» » » » Қазақ тілінен сабақ жоспары: 24-сабақ В дыбысы (Әңгіме құрауды үйренемін) (3 сынып, I тоқсан )

Қазақ тілінен сабақ жоспары: 24-сабақ В дыбысы (Әңгіме құрауды үйренемін) (3 сынып, I тоқсан )

Қазақ тілінен сабақ жоспары: 24-сабақ В дыбысы (Әңгіме құрауды үйренемін) (3 сынып, I тоқсан ) казакша Қазақ тілінен сабақ жоспары: 24-сабақ В дыбысы (Әңгіме құрауды үйренемін) (3 сынып, I тоқсан ) на казахском языке
Пән: Қазақ тілі
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Жақсыдан үйрен, жаманнан жирен
Сабақтың тақырыбы: 24-сабақ В дыбысы (Әңгіме құрауды үйренемін)
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары: (оқу бағдарламасына сілтеме) 3.2.3.1 мәтін мазмұны бойынша пікір білдіруге бағытталған сұрақтар құрастыру және жауап беру;
3.4.1.1 э, ф, в, ц әріптері бар сөздерді сауатты жазу;
3.1.4.1 тірек сөздер мен жоспарды пайдалана отырып, берілген тақырып бойынша әңгіме құрау.
Сабақтың мақсаттары:
Оқушылардың барлығы:
- мәтін мазмұны бойынша пікір білдіруге бағытталған сұрақтарға жауап береді, берілген сұрақтарды пайдаланып пікір білдіруге бағытталған сұраулы сөйлем құрастырады;
- үлгі негізінде есте сақтап құрамында в дыбысы бар сөздерді сауатты жазады;
- тірек сөздер мен жоспарды пайдалана отырып, берілген тақырып бойынша шағын әңгіме құрайды
Оқушылардың көпшілігі:
- мәтін мазмұны бойынша пікір білдіруге бағытталған сұрақтар құрастырады және сұрақтарға жауап береді;
- сөз құрамында в дыбысын ажыратып, сауатты жазады;
- тірек сөздер мен жоспарды пайдалана отырып, берілген тақырып бойынша жүйелі әңгіме құрайды
Оқушылардың кейбірі:
- мәтін мазмұны бойынша пікір білдіруге бағытталған сұрақтар құрастырады және өз жауабын негіздеп жауап береді;
- сөз құрамында в әрпі бар сөздерді сөйлем құрамында сауатты жазады;
- тірек сөздермен қатар көмекші сөздерді, жоспарды пайдалана отырып, берілген тақырып бойынша әңгіме құрайды.
Сабақ барысы: (Ө,Т) Фонетикалық ширату. «Кіру билеті» әдісі. Берілген сөздердің қатесіз нұсқасын анықта: електр-электр, эксковатор-ексковатор, эфир-ефир, екипаж-экипаж, эмблема-емблема, эрмитаж-ермитаж, експресс-экспресс, экспедиция-експедиция, экология- екология, енциклопедия-энциклопедия, эскалатор-екскалатор, эскимо-ескимо.
Дескриптор:
- құрамында э әрпі бар сөздердің жазылуын біледі.
Сабақ мақсаты мен бағалау критерийлерін таныстыру.
(Ұ; Ө; Қ) Жұмбақ құрастыру. Жұмыстарын топта жариялау. Оқушылар берілген тірек сөздердің көмегімен шешуі «велосипед» болатын жұмбақ құрастырып жазады. Жазған жұмыстарын топта жариялап оқиды.
Тапсырма: велосипед сөзіне дыбыстық-буындық талдау жасау. Сөзді тасымалдау жолдарын көрсету.
- В дыбысы – қандай дыбыс? В дыбысы қандай сөздерде жиі кездеседі? Неліктен?
- Берілген қосымшаларды қандай сөздер құрамында кездестіруге болады? Қандай мағына білдіреді?
-ов; -ова:
- ев; -ева.
Саралау:
Қабілеті жоғары оқушыларға спортшылардың суреттерін беріп, аты-жөнін жазу ұсынылады.
Қабілеті төмен оқушыларға үлестірме материал беру арқылы қолдау көрсету.
Берілген тізімнен қандай ерекшелік анықтадың?
Жақсылық Үшкемпіров
Бекзат Саттарханов
Бақтияр Артаев
Эльмира Сыздықова
