» » » » Қазақ тілінен сабақ жоспары: 22-сабақ Қыстырма сөздер (3 сынып, I тоқсан )

Қазақ тілінен сабақ жоспары: 22-сабақ Қыстырма сөздер (3 сынып, I тоқсан )

Қазақ тілінен сабақ жоспары: 22-сабақ Қыстырма сөздер (3 сынып, I тоқсан ) казакша Қазақ тілінен сабақ жоспары: 22-сабақ Қыстырма сөздер (3 сынып, I тоқсан ) на казахском языке
Пән: Қазақ тілі
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Жақсыдан үйрен, жаманнан жирен
Сабақтың тақырыбы: 22-сабақ Қыстырма сөздер
Оқу мақсаттары: 3.1.3.1 түрлі жағдаяттағы (қоғамдық ортада) қатысымдық әрекеттерде өз сөзін жүйелі түрде жоспарлап, тілдік нормаларды сақтап сөйлеу;
3.1.1.1 тыңдаған материал бойынша тірек сөздерді белгілеу, ашық және жабық сұрақтарға жауап беру;
3.3.7.1 қаратпа, қыстырма сөздерді ажырату және тыныс белгілерін дұрыс қою.
Сабақтың мақсаттары: Оқушылардың барлығы:
- сұхбаттасының айтқанын тыңдап, сөйлеу мәдениетін сақтап, диалогке қатысады;
- тыңдаған мәтін бойынша тірек сөздерді белгілей біледі, мәтін мазмұны бойынша жабық сұрақтарға жауап береді;
- үлгі бойынша сөйлем құрамында қыстырма сөзді ажырата алады, сөйлем сызбасы негізінде тыныс белгісін қолданады
Оқушылардың көпшілігі:
- қызығушылықпен тыңдап, сөзін жүйелі түрде жоспарлап, сөйлеу мәдениетін сақтап сөйлейді;
- тыңдаған материал бойынша тірек сөздерді белгілейді, мәтін мазмұны бойынша ашық және жабық сұрақтарға жауап береді;
- сөйлем құрамында қыстырма сөзді ажырата алады, сөйлем сызбасы негізінде тыныс белгісін қолданады
Оқушылардың кейбірі:
- қызығушылықпен және комментарий айта отырып тыңдайды, түрлі жағдаяттарда жүйелі, сөйлеу мәдениетін сақтап сөйлейді;
- тыңдаған материалынан тірек сөздерді өз бетінше табады, мәтін мазмұны бойынша ашық және жабық сұрақтар құрастырады және нақты тұжырыммен жауап береді;
- сөйлем құрамында қыстырма сөзді ажырата алады және тыныс белгісін қолданады.
Сабақ барысы: (Ұ,Т) Грамматикалық ширату. «Консенсус» әдісі Берілген сөйлемдерде қолданылған сөздердің ерекшелігіне қарай топтастыру. Топтастыру себебін негіздеу.
Қарағым, жаманмен дос болсаң, қаларсың ұятқа.
Шынымды айтсам, сіздің әрекетіңізбен келісе алмай тұрмын.
Гүлдерге су құй, балам.
Кішілерге қамқор болу қажет екен, расында.
Менің уайымдағаным да сенің жағдайың, күнім-ау.
Құлыным, ешқашан ғайбат сөз сөйлеме.
Әрине, соңғы шешімді өзің қабылдайсың?
Көңіл қалса, өкінішке орай, қалпына келтіру қиын. т.с.с
1-топ 2-топ
Саралау. Мұғалімнің қолдауын қажет ететін оқушылар үшін қыстырма, қыстырма сөздердің астын сызып беру.
Сабақ мақсатын хабарлау. Бағалау критерийлерін белгілеу.
