Асырап алған жануарды күтіп бағу Ит-адамның досы (2 сынып, IV тоқсан )

 Асырап алған жануарды  күтіп бағу Ит-адамның досы (2 сынып, IV тоқсан )

Пән: Қазақ тілі
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Табиғат пен қоршаған орта
Сабақ тақырыбы: Асырап алған жануарды күтіп бағу. Ит-адамның досы.
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары: (оқу бағдарламасына сілтемеу) Мәтіннің түрлерін ажырату және өз ойынан мәтін құрастыру.
Мәтін,өлеңдерді түсініп оқып, талдау.
Сабақ мақсаттары: О 4 Қарапайым мәтіндероқып, талдайды.
Ж 4 Түрлі көркем сөздерді мәтін ішінен таңдап жазады.
Сабақ барысы: Ұйымдастыру кезеңі. Психологиялық ахуал
Өткенді қайталау.
Жануарлардың неше тобы болады?
Үй жануарларын адам неге асырап бағады?
Олардың жабайы аңдардан қандай айырмашылығы бар?
Мысықтың баласы қалай аталынады?
Мысық туралы не білесіңдер?
Адамдар тағы қандай үй жануарын асырайды?
Қызығушылықты ояту.Мынасуретбойынша не айтуғаболады?
«Ит» сөзіне ассоциация құру.
Проблемалық сұрақтар:
- Неліктен адамдар итті асырап бағады?
- Оларды күту үшін не керек?
- Кімнің үйінде ит бар? Ол қандай?
- Біз бүгін асырап алған жануарлар күту туралы мәтінмен жұмыс жасаймыз.
Бүгінгі сабағымыздың тақырыбы не жайында болмақшы?
Сабақтың тақырыбы:Ит-адамның досы.
Асырап алған жануарды күтіп бағу жайында мәтіндер оқу
Мақсаты:
 Қарапайым мәтіндер, өлеңдер, ақпараттарды оқды.
 Түрлі көркем сөздер мен терминдерді таңдап жазады.
Жетістік критерилері:
 Асырап алған жануарды күтіп-баптау жайында мәтін оқды
 Қарапайым шағын мәтін құрастырады
 Көркем сөздерді қолдана алады
«Мысық» ассоциациялық карта
Жеке жұмыс: «Ит» туралы не білесіңдер? ББҮ кестесін толтыру:
Білемін? Білгім келеді? Үйрендім
Мәтінмен жұмыс. Ит-адамның досы
Менің Ақтөс деген итім бар. Ол өте ақылды. Мен мектептен келгенде, ол алдымнан жүгіріп шығады. Маған еркелеп үстіме асылады. Ақтөсті біз кішкентай күшік кезінен асырадық. Итті жеті қазынаның бірі деп айтады.Итімнің көптеген қылықтары маған қатты ұнайды. Ол жақсы жүгіреді ,секіреді және ең басты қасиеті ол берген бұйрығынды бұлжытпай орындайды. Менімен бірге күнде ойнайды,мені қорғайды. Мен оны жақсы қараймын, күнде даладан кейін жуындырамын. Мен өз итімді қатты жақсы көремін
Мәтін бойынша тапсырмалар:
1-топ Мәтіндегі итке сипаттама беру
2-топ. «Ит-адамның досы» мағынасын түсіндіру
3-топ «Ит» туралы шағын эссе жазу
4-топ «Ит» туралы» 5 жолды өлең шығару.
5-топ «Ит» туралы деректермен жұмыс.
Иттер – нағыз етқоректі жануарлар. Тістерінің ішінде ең жақсы дамығаны – азу тісі.Алдыңғы аяқтарында 5 башай, артқы аяғында 4 башай болады.Иттердің есту, көру, иіс сезу мүшелері өте жақсы жетілген. Үйретуге өте бейім болады.Жыныстық жағынан төбеті 10 – 12 айда, қаншығы 7 – 8 айда жетіледі, жылына 1 – 2 рет ұйығады. Буаздық мерзімі 58 – 65 күн, қаншығы 1 – 2, кейде 12 – 18 соқыр, саңырау, тіссіз күшіктер табады. Құлағы 5 – 8, көзі 10 – 14 күннен кейін ашылып, сүт тістері 20 – 30 күннен кейін шыға бастайды. Күшіктері енесін 1 – 1,5 айдай емеді.Иттер 10 – 12 жылдай тіршілік етеді.Иттің белгілі бір қызмет атқаруға, аң аулауға үйретілген, сондай-ақ үйде сәндік үшін асырайтын тұқымдары болады. Қызмет иттері тұқымдарын армия, шекара күзеті, милиция істерінде, әр түрлі объектілерді күзетуге, мал бағуға т. б. пайдаланады. Иттің бұл тұқымдарына неміс овчаркасы (шығыс европалық), Кавказ овчаркасы, Орта Азия овчаркасы, орыстың оңтүстік овчаркасы, шотланд овчаркасы (колли), ротвейлер, эрдельтерьер, қара терьер, ризеншнауцер, Москва күзет иті және сүңгуір ит (ньюфаундлендтің отандық типі) жатады.
Дәптермен жұмыс:
Ит-адамның досы шағын әңгіме жазу.......


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇
  • Автор: Umit
  • 1 077



Пайдалы сілтемелер:
» Ораза кестесі 2024 жыл. Астана, Алматы, Шымкент т.б. ауыз бекіту және ауызашар уақыты
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу

Соңғы жаңалықтар:
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!
» 2024 жылы студенттердің стипендиясы қанша теңгеге өседі