» » » » Қазақ тілінен сабақ жоспары: 23-сабақ Э дыбысы Әңгімелеу мәтінін жазып үйренемін (3 сынып, I тоқсан )

Қазақ тілінен сабақ жоспары: 23-сабақ Э дыбысы Әңгімелеу мәтінін жазып үйренемін (3 сынып, I тоқсан )

Қазақ тілінен сабақ жоспары: 23-сабақ Э дыбысы Әңгімелеу мәтінін жазып үйренемін (3 сынып, I тоқсан ) казакша Қазақ тілінен сабақ жоспары: 23-сабақ Э дыбысы Әңгімелеу мәтінін жазып үйренемін (3 сынып, I тоқсан ) на казахском языке
Пән: Қазақ тілі
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Жақсыдан үйрен, жаманнан жирен
Сабақтың тақырыбы: 23-сабақ Э дыбысы. Әңгімелеу мәтінін жазып үйренемін
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары: (оқу бағдарламасына сілтеме) 3.1.1.1 тыңдаған материал бойынша тірек сөздерді белгілеу, ашық және жабық сұрақтарға жауап беру;
3.2.5.1 берілген тақырып/сұрақ бойынша түрлі дереккөздерден (мәтін/сөздік/сызба/кесте/карта) алынған ақпараттарда кездесетін жаңа сөздердің мағынасын сөздіктер арқылы ашу, жүйелеу, мағлұматтардың маңызды тұстарын анықтау;
3.4.1.1 э, ф, в, ц әріптері бар сөздерді сауатты жазу;
3.3.1.1 жоспар/сызбаны қолдана отырып тірек сөздер арқылы әңгімелеу мәтінін, салыстыра сипаттау мәтінін, көмекші сөздер арқылы пайымдау мәтінін құрап жазу.
Сабақтың мақсаттары:
Оқушылардың барлығы:
- тыңдаған мәтін бойынша тірек сөздерді белгілей біледі, мәтін мазмұны бойынша жабық сұрақтарға жауап береді;
- жаңа сөздердің мағынасын түсіндірме сөздікті қолдану арқылы түсіндіреді;
- үлгі негізінде есте сақтап құрамында э дыбысы бар сөздерді сауатты жазады;
- жоспар бойынша берілген сөздер мен сөз тіркестерін қолданып әңгімелеу мәтін құрап жаза алады
Оқушылардың көпшілігі:
- тыңдаған материал бойынша тірек сөздерді белгілейді, мәтін мазмұны бойынша ашық және жабық сұрақтарға жауап береді;
- жаңа сөздердің мағынасын түсіндірме сөздікті қолдану арқылы түсіндіреді, сөздерді сөз таптарына қарай топтастыра алады;
- сөз құрамында дыбыстарды ажыратып, сауатты жазады;
- жоспар бойынша сөздер мен сөз тіркестерді өз бетінше іріктеп орынды қолданып мәтін құрап жаза алады;
Оқушылардың кейбірі:
- тыңдаған материалынан тірек сөздерді өз бетінше табады, мәтін мазмұны бойынша ашық және жабық сұрақтар құрастырады және нақты тұжырыммен жауап береді;
- жаңа сөздердің мағынасын түсіндіреді, сөздерді сөз таптарына қарай топтастыра алады;
- сөз құрамында э әрпі бар сөздерді сөйлем құрамында сауатты жазады;
- жоспар бойынша көркем бейнелі сөздерді қолданып мәтін құрап жаза алады.\
Сабақ барысы: (МК) Сабақ тақырыбы мен оқу мақсатын таныстыру.
(Ж, Ұ, Ж, Қ) «Бинго» ойыны. Сөз қоржынын толтыру. Белгіленген уақыт аралығында достарынан құрамында э дыбысы бар 10 сөз сұрап, жазып алу керек.
Оқушылар есімі Құрамында э дыбысы бар сөздер
1. Еркін элеватор
2. экскалатор
Шарты. Сөзді қайталап жазуға болмайды:
Сұқбат барысында сөйлеу мәдениетін сақтау.
