» » » » Қазақ тілінен сабақ жоспары: 25-сабақ Ф дыбысы (3 сынып, I тоқсан )

Қазақ тілінен сабақ жоспары: 25-сабақ Ф дыбысы (3 сынып, I тоқсан )

Қазақ тілінен сабақ жоспары: 25-сабақ Ф дыбысы (3 сынып, I тоқсан ) казакша Қазақ тілінен сабақ жоспары: 25-сабақ Ф дыбысы (3 сынып, I тоқсан ) на казахском языке
Пән: Қазақ тілі
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Жақсыдан үйрен, жаманнан жирен
Сабақтың тақырыбы: 25-сабақ Ф дыбысы
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары: (оқу бағдарламасына сілтеме) 3.4.1.1 э, ф, в, ц әріптері бар сөздерді сауатты жазу;
3.2.5.1 берілген тақырып/сұрақ бойынша түрлі дереккөздерден (мәтін/сөздік/сызба/кесте/карта) алынған ақпараттарда кездесетін жаңа сөздердің мағынасын сөздіктер арқылы ашу, жүйелеу, мағлұматтардың маңызды тұстарын анықтау;
3.1.2.1 мәтіннің тақырыбы мен берілген суреттер/фото/диаграмма бойынша мәтіннің мазмұнын болжау.
Сабақтың мақсаттары:
Оқушылардың барлығы:
- үлгі негізінде есте сақтап сөздерді сауатты жазады;
- жаңа сөздердің мағынасын түсіндірме сөздікті қолдану арқылы түсіндіреді;
- жетекші сұрақтар көмегімен сурет бойынша мәтін мазмұнын болжайды;
Оқушылардың көпшілігі:
- сөз құрамында ф дыбысын ажыратып, сауатты жазады;
- жаңа сөздердің мағынасын түсіндірме сөздікті қолдану арқылы түсіндіреді, сөздерді сөз таптарына қарай топтастыра алады;
- тақырып пен сурет бойынша мәтін мазмұнын болжайды;
Оқушылардың кейбірі:
- сөз құрамында ф әрпі бар сөздерді сөйлем құрамында сауатты жазады;
- жаңа сөздердің мағынасын түсіндіреді, сөздерді сөз таптарына қарай топтастыра алады;
- сурет бойынша жасаған болжамын негіздей алады;
Сабақ барысы: (Т) Сөзжұбақ шешу. Оқушылар үй тапсырмасы ретінде орындаған сөзжұмбақтарды шағын топтарға тарату. Оқушыларды қатар тұрған 2 парта оқушыларын біріктіру арқылы топ құрау. Сөзжұмбақ шешуін таныстырады.
Сабақтың мақсатын хабарлау және бағалау критерийлерін бірлесіп белгілеу.
3.4.1.1 (МК; Ұ,Т) Жұмбақты оқып, шешуін табу.
Ф дыбысы туралы білетінін еске түсіру.
24-жаттығу. Жұмбақты оқып, шешуін табады (ф әрпі).
Ф дыбысы туралы білімін еске түсіру. Артикуляциялық жаттығу: п-ф дыбыстарын салыстыру
3.4.1.1 (МК; Ө; Ж; Қ) Есте сақтау диктанты. Өлеңді жатқа жазу. Ф әрпі бар сөздерді сауатты жазу.