Александр Винокуров
Жазира Жаппарқұл
3.2.3.1 (МК; Ө, Ж,Т) Мәтін мазмұны бойынша сұрақтар құрастыру және жауап беру.
20-жаттығу. Мәтінді түсініп оқиды. Мәтіннің не туралы екені сұрақ-жауап әдісі арқылы анықтатылады.
- Сен қалай ойлайсың?
- ... айтылған оймен келісесің бе? тіркестерін қолданып 2 сұрақ құрастырып жазу.
Жұпта бір-бірінің сұрақтарына ауызша жауап береді.
Пікір білдіруге бағытталған ұтымды сұрақты анықтап, жауабын дәптерге жазады.
Шағын топта әр жұп өз сұрақтарын бір-біріне қояды, сұраққа ауызша жауап береді.
Топтың ұтымды сұрағын белгілеп, жетілдіреді. Басқа топқа сұрақты қояды.
Дескриптор:
- мәтін мазмұны бойынша пікір білдіруге бағытталған сұраулы сөйлем құрастыра алады;
- сұраққа жауап беру барыснда өзіндік көзқарасын жеткізе алады.
3.4.1.1 (МК; Ө; Т; Қ) Мәтіннен в дыбысы бар сөздерді табу. Айтылу ерекшелігін байқау.
Мәтіннен в дыбысы бар сөздерді теріп жазу: велосипед, автомобиль, трамвай, автобус. Артикуляциялық жаттығу. Айтылу ерекшелігін байқау.
«1 минуттық жазу» әдісі негізінде құрамында «в» дыбысы бар сөздер жазу.
Топта идея алмасу, сөз қатарын толықтыру. Сөздерді топтастыру.
Сөз үлгісі: вагон, ваза, вальс, ванна, волейбол, аквариум, диван, паравоз, Көбеев, т.с.с.
Таңдаған сөзіне дыбыстық талдау жасау.
Саралау: «Дыбыс түрлері» кестесін қолдану.
Дыбыс түрлері
Дауысты дыбыстар Дауыссыз дыбыстар
Жуан:
а, о, ұ, ы, у.
Жіңішке:
ә, ө, ү, і, е, и, у, э. Қатаң:
қ, к, п, с, т, ф, х, h, ч, ц, ш, щ.
Ұяң:
б, в, г, ғ, д, ж, з.
Үнді:
й, л, м, н, ң, р (у).
(Ө) «Шығармашылық диктант». Көп нүктенің орнына б, в әріптерінің тиістісін қойып, көшіріп жазу.
Клу..., Исмайло...а, ...акуум, шта..., ...агон.
Дескриптор:
- құрамында в дыбысы бар сөздерді біледі;
- құрамында в дыбысы бар сөздерді қатесіз жаза алады;
- сөздің дыбыстық құрамын ажырата алады.
Сергіту сәті. Көз жаттығуларын орындату.
(Ж,Т,Қ) Шығармашылық үзіліс. 23-жаттығу. «РАФТ» әдісі. «Велосипед – пайдалы көлік» тақырыбында әңгіме құрау үшін топта талқылап, өз ойларын ортаға салады. Тақырып аясында топ алдында сөйлеуге дайындалады.
1. Р - топтың рөлін белгілеу.
2. А - кімге арналады? (балаларға, ата-аналарға)
3. Ф- қандай формада? (жарнама, пайымдау мәтіні, хабарландыру)
4. Т- тақырып.
52-беттегі велосипед суретінде берілген тірек сөздерді (түрлері, көлемі, пайдасы, өйткені, себебі, сондықтан) басшылыққа алып, аудиторияға арнап, әңгіме құрау.
Ықтимал рөлдер тізімі:
- сату бөлімінің қызметкері;
- үйірме жетекшісі;
- велоспортшы;
- жарнама менеджері.
Жұмыстарын сынып алдында «кезекші микрофон» тәсілімен жариялау.
Мұғалім оқушыларға топтық жұмысты қорғаудың мақсаты мен қойылатын талаптарын белгілейді және қағазға түсіріп, сынып қабырғасына іліп қояды. Үлгі:
• тақырыптан ауытқымау;
• берілген тақырыпқа сәйкес тірек сөздерді орынды қолдану;
• интонацияны, вербалды емес тілдік құралдарды қолдану;
• тыңдаушыны қызықтыратын сөздер мен қаратпа сөздерді қолдану;
• сөйлеу барысында берілген уақытты сақтау.
(Т; Ұ; Қ) Топтық жұмысты бағалау. «2 жұлдыз, 1 тілек» арқылы рефлексия жасау.
Әңгіменің 2 ұтымды жағы мен бір жақсарту мақсатында ұсыныс жасау арқылы бағалайды......



