№ 11-сабақ Мәтін түрлері мен құрылымдық бөліктері (3 сынып, I тоқсан )

 № 11-сабақ Мәтін түрлері мен құрылымдық бөліктері (3 сынып, I тоқсан )

Пән: Қазақ тілі
Бөлімі: Жанды табиғат
Тақырыбы: № 11-сабақ. Мәтін түрлері мен құрылымдық бөліктері.
Оқу мақсаты: 3.2.1.1 тірек сөздер/көмекші сөздер арқылы мәтін түрлерін (әңгімелеу, сипаттау, пайымдау) және оның құрылымдық бөліктерін анықтау;
3.2.3.1 мәтін мазмұны бойынша пікір білдіруге бағытталған сұрақтар құрастыру және жауап беру;
3.3.5.1 жіберілген пунктуациялық, орфографиялық, грамматикалық және стилистикалық қателерді мұғалімнің көмегімен тауып, түзету;
Сабақтың мақсаты:
Барлық оқушылар:
-тірек сызба мен көмекші сөздер арқылы пайымдау мәтінін анықтайды;
-мәтін мазмұны бойынша пікір білдіруге бағытталған сұрақтарға жауап береді, берілген сұрақтарды пайдаланып пікір білдіруге бағытталған сұрақтар құрастырады;
-мұғалімнің қолдауымен жіберілген пунктуациялық, грамматикалық қателерді тауып, түзетеді
Оқушылардың көбі:
-көмекші сөздер арқылы пайымдау мәтінін және құрылымдық бөліктерін анықтайды;
-мәтін мазмұны бойынша пікір білдіруге бағытталған сұрақтар құрастырады және сұрақтарға жауап береді;
-жіберілген пунктуациялық, грамматикалық қателерді үлгі/талдау негізінде тауып, түзетеді
Оқушылардың кейбірі:
-пайымдау мәтінін және құрылымдық бөліктерін өз бетінше анықтайды;
-мәтін мазмұны бойынша пікір білдіруге бағытталған сұрақтар құрастырады және өз жауабын негіздеп жауап береді;
-жіберілген пунктуациялық, грамматикалық қателерді тауып, түзетеді.
Сабақ барысы: 1.Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.
(Т)3.3.5.1 жіберілген пунктуациялық, орфографиялық, грамматикалық және стилистикалық қателерді мұғалімнің көмегімен тауып, түзету. «Көру диктанты» жүргізіледі. Топқа бірнеше ағаш жапырақтары таратылады.Тақтадан қате жазылған ағаш аттары көрсетіледі. Оқушылар сол көрсетілген ағашқа алдарында жатқан жапырақтардың қайсысы тиісті екенін табады. Тақтаға жапсырады. Сол сөздерді қатесіз әрі көркем етіп жазады. Жазылу емлесін айтады. Жапырақтардың қызметін айтады.
Дескриптор:
-берілген сөздердің қатесін табаы;
-оны түзетеді;
-сауатты жазады.
2.Сабақ тақырыбы және оқу мақсаттары таныстырылады. Оқушыларға бағалау критерийі айтылады.
3.2.1.1 (Ұ; Т; Қ) Мәтін түрлерін және оның құрылымдық бөліктерін анықтау.
1.Тапсырма «Еркін жауап» әдісі арқылы жүргізіледі.
Оқушылар оқулықтағы 41-жаттығуда берілген «Ағаш ек» мәтінін іштей оқиды. Мәтінді түсініп оқиды. Мәтіндегі негізгі ойды анықтайды. Мәтіннің түрін және бөліктерін анықтайды. Мәтіннің неліктен «Ағаш ек» деп аталғаны туралы өз көзқарастарын білдіреді.
Мәтін бөліктерін тауып, белгілейді. Жай қарындашпен әр бөліктің басталар тұсын басы (Б), ортасы (О), соңы (С) деп белгілейді немесе қарындашпен қоршауға болады. Пайымдау мәтінінің көмекші сөздері мен пайымдау мәтінінің құрылымдық бөліктерін табады. Мәтін бөліктері бойынша мазмұнын айтады. Сұрақтарға жауап береді. Өсиет сөзді көшіріп жазады.
Қабілеті жоғары оқушылар «Түртіп алу» әдісі бойынша жұмыс жасайды.
Дескриптор:
-мәтіннің құрылымдық бөліктерін (басы, ортасы, соңы) ажыратады;
- мәтіннің түрін анықтайды;......


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇
  • Автор: Umit
  • 1 324



Пайдалы сілтемелер:
» Ораза кестесі 2024 жыл. Астана, Алматы, Шымкент т.б. ауыз бекіту және ауызашар уақыты
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу

Соңғы жаңалықтар:
» 2024 жылы студенттердің стипендиясы қанша теңгеге өседі
» қазақ тілі тестілеуде_келген_сұрақтар_зерттеуші
» Наурыз мейрамы Қазақстанда жаңа форматта тойланады