25-жаттығу.
Өлеңді жатқа жазу қадамдары:
1. Тақтаға өлеңді жазып қою немесе оқулықты қолдану.
2. Өлеңді оқу үлгісін көрсету.
3. Өлеңнің тыныс белгілеріне назар аудару.
4. Өлеңді жаттау (1 минут).
5. Жатқа жазу
6. Құрамында ф әрпі бар сөздің астын сызу.
7. Жазған өлеңді оқулықпен тексеру.
Жұппен жұмыс жүргізіледі. Орындалған жұмысты өзара бағалау іске асырылады. Бір-бірінің жұмыстарын өлең мәтіні бойынша тексеріп, қате кездескен жағдайда астын жай қарындашпен сызып белгілейді. Сыныпта жиі жіберілген қате түрімен арнайы қатемен жұмыс ұйымдастырылады.
3.2.5.1 (МК; Ө; Ұ) Өлеңдегі ф дыбысы бар сөздердің мағынасын дереккөздерден іздеу.
Өлеңдегі ф дыбысы бар фойе, фестиваль, Фатима, финал, флейта сөздерінің мағынасын дереккөздерден іздейді.
Флейтаның қандай аспап екенін талқылап, тағы қандай музыкалық аспаптарды білетінін айтады.
Ф дыбысы туралы білімдерін пысықтап, тұжырымдарын оқулықта берілген ақпаратпен салыстырады. Ой қорытындысын жасайды.
Ф әрпі араб, парсы тілдерінен енген жалқы есім мен жалпы есімдерде жазылады. Мысалы: Файзолла, Фатима, Мұстафа, Фархад, саф.
«1 минуттық жазу» құрамында ф әрпі бар сөздер қатарын жазу.
Дескриптор:
- сөздің дыбыстық құрамын ажыратады;
- - ф әрпі бар сөздерді сауатты жазады.
Саралау
Құрамында ф дыбысы кездесетін жалпы және жалқы есімдер кестесі.
Сергіту сәті. Көзге арналған тренажер
3.1.2.1 (МК; Ө, Ж; Қ) Болжау. «Ойлан. Жұптас. Пікірлес» әдісі. «Бұзау әкелу» тақырыбы бойынша берілген сурет арқылы мәтін мазмұнын болжау.
Қалай ойлайсыңдар, мәтін не туралы болуы мүмкін?
Футбол добы мен бұзаудың қандай байланысы болу мүмкін?
Футбол добы, бала, футбол алаңы суреттері.
(Ұ, Ж,Т) Мәтінмен жұмыс. Мәтінді тыңдау. Мәтінге ат қою.
26-жаттығу. Мәтін мазмұны бойынша сұрақтарға жауап беру.
- Мәтіннің тақырыбы неліктен «Доп ойнаймын» деп аталған?
- Осы мәтіннен өзің үшін қандай қорытынды жасар едің?
- Өзенбайға кешіріммен қарауға 2 дәлел келтір.
- Өзенбайға кемшілігін жою үшін кеңес бер.
(Ө; Ұ, Қ) Мәтіннің соңын болжау.
«Автор орындығы» стратегиясы бойынша мәтінді өзі жалғастырып, қалай аяқтайтынын болжайды. Оқулықта берілген қай жауап өзіне ұнағанын айтып, себебін түсіндіреді.
Дескриптор:
- негізді болжам жасайды;
- өз ойын тұжырымдай алады. ......



