» » » » Қазақ тілінен сабақ жоспары: «Еңбекпен тапқан тиын» ертегісі (2 сынып, III тоқсан )

Қазақ тілінен сабақ жоспары: «Еңбекпен тапқан тиын» ертегісі (2 сынып, III тоқсан )

Қазақ тілінен сабақ жоспары: «Еңбекпен тапқан тиын» ертегісі (2 сынып, III тоқсан ) казакша Қазақ тілінен сабақ жоспары: «Еңбекпен тапқан тиын» ертегісі (2 сынып, III тоқсан ) на казахском языке
Пән: Қазақ тілі
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: «Салт-дәстүр және ауыз әдебиеті»
Сабақ тақырыбы: «Еңбекпен тапқан тиын» ертегісі
Оқу мақсаттары: 2.2.4.1 мұғалімнің көмегімен мәтіннің тақырыбы мен негізгі ойды анықтау
Сабақ мақсаттары: Мұғалімнің көмегімен мәтіннің тақырыбы мен негізгі ойды анықтауға дағдылану.
Сабақ барысы: І Ұйымдастыру.
Оқушылар шеберге тұрып, бір-біріне «Жүрекше» арқылы жылы лебіздерін білдіреді.
(Ұ) «Сөз құра, тез құра»
Мақсаты: оқушылардың сабаққа деген қызығушылықтарын ояту, мақалды құрастыра отырып, сыни ойлауын дамыту.
Оқушыларға сөздің буындары жазылған қима қағаздар таратылып беріледі.
Тапсырма:
1. Сөз құрау
2. сөздерден мақал құрау.
3. мақалдың мағынасын ашу.
Құрастырылатын мақал: «Жақсыдан үйрен, жаманнан жирен»
/ Оқушылар өз ойларын ортаға салады/.
-Балалар, бүгінгі сабағымыз не туралы болады деп ойлайсыздар?
/Оқушылардың ойы тыңдалады/
- Абай атамыз қандай 5 нәрседен қашық бол деді?
/ өсек, өтірік, мақтаншақ, еріншек, бекер мал шашпақ/
-Ендеше, бүгінгі сабағымыз не туралы болады деп ойлайсыздар?
Сабақтың тақырыбы мен мақсатын таныстыру.
Бағалау критерийлерін анықтау.
(МК,Ұ) «Кім жылдам»
Мақсаты: адасқан әріптерден сөз құрау арқылы сөз құрау, сыни ойлауын дамыту.
т е р г і е у г р з н и
ертегі грузин
(Т, Ұ) «Күннің көзі»
Мақсаты: толықтырушы сұрақтар арқылы өткен білімдерін қорыту, салыстыруға, талдауға дағдыландыру. Күннің көзін құрастыру арқылы жақсылыққа жету үшін әрбір адамның маңызды орын алатындығын түсіндіру.
Әрбір топтан екі оқушы шығады. Тақтада «Күннің көзі» бейнесі жапсырылып тұрады.
Тапсырма: «Күннің шуағында» жасырылған сұрақтарға жауап беру арқылы күнді шуақпен толықтыру.
Сұрақтар тізбегі:
- Ертегі дегеніміз не?
- Аңыз дегеніміз не?
- Ертегі мен аңыздың айырмашлығы неде?
- Ертегі мен аңызға ортақ ұғым?
- Ертегілер арқылы біз нені үйренуге болады? Олардың бізге берер пайдасы қандай?
- Грузин ұлты туралы не білесіздер?
- Қандай ұлттың ертегілерін білесіз? Атауларын айтыңыз.
- Еңбек туралы қандай ертегі немесе аңыз білесіз?
- Балалар, біз нені құрастырдық?
- Бұл тапсырма қаншалықты бізге пайдалы болды?
- Тапсырманы орындау арқылы не түйдіңіздер?
/Оқушылар өз ойларын ортаға салады/
(Т, Ұ, Ө) «Еңбекпен тапқан тиын» ертегісі