Полную версию материала можете скачать на сайте zharar.com через 30 секунд !!!

Автор: Umit | 471 |


Комментарии для сайта Cackle

Загрузка...
Рекомендуем:
Қазақ тілінен сабақ жоспары: №8 сабақ Мәтінмен жұмыс (3 сынып, IV тоқсан )
Қысқа мерзімді сабақ жоспары [ҚМЖ] жинағы
Қазақ тілінен сабақ жоспары: №8 сабақ Мәтінмен жұмыс (3 сынып, IV тоқсан )
Қазақ тілінен сабақ жоспары: № 5 сабақ Ынтымақ күні (3 сынып, IV тоқсан )
Қысқа мерзімді сабақ жоспары [ҚМЖ] жинағы
Қазақ тілінен сабақ жоспары: № 5 сабақ Ынтымақ күні (3 сынып, IV тоқсан )
Қазақ тілінен сабақ жоспары: № 95-сабақ Сын есім (3 сынып, III тоқсан )
Қысқа мерзімді сабақ жоспары [ҚМЖ] жинағы
Қазақ тілінен сабақ жоспары: № 95-сабақ Сын есім (3 сынып, III тоқсан )
Қазақ тілінен сабақ жоспары: 3- сабақ Түбір сөз Сәулет туындыларын тамашалау (3 сынып, II тоқсан )
Қысқа мерзімді сабақ жоспары [ҚМЖ] жинағы
Қазақ тілінен сабақ жоспары: 3- сабақ Түбір сөз Сәулет туындыларын тамашалау (3 сынып, II тоқсан )
Қазақ тілінен сабақ жоспары: № 49-сабақ Нәтиже сабақ Мен не үйрендім? (3 сынып, II тоқсан )
Қысқа мерзімді сабақ жоспары [ҚМЖ] жинағы
Қазақ тілінен сабақ жоспары: № 49-сабақ Нәтиже сабақ Мен не үйрендім? (3 сынып, II тоқсан )
Қазақ тілінен сабақ жоспары: №46-сабақ  Түбір мен қосымша (3 сынып, II тоқсан )
Қысқа мерзімді сабақ жоспары [ҚМЖ] жинағы
Қазақ тілінен сабақ жоспары: №46-сабақ Түбір мен қосымша (3 сынып, II тоқсан )
Қазақ тілінен сабақ жоспары: 43-сабақ Түбірлес сөздер  (3 сынып, II тоқсан )
Қысқа мерзімді сабақ жоспары [ҚМЖ] жинағы
Қазақ тілінен сабақ жоспары: 43-сабақ Түбірлес сөздер (3 сынып, II тоқсан )
Қазақ тілінен сабақ жоспары: 23-сабақ Э дыбысы Әңгімелеу мәтінін жазып үйренемін (3 сынып, I тоқсан )
Қысқа мерзімді сабақ жоспары [ҚМЖ] жинағы
Қазақ тілінен сабақ жоспары: 23-сабақ Э дыбысы Әңгімелеу мәтінін жазып үйренемін (3 сынып, I тоқсан )
Қазақ тілінен сабақ жоспары: 27-сабақ Ч щ дыбыстары (3 сынып, I тоқсан )
Қысқа мерзімді сабақ жоспары [ҚМЖ] жинағы
Қазақ тілінен сабақ жоспары: 27-сабақ Ч щ дыбыстары (3 сынып, I тоқсан )
Қазақ тілінен сабақ жоспары: «Жақсыдан үйрен жаманнан жирен» ортақ тақырыбы бойынша жиынтық бағалау(БЖБ) (3 сынып, I тоқсан )
Қысқа мерзімді сабақ жоспары [ҚМЖ] жинағы
Қазақ тілінен сабақ жоспары: «Жақсыдан үйрен жаманнан жирен» ортақ тақырыбы бойынша жиынтық бағалау(БЖБ) (3 сынып, I тоқсан )
Қазақ тілінен сабақ жоспары: № 11-сабақ Мәтін түрлері мен құрылымдық бөліктері (3 сынып, I тоқсан )
Қысқа мерзімді сабақ жоспары [ҚМЖ] жинағы
Қазақ тілінен сабақ жоспары: № 11-сабақ Мәтін түрлері мен құрылымдық бөліктері (3 сынып, I тоқсан )
Қазақ тілінен сабақ жоспары: 4-сабақ Мәтін (3 сынып, I тоқсан )
Қысқа мерзімді сабақ жоспары [ҚМЖ] жинағы
Қазақ тілінен сабақ жоспары: 4-сабақ Мәтін (3 сынып, I тоқсан )

KZ / Сабақ жоспары жинағы / Қысқа мерзімді сабақ жоспары [ҚМЖ] жинағы, сабақ жоспары 24-сабақ В дыбысы (Әңгіме құрауды үйренемін) 3 сынып қазақ тілі, қазақ тілінен қмж кмж қысқа мерзімді сабақ жоспары, поурочные планы на казахском языке, казак тили кыска мерзимди сабак жоспары, 24-сабақ В дыбысы (Әңгіме құрауды үйренемін), сабақ жоспары 24-сабақ В дыбысы (Әңгіме құрауды үйренемін) 3 сынып қазақ тілі қазақ тілінен қмж кмж қысқа мерзімді сабақ жоспары поурочные планы на казахском языке казак тили кыска мерзимди сабак жоспары 24-сабақ В дыбысы (Әңгіме құрауды үйренемі, Қазақ тілінен сабақ жоспары: 24-сабақ В дыбысы (Әңгіме құрауды үйренемін) (3 сынып, I тоқсан )