Полную версию материала можете скачать на сайте zharar.com через 30 секунд !!!

Автор: Umit | 681 |


Комментарии для сайта Cackle


Загрузка...
Читайте также
Қазақ тілінен сабақ жоспары: № 6 сабақ Ұлы Отан соғысы батыры туралы сабақ (3 сынып, IV тоқсан )
Қысқа мерзімді сабақ жоспары [ҚМЖ] жинағы
Қазақ тілінен сабақ жоспары: № 6 сабақ Ұлы Отан соғысы батыры туралы сабақ (3 сынып, IV тоқсан )
Қазақ тілінен сабақ жоспары: №3-сабақ Ұзынсары Тура және ауыспалы мағыналы сөздерді қайталау (3 сынып, IV тоқсан )
Қысқа мерзімді сабақ жоспары [ҚМЖ] жинағы
Қазақ тілінен сабақ жоспары: №3-сабақ Ұзынсары Тура және ауыспалы мағыналы сөздерді қайталау (3 сынып, IV тоқсан )
Қазақ тілінен сабақ жоспары: №8 сабақ  Түбір сөздегі –ы -і өзгерісі Орын-орны Мойын- мойны Дауыс-даусы сияқты сөздер емлесі (3 сынып, II тоқсан )
Қысқа мерзімді сабақ жоспары [ҚМЖ] жинағы
Қазақ тілінен сабақ жоспары: №8 сабақ Түбір сөздегі –ы -і өзгерісі Орын-орны Мойын- мойны Дауыс-даусы сияқты сөздер емлесі (3 сынып, II тоқсан )
Қазақ тілінен сабақ жоспары: Көне өркениетті зерттеу (3 сынып, II тоқсан )
Қысқа мерзімді сабақ жоспары [ҚМЖ] жинағы
Қазақ тілінен сабақ жоспары: Көне өркениетті зерттеу (3 сынып, II тоқсан )
Қазақ тілінен сабақ жоспары: №47-сабақ Түбір мен қосымшаның жазылуы (3 сынып, II тоқсан )
Қысқа мерзімді сабақ жоспары [ҚМЖ] жинағы
Қазақ тілінен сабақ жоспары: №47-сабақ Түбір мен қосымшаның жазылуы (3 сынып, II тоқсан )
Қазақ тілінен сабақ жоспары: Дауыссыз дыбыстар емлесі(3 сынып, I тоқсан )
Қысқа мерзімді сабақ жоспары [ҚМЖ] жинағы
Қазақ тілінен сабақ жоспары: Дауыссыз дыбыстар емлесі(3 сынып, I тоқсан )
Қазақ тілінен сабақ жоспары: 23-сабақ Э дыбысы Әңгімелеу мәтінін жазып үйренемін (3 сынып, I тоқсан )
Қысқа мерзімді сабақ жоспары [ҚМЖ] жинағы
Қазақ тілінен сабақ жоспары: 23-сабақ Э дыбысы Әңгімелеу мәтінін жазып үйренемін (3 сынып, I тоқсан )
Қазақ тілінен сабақ жоспары: 27-сабақ Ч щ дыбыстары (3 сынып, I тоқсан )
Қысқа мерзімді сабақ жоспары [ҚМЖ] жинағы
Қазақ тілінен сабақ жоспары: 27-сабақ Ч щ дыбыстары (3 сынып, I тоқсан )
Қазақ тілінен сабақ жоспары: №13-сабақ Мәтін және оның түрлері (3 сынып, I тоқсан )
Қысқа мерзімді сабақ жоспары [ҚМЖ] жинағы
Қазақ тілінен сабақ жоспары: №13-сабақ Мәтін және оның түрлері (3 сынып, I тоқсан )
Қазақ тілінен сабақ жоспары: 3-сабақ  Мәтін (3 сынып, I тоқсан )
Қысқа мерзімді сабақ жоспары [ҚМЖ] жинағы
Қазақ тілінен сабақ жоспары: 3-сабақ Мәтін (3 сынып, I тоқсан )
Қазақ тілінен сабақ жоспары: Түлкі мен тырна (3 сынып, I тоқсан, 1 бөлім)
Қысқа мерзімді сабақ жоспары [ҚМЖ] жинағы
Қазақ тілінен сабақ жоспары: Түлкі мен тырна (3 сынып, I тоқсан, 1 бөлім)
Қазақ тілінен сабақ жоспары: Табиғатты қорғау (3 сынып, I тоқсан, 12 сабақ)
Қысқа мерзімді сабақ жоспары [ҚМЖ] жинағы
Қазақ тілінен сабақ жоспары: Табиғатты қорғау (3 сынып, I тоқсан, 12 сабақ)

KZ / Сабақ жоспары жинағы / Қысқа мерзімді сабақ жоспары [ҚМЖ] жинағы, сабақ жоспары 25-сабақ Ф дыбысы 3 сынып қазақ тілі, қазақ тілінен қмж кмж қысқа мерзімді сабақ жоспары, поурочные планы на казахском языке, казак тили кыска мерзимди сабак жоспары, 25-сабақ Ф дыбысы, сабақ жоспары 25-сабақ Ф дыбысы 3 сынып қазақ тілі қазақ тілінен қмж кмж қысқа мерзімді сабақ жоспары поурочные планы на казахском языке казак тили кыска мерзимди сабак жоспары 25-сабақ Ф дыбысы, Қазақ тілінен сабақ жоспары: 25-сабақ Ф дыбысы (3 сынып, I тоқсан )