» » » » Қазақ тілінен сабақ жоспары: Төрт түлік туралы өлеңдер оқу (2 сынып, IV тоқсан )

Қазақ тілінен сабақ жоспары: Төрт түлік туралы өлеңдер оқу (2 сынып, IV тоқсан )

Қазақ тілінен сабақ жоспары: Төрт түлік туралы өлеңдер оқу (2 сынып, IV тоқсан ) казакша Қазақ тілінен сабақ жоспары: Төрт түлік туралы өлеңдер оқу (2 сынып, IV тоқсан ) на казахском языке
Пән: Қазақ тілі
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Қоршаған орта
Сабақ тақырыбы: Төрт түлік туралы өлеңдер оқу
Осы сабақта қол жеткізілетін оқумақсаттары: (оқу бағдарламасы на сілтемеу) 2.2.9.1 дереккөздер (сөздік, анықтамалық, энциклопедия) мен ақпаратты табу жолын анықтайды, берілген тақырып/сұрақ бойынша ақпаратты іріктеп алу және үлгі/ кестеге салу
2.3.5.1 мұғалім көмегімен үлгі бойынша шағын ертегілер/ жұмбақтар жазу немесе дайын ұйқастарды қатыстырып шумақтар/санамақтар құрастыру
Сабақ мақсаттары: Төрт түлік туралы ақпаратты табу, берілген сұрақ бойынша ақпаратты іріктеп алу, кестеге түсіру, үлгі бойынша өлең құрастыру.
Сабақ барысы: (Ұ) Ұйымдастыру кезеңі:
Мақсаты: оқушыларды сабаққа ұйымдастыру, қызығушылықтарын ояту.
Шеңберге тұрып, бүгінгі сабақтан нені күтетіні туралы айтып шығады. Бір-біріне сәттілік тілеп, сабаққа көңіл бөледі.
(Ұ) «Сөз құра, тез құра»
Мақсаты: оқушылар орны ауысқан әріптерден сөз құрау арқылы сыни ойлау дағдылары қалыптасады. Сөз құрастыру арқылы сабақтың тақырыбын анықтайды.
К т ү р т л і т ө
(Төрт түлік)
(Ұ) «Не артық?»
Мақсаты: төрт-түлікті ажырата білу, сыни ойлау дағдыларын дамыту.
Нұсқаулық:
1. суретке назар аударыңыздар.
2. Не артық?
3. Неліктен?
/Оқушылар қойылған сұрақтарға жауап беруде өз ойларын дәлелдей отырып жеткізуіне назар аудару/.
(Ұ) мақалдың жалғасын табыңыз.
Мақсаты: мақалдың жалғасын табу арқылы сабақтың мақсатын анықтау.
«________________ сөздің патшасы» (өлең)
Сабақ мақсатымен таныстыру.
Толықтырушы сұрақтар:
-өлең дегеніміз не?/
- өлең неден тұрады?
-ұйқас деген не?
-жол мен шумақтың айырмашылығы қандай?
Бағалау критерийлерін анықтау.
(Ж) «Сен маған-мен саған»
Мақсаты: Оқушының төрт-түлік туралы білімдерін қайта жаңғырту, өзара ақпарат алмасу арқылы білімін толықтыру, өзінің көзқарасын дәлелдей білуге, өзгенің көзқарасын тыңдай білуге дағдылану.
Оқушылар өзара төрт-түлік туралы білетін ақпараттарымен алмасады.
(Ұ,Т) Бейнекөрініс.
Мақсаты: Әлемдегі жан-жануарлар туралы ақпараттарын толықтыру. Есте сақтау қабілеттерін дамыту. Тыңдаған ақпаратты бекіту.