(МК, Т) Қыстырма және қыстырма сөздерді салыстыру. «Венн диаграммасы» әдісі.
Қандай ұқсастығы мен ерекшеліктері бар?
Дескриптор:
- Қыстырма сөз бен қаратпа сөздің қолданылу мақсатын біледі;
- Қыстырма сөз бен қаратпа сөзді ажырата алады;
- Қаратпа және қыстырма сөздердің емлесін түсіндіре алады.
3.1.3.1 (МК; Ө, Т; Қ) Өлеңді тыңдау. Мәтін тапсырмасы: Өлең мазмұны бойынша тірек сөздерді белгілеу. Ашық және жабық сұрақтарға жауап беру. Өз көзқарасын білдіру білігін бағалау.
12-жаттығу. А.Асылбековтің «Жақсы мен жаман» өлеңі негзінде тірек сөздер мен сөз тіркестерді кестеге белгілеу
Жақсы істер Жаман істер
Тірек сөздер үлгісі:
+ әдеп, өнеге, үлкенді сыйлау, ақыл тыңдау;
- жақсы істі көрмеу, көмек бермеу.
Тірек сөздерді талқылау, идея алмасу. Ортақ тізім жасау.
«Кезекші микрофон» тәсілі. Сұраққа қыстырма сөздерді қолданып жауап беру.
Шынымды айтсам,....
Расында, ...
Менің ойымша, ....
Әлбетте, ...
1. Өлеңде аталған жақсы істерді қаншалықты орындап жүрсің?
2. Кішілерге көмек берген сәтіңді айтып бере аласың ба?
Дескриптор:
- мәтіннен тірек сөздерді табады;
- мәтін мазмұны бойынша ашық және жабық сұрақтарға жауап береді;
- қыстырма сөзді қолданып, сұраққа жауап бере алады.
3.3.6.1 (Ө; Қ, Т) Есте сақтау диктанты. 13-жаттығу. (10-15 сек. аралығында жаттау)
Мақалды жатқа жазу. Қатесіз жазылуын тексеру. Қатемен жұмыс ұйымдастыру.
Мақалдың мағынасына шағын топта талқылау. Мақал негізінде қыстырма сөзді қолданып, 2 сөйлем құрастырып жазу.
Дескриптор:
- сауатты жазу;
- қыстырма сөздің емлесін дұрыс қолдану;
- қыстырма сөзді орынды қолдану.
Саралау:
- Өлең мазмұнын ашатын мақал-мәтелдер беру.
Оқушылардың дәлелдеу жасауында «өйткені», «себебі», «сондықтан» көмекші сөздерін қолданып сөйлеуі қадағаланады.
3.1.3.1 (Ж,Т; Қ) Шығармашылық жұмыс. Берілген жағдаяттар аясында жоспарлы, жүйелі сөйлеу. «Ішкі және сыртқы шеңбер» (Карусель) әдісі.
15-жаттығу. Жағдаяттық тапсырманы оқып, топта талқылайды. Өз көзқарастарын топта жариялайды. Жағдаяттық тапсырманы ұсынбас бұрын оқушылардың бірін-бірі бағалау критерийлері таныстырылады.
Талқылау сұрақтары:
- Бауыржанның мұндай әрекет жасауына не себеп блуы мүмкін?
- Бауыржан сенің жан досың болса, оған қалай көмек берер едің?
- Күнделікті өмірде осындай әрекеттерге куә болғанда, жағдайды шешуге қалай ықпал жасар едің?
Оқушылар берілген критерийлер бойынша бірін-бірі бағалайды.
Дескриптор:
• жағдаят мазмұнына сай сөздер тізбегін тиімді қолдана алады;
• дұрыс ой тұжырымын жасайды;
• сөйлеу барысында тиісті дауыс мәнерін қояды.
Ұсынылған бағалау критерийлері бойынша бірін-бірі бағалайды. ......