Жұпта бір-бірінің жұмысын тексеру.
«Бас бармақ» - өзара бағалау.
(МК,Ұ) Қорытындылау:
- Э дыбысы қандай сөздерде кездеседі?
- Э қандай дыбыс?
Артикуляциялық жаттығу. Дыбысты дұрыс дыбыстау.
Көркем жазу. Ээ, эл, экс-
(Ө; ОТ; Қ) 17-жаттығу. Есте сақтау диктанты. Э әрпі бар сөздерді сауатты жазу. Сөздердің мағынасын түсіндіру. Таңдаған сөзіне дыбыстық талдау жасау.
Дескриптор:
- құрамында э әрпі бар сөздерді қатесіз жаза алады;
- жазу барысында әріптердің байланысын сақтайды.
(Ө; Қ) Құлыптағы жасырынған сөздерді тауып оқу.
Құлыптағы жасырынған сөзді тауып оқу үшін бос торкөздерге кілттегі тиісті әріптерді жазады.
Шешуі: болашақтың энергиясы.
Жазған жұмыстарын топта жариялап оқиды.
Оқушылардың дүниетанымын кеңейту мақсатында «Болашақтың энергия көзі не болуы мүмкін? сұрағын талқылау.
Сргіту сәті. «Теңіздегі капитан».
Оқушылар ойын шартымен таныстырылады. Мақсаты: байқампаздыққа, шапшаңдыққа, бір-бірінің әрекетін бақылампаздық қалыптастыру.
«Теңіздегі капитан» дегенде, қозғалысқа түседі.
«Су» дегенде, 3 оқушы орталарына бір оқушыны алып шеңбер жасап тұрады.
«Түскі ас» дегенде, 4 оқушыдан бірігіп, тамақ ішу сәтін бейнелейді.
«Палуба» дегенде, жұптасып қимылдау керек
3.2.5.1 (Ө; Ж,Т, Ұ) 16-жаттығу. «Инсерт» әдісі Мәтінді оқу. Жаңа сөздердің мағынасын ашу. Дереккөздерден мәлімет табу.
Сұрақтарға жазбаша жауап беру.
1-тапсырма. Мәтінді түсініп оқу. Мәтіннен э дыбысы бар сөздерді теріп жазу. Жаңа сөздердің мағынасын сөздік арқылы анықтау: ЭКСПО, ТМД, энергия, эфир.
2-тапсырма. Оқулықта берілген сұрақтарға мәтіннен жауабын табу. Мәтіндегі маңызды мәліметті анықтау.
(Т) Дереккөздерден мәлімет табу.
ЭКСПО көрмесі қай уақыт аралығында өтті?
ЭКСПО-ның басты ғимараты қалай аталады?
Көрмеге қанша мемлекет қатысты?
Саралау
Үлестірме ретінде ЭКСПО көрмесі туралы шағын мәтін, брошура ұсыну
Дескриптор:
- сұраққа дереккөздерден жауап таба алады;
- жаңа сөздердің мағынасын сөздіктер арқылы таба алады;
(МК,Ұ, Ж,Ө,Қ) «ЭКСПО-2017 көрмесі» тақырыбы бойынша әңгімелеу мәтінін құрап жазу. «Бірлесіп жазу» әдісі. Астанадағы ЭКСПО көрмесі туралы маңызды қандай мәліметтер білдім? Талқылау. Бірлесе отырып, тірек сөздер белгілеу. Жоспар құру.
Тірек сөздер үлгісі: бүкіләлемдік, Нұрлы әлем, болашақ энергиясы.
Мұғалімнің басшылығымен әңгімелеу мәтінінің алғашқы сөйлемін жазу. Жұпта ақылдасып екінші сөйлемді жазу. Ары қарай өзі жалғастыру.
Орындалған жұмыстарын оқып таныстыру.
Сөйлемнің дұрыс құрылуын тексеру.
Айтар ой түсінікті ме?
Сөйлемдер өзара байланысты құрастырылған ба?
Өзара жұмыстарын тексереді. Бір-бірінің қатесін тауып, түзетеді.
Саралау.
Қатемен жұмыс ұйымдастыру.
Дескриптор:
- ақпараттың маңызды тұстарын жазба жұмысында қолдана алады;
- тірек сөздерді орынды қолданады;
- әңгімелеу мәтіні құрылымын сақтайды;
- сөйлемдерді өзара мағыналық байланыстыра алады;......