Мультимедиялық тақтадан жануарлар мен аңдар туралы бейне көрініс көреді. Ауызша түсінгендерін айтып береді.
(Ө) Әр оқушы бейнекөрініс бойынша тест сұрақтарына жауап береді.
(Т) «Ретін тап!» ойыны.
Мақсаты: өлеңнің құрылысын сақтай отырып, өлеңді дұрыс құрастыра білуге үйренеді, сыни тұрғыдан ойлауға, өз ойын, пікірін айтып жеткізге дағдыланады.
Өлең жолдарының құрлысын, мағыналық байланысын ескере отырып өлең жолдарын құрастыру.
Қой
Қорасында маңыраған,
Қозысымен жамыраған,
Қозысынан айырылса,
Қоймай ұзақ аңыраған.
Аппақ, қою сүті бар,
Ақ шағала құрты бар
Ақтылы қой жануар!
Қойдың пайдасын сызбаға түсір.
Сиыр
Мүйізі айдай иілген,
Мұрнын көкке шүйірген.
Керілген желін, сала емшек,
Сауғанда жаның сүйінген.
Ірімшік пенен құрт, майы
Жегенде тілді үйірген.
Түйе
Маң-маң басқан, маң басқан,
Шудаларын шаң басқан.
Екі өркешін қом басқан,
Төрт аяғын тең басқан;
Тілін тікен теспеген,
Мұрындығы келіскен,
Алабота жегені,
Ащы қурай, теріскен;
«Шөк» дегенде «бық» деген,
Шешіп үйін жүктеген.
(Т) Кестемен жұмыс.
Мақсаты: Оқушылар бірлесе жұмыс жасау дағдыларын, сыни ойлауын, естің қайта жаңғырту процесін дамыту.
Нұсқаулық:
1. Кестені толтырыңыз.
2. «Галерея» әдісі бойынша топтар бір-бірінің кестедегі ақпараттарын толықтырыңыз.
3. Топтық жұмысты бағалау. «Қоректендіру»
Бағалау:
- кестеге толтырылған ақпарат толық, әрі дұрыс жазылған болса, сол топқа 5 көкөністің (немесе оқушының таңдауы бойынша қоректік заттың) суретін салу;
- егер кестеге жазылған мәлімет толық болмаса, немесе қателіктер жіберілсе, қоректік заттың санын азайту.
- Топтық жұмысты қоректік заттардың санына қарай бағалау.
1-топ:
Жүнінен жасалатын заттар Терісінен жасалатын заттар Сүтінен жасалатын заттар
2-топ:
Сиырдың сүтінен әзірленетін тағамдар Сиырдың терісінен жасалатын заттар Сиырдың етінен әзірленетін тағамдар
3-топ:
Түйенің сүтінен әзірленетін тағамдар Түйенің терісінен жасалатын заттар Түйенің етінен әзірленетін тағамдар
(Ө) Төрт түліктің бірін таңдап, өлең жолдарын құрастырады.
Мақсаты: оқушының ойлау дағдыларын дамыту, грамматикалық білімін толықтыру, бірін-бірі ашық бағалауға, сыни тұрғыда өз ойын айтуға дағдылану.
Үлгі:
Зат есім / Кім? (1)
Сын есім/ қандай? (2)
Етістік / не істеді? (3)
Сезімді білдіретін тіркес /керемет мекен! (4)
Синоним
Бағалау критерийі:
Оқушы өзін өзі бағалайды.
1. Әрбір дұрыс жауапқа 1 баллдан беріледі.
2. Шығарған өлең жолдарын оқиды. Бірін-бірі бағалайды.......