Полную версию материала можете скачать на сайте zharar.com через 33 секунд !!!

Автор: Umit | 996 |


Комментарии для сайта Cackle

Загрузка...
Рекомендуем:
Қазақ тілінен сабақ жоспары: №4-сабақ Наурыз көже мазмұндама жазу (3 сынып, IV тоқсан )
Қысқа мерзімді сабақ жоспары [ҚМЖ] жинағы
Қазақ тілінен сабақ жоспары: №4-сабақ Наурыз көже мазмұндама жазу (3 сынып, IV тоқсан )
Қазақ тілінен сабақ жоспары: 4-тоқсан «Су – тіршілік көзі» бөлімі бойынша жиынтық бағалау (БЖБ) (3 сынып, IV тоқсан )
Қысқа мерзімді сабақ жоспары [ҚМЖ] жинағы
Қазақ тілінен сабақ жоспары: 4-тоқсан «Су – тіршілік көзі» бөлімі бойынша жиынтық бағалау (БЖБ) (3 сынып, IV тоқсан )
Қазақ тілінен сабақ жоспары: №11-сабақ Әңгімелеуді үйрендім  (3 сынып, IV тоқсан )
Қысқа мерзімді сабақ жоспары [ҚМЖ] жинағы
Қазақ тілінен сабақ жоспары: №11-сабақ Әңгімелеуді үйрендім (3 сынып, IV тоқсан )
Қазақ тілінен сабақ жоспары: № 60-сабақ Жалаң және жайылма сөйлем (3 сынып, II тоқсан )
Қысқа мерзімді сабақ жоспары [ҚМЖ] жинағы
Қазақ тілінен сабақ жоспары: № 60-сабақ Жалаң және жайылма сөйлем (3 сынып, II тоқсан )
Қазақ тілінен сабақ жоспары: № 59-сабақ Сөйлем мүшелерінің байланысы (3 сынып, II тоқсан )
Қысқа мерзімді сабақ жоспары [ҚМЖ] жинағы
Қазақ тілінен сабақ жоспары: № 59-сабақ Сөйлем мүшелерінің байланысы (3 сынып, II тоқсан )
Қазақ тілінен сабақ жоспары: №48-сабақ Түбір мен қосымшаның жазылуы (3 сынып, II тоқсан )
Қысқа мерзімді сабақ жоспары [ҚМЖ] жинағы
Қазақ тілінен сабақ жоспары: №48-сабақ Түбір мен қосымшаның жазылуы (3 сынып, II тоқсан )
Қазақ тілінен сабақ жоспары: 6-сабақ Сөйлемнің тұрлаулы және тұрлаусыз мүшелері (3 сынып, II тоқсан )
Қысқа мерзімді сабақ жоспары [ҚМЖ] жинағы
Қазақ тілінен сабақ жоспары: 6-сабақ Сөйлемнің тұрлаулы және тұрлаусыз мүшелері (3 сынып, II тоқсан )
Қазақ тілінен сабақ жоспары: 27-сабақ Ч щ дыбыстары (3 сынып, I тоқсан )
Қысқа мерзімді сабақ жоспары [ҚМЖ] жинағы
Қазақ тілінен сабақ жоспары: 27-сабақ Ч щ дыбыстары (3 сынып, I тоқсан )
Қазақ тілінен сабақ жоспары: 1-тоқсан жиынтық бағалауы (ТЖБ) (3 сынып, I тоқсан )
Қысқа мерзімді сабақ жоспары [ҚМЖ] жинағы
Қазақ тілінен сабақ жоспары: 1-тоқсан жиынтық бағалауы (ТЖБ) (3 сынып, I тоқсан )
Қазақ тілінен сабақ жоспары: Сипаттау мәтінін құрастырайық (3 сынып, I тоқсан )
Қысқа мерзімді сабақ жоспары [ҚМЖ] жинағы
Қазақ тілінен сабақ жоспары: Сипаттау мәтінін құрастырайық (3 сынып, I тоқсан )
Қазақ тілінен сабақ жоспары: Сипаттау мәтіні және оның құрылымдық бөліктері (3 сынып, I тоқсан )
Қысқа мерзімді сабақ жоспары [ҚМЖ] жинағы
Қазақ тілінен сабақ жоспары: Сипаттау мәтіні және оның құрылымдық бөліктері (3 сынып, I тоқсан )
Қазақ тілінен сабақ жоспары: Мазмұндама жазайық (3 сынып, I тоқсан )
Қысқа мерзімді сабақ жоспары [ҚМЖ] жинағы
Қазақ тілінен сабақ жоспары: Мазмұндама жазайық (3 сынып, I тоқсан )
Қазақ тілінен сабақ жоспары: Қыстырма сөз («Жанды табиғат туралы мәтін құрастырамын» тақырыпшасы ) (3 сынып, I тоқсан )
Қысқа мерзімді сабақ жоспары [ҚМЖ] жинағы
Қазақ тілінен сабақ жоспары: Қыстырма сөз («Жанды табиғат туралы мәтін құрастырамын» тақырыпшасы ) (3 сынып, I тоқсан )
Қазақ тілінен сабақ жоспары: 15-сабақ Сөйлеу мәдениетін үйренемін (3 сынып, I тоқсан )
Қысқа мерзімді сабақ жоспары [ҚМЖ] жинағы
Қазақ тілінен сабақ жоспары: 15-сабақ Сөйлеу мәдениетін үйренемін (3 сынып, I тоқсан )
Қазақ тілінен сабақ жоспары: Қаратпа сөздер (Жанды табиғат туралы мәтін құрастырамын тақырыпшасы аясында) (3 сынып, I тоқсан )
Қысқа мерзімді сабақ жоспары [ҚМЖ] жинағы
Қазақ тілінен сабақ жоспары: Қаратпа сөздер (Жанды табиғат туралы мәтін құрастырамын тақырыпшасы аясында) (3 сынып, I тоқсан )
Қазақ тілінен сабақ жоспары:  Күз келді (3 сынып, I тоқсан, 1 бөлім)
Қысқа мерзімді сабақ жоспары [ҚМЖ] жинағы
Қазақ тілінен сабақ жоспары: Күз келді (3 сынып, I тоқсан, 1 бөлім)

KZ / Сабақ жоспары жинағы / Қысқа мерзімді сабақ жоспары [ҚМЖ] жинағы, сабақ жоспары 22-сабақ Қыстырма сөздер 3 сынып қазақ тілі, қазақ тілінен қмж кмж қысқа мерзімді сабақ жоспары, поурочные планы на казахском языке, казак тили кыска мерзимди сабак жоспары, 22-сабақ Қыстырма сөздер, сабақ жоспары 22-сабақ Қыстырма сөздер 3 сынып қазақ тілі қазақ тілінен қмж кмж қысқа мерзімді сабақ жоспары поурочные планы на казахском языке казак тили кыска мерзимди сабак жоспары 22-сабақ Қыстырма сөздер, Қазақ тілінен сабақ жоспары: 22-сабақ Қыстырма сөздер (3 сынып, I тоқсан )