағы сабағымыз өмірімізге сән беретін адам бойындағы ғажайып сезім туралы.
(Ұ) «Көк ту және достар» мультфильмінен үзіндіні көру. Алған әсерімен бөлісу.
«Көк ту және достар» мультфильмінен 2:48- 3:09 минут аралығындағы үзінді көрсетіледі.
(Т) Эпизод аяқталғаннан кейін фильмді тоқтатылады. Оқушыларға фильмнің соңы қалай аяқталатынын болжау ұсынылады. Фильмнен алған алғашқы әсерлерімен бөлісуге мүмкіндік беріледі. «Көк ту және достар» мультфильмінен 7:05-8:42 минут аралығындағы үзінді көрсетіледі.
Мұғалім топтағы барлық оқушылардың оқиғаны баяндауын қадағалайды.
Фильмді қайта көру. Фильмдегі әрбір кейіпкердің қандай сезімде, ойда болғанын топта талқылау. Сынып алдында өз ойларын қорғау.
(Т) Фильмдегі әрбір кейіпкердің қандай сезімде, ойда болғанын топта талқылауға, сынып алдында сахналық көрініс ретінде көрсетуге уақыт беріледі .
Жазба жұмысы тексеріледі.
(Ж) «Мағжанның орнында болсаң, не істер едің?» тақырыбында сөйлесу.
(Ұ) Оқиғаның соңын болжау. Мағжанның іс-әрекеті қандай болуы мүмкін? Деген сұраққа жазбаша жауап беру.
(Ұ) Оқиғаның соңын көру. Өз болжамдарымен салыстыру.
(Ө,Қ) Мазмұндаманы жазу. Өзін-өзі тексеру.
(Ұ) Мазмұндаманы талдау.
Мұғалім мазмұндаманы талдауды «Бағытталған жазу» стратегиясын қолдану арқылы жүзеге асырады. Мұндай жұмыс түрі шамамен 7-10 минутты қамтиды. Жазба жұмыстарында жіберілген қателерінің түріне байланысты оқушылар топтастырылады. Тапсырманы қатесіз орындағандар өз алдына топ құрайды және оларға өз бетінше жұмыс беріледі. Мұғалім қате түрлеріне байланысты тапсырмаларды алдын ала дайындап келеді және оқушыларға түсіндірме жұмысын жүргізеді. Топ оқушылары қатеге байланысты берілген тапсырмаларды орындайды......


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇
  • Автор: Umit
  • 799



Пайдалы сілтемелер:
» Ораза кестесі 2024 жыл. Астана, Алматы, Шымкент т.б. ауыз бекіту және ауызашар уақыты
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу

Соңғы жаңалықтар:
» 2024 жылы студенттердің стипендиясы қанша теңгеге өседі
» қазақ тілі тестілеуде_келген_сұрақтар_зерттеуші
» Наурыз мейрамы Қазақстанда жаңа форматта тойланады