Полную версию материала можете скачать на сайте zharar.com через 30 секунд !!!

Автор: Umit | 215 |

Комментарии для сайта Cackle

Загрузка...
Рекомендуем:
Қазақ тілінен сабақ жоспары: Дереккөздермен жұмыс Сөздік  анықтамалық энциклопедия кітаптардан ақпаратты табу жолын анықтау Берілген тақырып немесе сұрақ бойынша ақпаратты іріктеп алу және үлгі/ кестеге салу Менің Қазақстаным (2 сынып, II тоқсан )
Қысқа мерзімді сабақ жоспары [ҚМЖ] жинағы

Қазақ тілінен сабақ жоспары: Сөз табы туралы түсінік Дереккөздермен жұмыс Берілген тақырып сұрақ бойынша қажетті ақпараттарды іріктеп алу үшін дереккөздерді (сөздік анықтамалық энциклопедия) қолдана білу алынған ақпаратты (2 сынып, III тоқсан )

Қазақ тілінен сабақ жоспары: Төлқұжатсыз саяхатшылар (2 сынып, IV тоқсан )
Қысқа мерзімді сабақ жоспары [ҚМЖ] жинағы
Қазақ тілінен сабақ жоспары: Төлқұжатсыз саяхатшылар (2 сынып, IV тоқсан )
Қазақ тілінен сабақ жоспары: Дереккөздермен жұмыс Сөздік анықтамалық энциклопедия кітаптардан ақпаратты табу жолын анықтау Ескерткіштер (2 сынып, II тоқсан )
Қысқа мерзімді сабақ жоспары [ҚМЖ] жинағы
Қазақ тілінен сабақ жоспары: Дереккөздермен жұмыс Сөздік анықтамалық энциклопедия кітаптардан ақпаратты табу жолын анықтау Ескерткіштер (2 сынып, II тоқсан )
Қазақ тілінен сабақ жоспары: Балқаш көлге барайық (2 сынып, IV тоқсан )
Қысқа мерзімді сабақ жоспары [ҚМЖ] жинағы
Қазақ тілінен сабақ жоспары: Балқаш көлге барайық (2 сынып, IV тоқсан )
Қазақ тілінен сабақ жоспары: Көне өркениетті зерттеу (3 сынып, II тоқсан )
Қысқа мерзімді сабақ жоспары [ҚМЖ] жинағы
Қазақ тілінен сабақ жоспары: Көне өркениетті зерттеу (3 сынып, II тоқсан )
Қазақ тілінен сабақ жоспары: Демалу мәдениеті №7 (3 сынып, IV тоқсан, 8 бөлім)
Қысқа мерзімді сабақ жоспары [ҚМЖ] жинағы
Қазақ тілінен сабақ жоспары: Демалу мәдениеті №7 (3 сынып, IV тоқсан, 8 бөлім)
Қазақ тілінен сабақ жоспары: Ертегілер елінде «Бауырсақ» ертегісі (2-сабақ)(1 сынып, 6 бөлім )
Қысқа мерзімді сабақ жоспары [ҚМЖ] жинағы
Қазақ тілінен сабақ жоспары: Ертегілер елінде «Бауырсақ» ертегісі (2-сабақ)(1 сынып, 6 бөлім )
Қазақ тілінен сабақ жоспары: Балаларға арналған тақпақтарды оқу (3-сабақ) (2 сынып, III тоқсан )
Қысқа мерзімді сабақ жоспары [ҚМЖ] жинағы
Қазақ тілінен сабақ жоспары: Балаларға арналған тақпақтарды оқу (3-сабақ) (2 сынып, III тоқсан )
Қазақ тілінен сабақ жоспары: Қазақстан табиғаты Ақпарат іздеу №2 (2 сынып, II тоқсан )
Қысқа мерзімді сабақ жоспары [ҚМЖ] жинағы
Қазақ тілінен сабақ жоспары: Қазақстан табиғаты Ақпарат іздеу №2 (2 сынып, II тоқсан )
Қазақ тілінен сабақ жоспары: Туған өлкем Қазақстанның табиғаты (2- сабақ) (2 сынып, II тоқсан )
Қысқа мерзімді сабақ жоспары [ҚМЖ] жинағы
Қазақ тілінен сабақ жоспары: Туған өлкем Қазақстанның табиғаты (2- сабақ) (2 сынып, II тоқсан )
Қазақ тілінен сабақ жоспары: Жануарлардың мекені 9-сабақ (3 сынып, I тоқсан, 1 бөлім)
Қысқа мерзімді сабақ жоспары [ҚМЖ] жинағы
Қазақ тілінен сабақ жоспары: Жануарлардың мекені 9-сабақ (3 сынып, I тоқсан, 1 бөлім)

KZ / Сабақ жоспары жинағы / Қысқа мерзімді сабақ жоспары [ҚМЖ] жинағы, сабақ жоспары Төрт түлік туралы өлеңдер оқу 2 сынып қазақ тілі, қазақ тілінен қмж кмж қысқа мерзімді сабақ жоспары, поурочные планы на казахском языке, казак тили кыска мерзимди сабак жоспары, Төрт түлік туралы өлеңдер оқу, сабақ жоспары Төрт түлік туралы өлеңдер оқу 2 сынып қазақ тілі қазақ тілінен қмж кмж қысқа мерзімді сабақ жоспары поурочные планы на казахском языке казак тили кыска мерзимди сабак жоспары Төрт түлік туралы өлеңдер оқу, Қазақ тілінен сабақ жоспары: Төрт түлік туралы өлеңдер оқу (2 сынып, IV тоқсан )