Полную версию материала можете скачать на сайте zharar.com через 30 секунд !!!

Автор: Umit | 575 |


Комментарии для сайта Cackle

Загрузка...
Рекомендуем:
Қазақ тілінен сабақ жоспары: №3-сабақ Ұзынсары Тура және ауыспалы мағыналы сөздерді қайталау (3 сынып, IV тоқсан )
Қысқа мерзімді сабақ жоспары [ҚМЖ] жинағы
Қазақ тілінен сабақ жоспары: №3-сабақ Ұзынсары Тура және ауыспалы мағыналы сөздерді қайталау (3 сынып, IV тоқсан )
Қазақ тілінен сабақ жоспары: №14 сабақ Сипаттау мәтінін жазу (3 сынып, III тоқсан )
Қысқа мерзімді сабақ жоспары [ҚМЖ] жинағы
Қазақ тілінен сабақ жоспары: №14 сабақ Сипаттау мәтінін жазу (3 сынып, III тоқсан )
Қазақ тілінен сабақ жоспары: Тарихи жағдайды сипаттау (3 сынып, II тоқсан )
Қысқа мерзімді сабақ жоспары [ҚМЖ] жинағы
Қазақ тілінен сабақ жоспары: Тарихи жағдайды сипаттау (3 сынып, II тоқсан )
Қазақ тілінен сабақ жоспары: Көне өркениетті зерттеу (3 сынып, II тоқсан )
Қысқа мерзімді сабақ жоспары [ҚМЖ] жинағы
Қазақ тілінен сабақ жоспары: Көне өркениетті зерттеу (3 сынып, II тоқсан )
Қазақ тілінен сабақ жоспары: 25-сабақ Ф дыбысы (3 сынып, I тоқсан )
Қысқа мерзімді сабақ жоспары [ҚМЖ] жинағы
Қазақ тілінен сабақ жоспары: 25-сабақ Ф дыбысы (3 сынып, I тоқсан )
Қазақ тілінен сабақ жоспары: 27-сабақ Ч щ дыбыстары (3 сынып, I тоқсан )
Қысқа мерзімді сабақ жоспары [ҚМЖ] жинағы
Қазақ тілінен сабақ жоспары: 27-сабақ Ч щ дыбыстары (3 сынып, I тоқсан )
Қазақ тілінен сабақ жоспары: «Жақсыдан үйрен жаманнан жирен» ортақ тақырыбы бойынша жиынтық бағалау(БЖБ) (3 сынып, I тоқсан )
Қысқа мерзімді сабақ жоспары [ҚМЖ] жинағы
Қазақ тілінен сабақ жоспары: «Жақсыдан үйрен жаманнан жирен» ортақ тақырыбы бойынша жиынтық бағалау(БЖБ) (3 сынып, I тоқсан )
Қазақ тілінен сабақ жоспары: Сипаттау мәтіні және оның құрылымдық бөліктері (3 сынып, I тоқсан )
Қысқа мерзімді сабақ жоспары [ҚМЖ] жинағы
Қазақ тілінен сабақ жоспары: Сипаттау мәтіні және оның құрылымдық бөліктері (3 сынып, I тоқсан )
Қазақ тілінен сабақ жоспары: Өткенді пысықтау «Жанды табиғат» ортақ тақырыбы бойынша жиынтық бағалау (3 сынып, I тоқсан )
Қысқа мерзімді сабақ жоспары [ҚМЖ] жинағы
Қазақ тілінен сабақ жоспары: Өткенді пысықтау «Жанды табиғат» ортақ тақырыбы бойынша жиынтық бағалау (3 сынып, I тоқсан )
