№ 9-сабақ Мәтін түрлері мен құрылымдық бөліктері (3 сынып, I тоқсан )

 № 9-сабақ Мәтін түрлері мен құрылымдық бөліктері (3 сынып, I тоқсан )

Пән: Қазақ тілі
Бөлімі: Жанды табиғат
Тақырыбы: № 9-сабақ. Мәтін түрлері мен құрылымдық бөліктері.
Оқу мақсаты: 3.2.4.1 өз бетінше мәтіннің тақырыбын және мұғалімнің көмегімен негізгі ойды анықтау;
3.2.1.1 тірек сөздер/көмекші сөздер арқылы мәтін түрлерін (әңгімелеу, сипаттау, пайымдау) және оның құрылымдық бөліктерін анықтау;
3.3.5.1 жіберілген пунктуациялық, орфографиялық, грамматикалық және стилистикалық қателерді мұғалімнің қолдауымен тауып, түзету.
Сабақтың мақсаты:
Барлық оқушылар:
-мұғалімнің қолдауымен мәтіннің тақырыбын, ондағы негізгі ойды анықтайды;
-тірек сызба мен көмекші сөздер арқылы пайымдау мәтінін анықтайды;
-мұғалімнің қолдауымен жіберілген орфографиялық, грамматикалық қателерді тауып, түзетеді
Оқушылардың көбі:
-мәтіннің тақырыбын, мұғалімнің қолдауымен ондағы негізгі ойды анықтайды;
-көмекші сөздер арқылы пайымдау мәтінін және құрылымдық бөліктерін анықтайды;
-жіберілген орфографиялық, грамматикалық қателерді үлгі/талдау негізінде тауып, түзетеді.
Оқушылардың кейбірі:
-мәтіннің тақырыбы мен ондағы негізгі ойды анықтай алады;
-пайымдау мәтінін және құрылымдық бөліктерін өз бетінше анықтайды
-жіберілген орфографиялық, грамматикалық қателерді тауып, түзетеді.
Сабақ барысы: (Ө) Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.
«Орфографиялық минут» жүргізіледі. Тақтадан төрт сөйлем көрсетіледі. Оқушы әр сөйлемнен бір «орфографиялық түзету» жүргізеді.
Қарыны тойған қозы ойнақтай жөнелді. Танертен салқын болды. Тышқан азықын ініне тастады. Құтжол мектепке диін еріп барды.
1)
2)
3)
4)
(Ж) «Жауап беретін әріптес» әдісі бойынша бағаланады. Жұмыс дәптеріне сөйлемдерді көшіреді.
Дескриптор:
- Сөйлемдегі қате берілген сөздерді түзетеді;
- Сөйлемдерді сауатты жазады.
Сабақ тақырыбы және оқу мақсаттары таныстырылады. Оқушыларға бағалау критерийі айтылады.
3.2.4.1 (МК;Т)Топқа бөліну. Мәтінді түсініп оқу. Мәтіннің тақырыбы мен негізгі ойды анықтау.
1.Әр топқа қысқа мәтін беріледі (мәтін компьютер/ноутбоктен көрсетіледі). Оқушылар мәтінмен танысады. Оқушылардың топтық жұмысы ұйымдастырылады.
1-мәтін. Жайын - жалқау балық. Ол екі ұртындағы ұзынша келген мұртшаларын құрт тәрізді жыбырлатады. Себебі оны балықтар құрт екен деп жемекші болғанда, аңдып тұрған жайын оларды жеп үлгіреді. Демек жайындар жемін осылайша аулайды.
(«Жануарлар туралы» энциклопедия)
2-мәтін. Сүңгуір тұқымды иттер болатынын білесің бе? Олар суда жақсы жүзіп, сүңги алады. Сол себепті оларды адамдарды судан құтқару үшін арнайы үйретеді. («Иттер туралы» энциклопедия)
3-мәтін. Құлагер – жылқының аты. Сол себепті Құлагер сөзі бас әріппен жазылады. Демек ереже бойынша кісінің аты-жөні, жер-су аттары, жан-жануарларға қойылған атаулар бас әріппен жазылады.
2.Жұмыстарын топта жариялап, дәлелдеулер жасайды.
Мәтіннің тақырыбы Мәтіннің негізгі ойы
1-мәтін Жалқау балық Жайындар мұртшалары арқылы жемін аулайды.
2-мәтін Сүңгуір ит Сүңгуір иттерді адамдарды судан құтқару үшін пайдаланған.
3-мәтін Бас әріппен жазылатын сөздер Бас әріппен жазылатын сөздерді еске сақтап жүру керек.
Дескриптор:
-Мәтіндегі негізгі ойды анықтайды.
- Мәтінге тақырып қояды.
3.Оқушылардан 3 мәтіннің ұқсастығы сұралады.
4.Пайымдау мәтіні бөліктерінің (көмекші сөздерімен) кестесін дұрыс құрастыру тапсырылады.Оқушыларға қима қағаздар беріледі. Кесте бойынша топ мүшелері қорғайды.
5.Берілген мәтіндер бойынша пайымдау мәтінінің бөліктерін орналастыру тапсырылады.Әр топ өздеріне берілген мәтін бойынша жұмыс жасайды.
Дәлелдене
тін пікір Дәлелдеу Мәтіннің негізгі ойы-қорытынды пікір
1-мәтін Балыққа мұртшалар не үшін қажет? Өйткені балықтар мұртшаларын құрт екен деп ойлайды. Демек жемін аулау үшін осылай жасайды.
2-мәтін Сүңгуір иттер болады Неге десеңіз жақсы жүзеді, жақсы сүңгиді. Сондықтан
сүңгуір иттерді адамдарды судан құтқару үшін пайдаланған.
3-мәтін Бас әріппен жазылатын сөздерді біл Себебі ереже бойынша ... Сол себепті
есіңе сақтап жүр..........


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇
  • Автор: Umit
  • 1 872



Пайдалы сілтемелер:
» Ораза кестесі 2024 жыл. Астана, Алматы, Шымкент т.б. ауыз бекіту және ауызашар уақыты
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу

Соңғы жаңалықтар:
» 2024 жылы студенттердің стипендиясы қанша теңгеге өседі
» қазақ тілі тестілеуде_келген_сұрақтар_зерттеуші
» Наурыз мейрамы Қазақстанда жаңа форматта тойланады