Өмір кезеңдерінің тілін зерттеу Мазмұндама (3 сынып, I тоқсан )

 Өмір кезеңдерінің тілін зерттеу Мазмұндама (3 сынып, I тоқсан )

Пән: Қазақ тілі
Ұзақ мерзімді жоспар Тірі табиғат
Сабақ тақырыбы: Өмір кезеңдерінің тілін зерттеу. Мазмұндама
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары: (оқу бағдарламасына сілтеме)
3.1.2.1* мәтіннің тақырыбы мен берілген суреттер, фото, бойынша мәтіннің мазмұнын болжау
3.1.1.1 тыңдаған материал бойынша тірек сөздерді белгілеу, ашық және жабық сұрақтарға жауап беру
3.3.3.1* тыңдаған материалдар бойынша мұғалімнің көмегімен жоспар құру, мазмұндама жазу
Сабақ мақсаттары:
Барлығы:
• жетекші сұрақтардың көмегімен берілген суреттер бойынша мәтіннің мазмұнын болжайды;
• тыңдаған мәтін бойынша тірек сөздерді белгілей біледі,
мәтін мазмұны бойынша жабық сұрақтарға жауап береді;
• тыңдаған материал бойынша бірлесіп жоспар құрады, үлгі бойынша мазмұндама жазады;
Көпшілігі:
• тақырып пен сурет бойынша мәтін мазмұнын болжайды;
тыңдаған мәтін бойынша тірек сөздерді белгілейді , мәтін мазмұны бойынша ашық және жабық сұрақтарқұрай алады .;
• тыңдаған материал бойынша бірлесіп жоспар құрады, тірек сөздерді қолданып мазмұндама жазады
Кейбірі:
• сурет бойынша жасаған болжамын негіздей алады;
• тыңдаған мәтіннен тірек с-здерді өз бетінше табады, мәтін бойынша ашық және жабық сұрақтар құрастырады және нақты тұжырыммен жауап береді;
• тыңдаған материалдар бойынша жоспар құрады,мазмұндама жазады.
Сабақ барысы: (Ұ) « Бақа» туралы не білеміз? «Миға шабуыл» әдісі
(Қандай да болмасын ақпарат (мәлімет, проблема, сұрақ) туралы бар білгендерін жазбаша немесе ауызша келтіреді.)
Сабақтың тақырыбы мен мақсатын анықтау.
Мұғалімнің сабақтың тақырыбын айту, мақсатымен таныстыруы
Бүгінгі сабағымыздың мақсаты сурет бойынша мәтін мазмұнын болжау, тыңдалған мәтін бойынша тірек сөздерді жазу, мәтін бойынша сұрақтарға жауап беріп, мазмұндама жазып үйренеміз.
Негізгі бөлім
Тыңдалым алды тапсырмасы. Болжау
- Бақа қандай тіршілік иелерімен кездесуі мүмкін?
- Бақа басқа тіршілік иелерімен кездескенде не туралы сөйлесуі мүмкін? Неліктен?
- Бақа туралы қандай ертегі, мульфильмдер білесің?
Дескриптор
- жетекші сұрақтар бойынша мәтін мазмұнын болжай алады;
- жасаған болжамын негіздей алады;
- Ал енді «Бақа қайда барады?» туралы мәтінді мұқият тыңдап, тыңдаған мәтіннен тірек сөздерді жазып отыру керек. Мәтін бойынша бойынша ашық және жабық сұрақтарға жауап бересіңдер.
1-тапсырма:
Тыңдалым. Мәтінді тыңдайды.
Түртіп алу әдісі бойынша :
1) Оқушылар тыңдаған мәтіннен тірек сөздерді түртіп алады (бақа, бақ-бақ, гүл қауызы, ұлу, қызыл көбелек, көңілді бақа, орманға, шаршап-шалдығып )
2) Неліктен бұл сөздерді тірек сөздер деп ойлайсыңдар?
2. «Ыстық микрофон» әдісі.
Мәтін бойынша сұрақтарға жауап беру. ( Баланы жылдам әрі тұжырымды ойлауға дағдыландыру)
- Бақа жолында кездескен қай тіршілік иесін өзімен салыстыра отырып, өзіне қандай баға берді?
Бұл мәтінің қай бөлігінде айтылған, кім тауып оқиды?
- Бақа серуенінде тағы қандай қызықтарды басынан өткізді?
- Бақаның іс –әрекетін қалай бағалайсыңдар?
(ҚБ) Дескриптор
- Мәтіннен тірек сөздерді белгілей алады;
- Мәтін бойынша сұраққа жауап бере алады;
- Мәтін бойынша ашық және жабық сұрақтар құрастыра алады;
Оқушыларға кері байланыс беру.
Сергіту сәті
«Көңілді күн» әні
2-тапсырма. Жоспар құру
Бақа қайда барады? мәтіні бөліктерге бөліп таратылады, ертегінің басын, негізгі бөлімін ,соңын анықтайды, кестеге жапсырады. Әр бөлікке ат қояды.
Басы
Негізгі бөлімі
Соңы
1- Бақаның серуені.
2- Жан-жануарлармен кездесуі.
3- Бақаның мекеніне оралуы.
Дескриптор
- мәтінді логикалық бөліктерге бөле алады;
- жоспар құрай алады;
Саралау: оқушыларға мазмұндама жазу үшін мәтін бөліктері қима қағаздарға жазылып беріледі, ал қабілетті оқушылар өздері жоспар құрып, мазмұндама жазады.
- . жоспар бойынша мазмұндай алады;
3-тапсырма Жазылым
(Ж, Ө, Қ) Мазмұндама жазу
Жұбымен ақылдаса отырып, жоспар бойынша мазмұндама жазады.
Жазған жұмыстарын өзара оқып тексереді.
- Жоспарға сәйкес оқиға реті сақталған ба?
- Сөйлем түсінікті әрі құрылымы сақталған ба?
- Оқырманды қызықтыратын сөз тіркестері қолданылған ба?
- Қате кездеседі ме?
Өзара кері байланыс: 2 жұлдыз, 1 тілек. ......


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇
  • Автор: Umit
  • 861



Пайдалы сілтемелер:
» Ораза кестесі 2024 жыл. Астана, Алматы, Шымкент т.б. ауыз бекіту және ауызашар уақыты
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу

Соңғы жаңалықтар:
» 2024 жылы студенттердің стипендиясы қанша теңгеге өседі
» қазақ тілі тестілеуде_келген_сұрақтар_зерттеуші
» Наурыз мейрамы Қазақстанда жаңа форматта тойланады