Қазақ тілінен сабақ жоспары: Өмір кезеңдері туралы мәтіндер оқу (3 сынып, I тоқсан )
Қысқа мерзімді сабақ жоспары [ҚМЖ] жинағы
Қазақ тілінен сабақ жоспары: Өмір кезеңдері туралы мәтіндер оқу (3 сынып, I тоқсан )
Қазақ тілінен сабақ жоспары: Өмір кезеңдері туралы анықтамалық мәтіндерін оқу (3 сынып, I тоқсан )
Қысқа мерзімді сабақ жоспары [ҚМЖ] жинағы
Қазақ тілінен сабақ жоспары: Өмір кезеңдері туралы анықтамалық мәтіндерін оқу (3 сынып, I тоқсан )
Қазақ тілінен сабақ жоспары: № 12-сабақ Пайымдау мәтінін құраймын (3 сынып, I тоқсан )
Қысқа мерзімді сабақ жоспары [ҚМЖ] жинағы
Қазақ тілінен сабақ жоспары: № 12-сабақ Пайымдау мәтінін құраймын (3 сынып, I тоқсан )
Қазақ тілінен сабақ жоспары: № 11-сабақ Мәтін түрлері мен құрылымдық бөліктері (3 сынып, I тоқсан )
Қысқа мерзімді сабақ жоспары [ҚМЖ] жинағы
Қазақ тілінен сабақ жоспары: № 11-сабақ Мәтін түрлері мен құрылымдық бөліктері (3 сынып, I тоқсан )
Қазақ тілінен сабақ жоспары: 7- сабақ Мәтін түрлері және құрылымдық бөліктері (3 сынып, I тоқсан )
Қысқа мерзімді сабақ жоспары [ҚМЖ] жинағы
Қазақ тілінен сабақ жоспары: 7- сабақ Мәтін түрлері және құрылымдық бөліктері (3 сынып, I тоқсан )
Қазақ тілінен сабақ жоспары: №5 -сабақ Мәтін түрлері және құрылымдық бөліктері (3 сынып, I тоқсан )
Қысқа мерзімді сабақ жоспары [ҚМЖ] жинағы
Қазақ тілінен сабақ жоспары: №5 -сабақ Мәтін түрлері және құрылымдық бөліктері (3 сынып, I тоқсан )
Қазақ тілінен сабақ жоспары: 3-сабақ  Мәтін (3 сынып, I тоқсан )
Қысқа мерзімді сабақ жоспары [ҚМЖ] жинағы
Қазақ тілінен сабақ жоспары: 3-сабақ Мәтін (3 сынып, I тоқсан )

KZ / Сабақ жоспары жинағы / Қысқа мерзімді сабақ жоспары [ҚМЖ] жинағы, сабақ жоспары 23-сабақ Э дыбысы Әңгімелеу мәтінін жазып үйренемін 3 сынып қазақ тілі, қазақ тілінен қмж кмж қысқа мерзімді сабақ жоспары, поурочные планы на казахском языке, казак тили кыска мерзимди сабак жоспары, 23-сабақ Э дыбысы Әңгімелеу мәтінін жазып үйренемін, сабақ жоспары 23-сабақ Э дыбысы Әңгімелеу мәтінін жазып үйренемін 3 сынып қазақ тілі қазақ тілінен қмж кмж қысқа мерзімді сабақ жоспары поурочные планы на казахском языке казак тили кыска мерзимди сабак жоспары 23-сабақ Э дыбысы Әңгімелеу мәтінін, Қазақ тілінен сабақ жоспары: 23-сабақ Э дыбысы Әңгімелеу мәтінін жазып үйренемін (3 сынып, I тоқсан )