Мақсаты: Мұғалімнің көмегімен мәтіннің тақырыбы мен негізгі ойды анықтау .
Оқушыларға қима қағаздар таратылып беріледі. Қағазда ертегі бөліктері жазылған.
Әрбір топ тізбектей отырып, ертегіні бөліктер бойынша оқып шығады.
Ертегі мәтіні:
1- топ: Біреудің ерке ұлы болыпты. Өзі жалқау екен. Сөйтсе де әкесі оны бағып-қағып, киіндіріп жүріпті. Ақыры кәрілік жеңіп, сырқаты күшейген қарт әйеліне айтыпты: – Өмір бойы жинаған мүлкімді түгелдей басқа біреуге беремін. Ұлыма ештеңе қалдырмаймын. Ол – жалқау.
2- топ: Ұлын аяп анасы баласына он сомдық алтын береді: – Кешке дейін бір жерде бола тұр, – дейді ол баласына. – Қараңғы түскен соң үйге кел. Содан соң "Мынаны еңбегіме алған едім" деп әкеңе бер. Баласы шешесінің айтқанын орындайды. Алтынды шал жанып жатқан пешке лақтырып жіберіп: – Бұл сенің еңбектеніп тапқан ақшаң емес, – депті.
3- топ: Ұлы жымиып күліпті де, түк демей шығып кетіпті. Қулықтан ештеңе шықпайтынын білген анасы: – Біз әкеңді алдай алмайтын көрінеміз, балам. Одан да ақшаны жұмыс істеп тап, – деп ақыл айтады. Анасының тілін алып, бала бір апта жұмыс істейді. Тапқан тиынын әкесіне береді. Қария тағы да алтынды отқа лақтырып жіберіп: – Жоқ, бұл да өз еңбегіңмен тапқан ақша емес, – депті.
4- топ: Оған ұлы шыдай алмай, шоқтан жалаңаш қолымен ақшаны суырып алады да: – Әке, мен бұл тиынды апта бойы шаршап-шалдығып жүріп таптым. Сіз оны отқа тастайсыз. Мұныңыз қалай? – деп айқай салыпты. Сонда әкесі тұрып: – Бұл ақшаны шынында да өз еңбегіңмен тапқан екенсің, балам. Көзім жетті, – депті.
Ертегі оқылып болған соң, мазмұндалады.
Ертегіні мазмұндау реті төмендегідей:
1 топтың оқыған бөлігін 2 топ;
2- топтың оқыған бөлігін -3 –топ;
3- топтың оқыған бөлігін -4- топ;
4- топтың оқыған бөлігін -1 топ мазмұндайды.
(Ұ) Жоспар құру.
Мақсаты: мәтіндегі ойды түйіндей білуге дағдыландыру.
Оқушылар ұжыммен жоспра құрады.
Мәтінге жоспар:
1. Қарияның қартаюы.
2. Ұлының жалқаулығы.
3. Анасының ұлына жаны ашуы.
4. Ұлының әкесіне өтірік айтуы.
5. Ақ адал еңбек.
6. Әкесінің ұлының еңбектенгеніне көзі жетуі.
(Т) Мәтінге ат қою.
Мақсаты: мәтінге ат қоя білуге дағдылану.
Ертегіге әрбір топ өздерінің шығармашылығы бойынша ат таңдайды. Мұғалім ертегінің негізгі атауын айтады. Әрбір топ ертегі мазмұнына сәйкес келетін үздік атауды «Басбармақ» арқылы бағалайды.
(Ө, Қ)Кубизм стратегиясы.
Тапсырма жазбаша түрде орыналады.
1. Ертегі түрін ата?
2. Мына ертегі қай жанрға жатады?
3. Кейіпкері кім?
4. Анасы баласына не айтты?......



Полную версию материала можете скачать на сайте zharar.com через 30 секунд !!!

Автор: Umit | 227 |


Комментарии для сайта Cackle

Загрузка...
Рекомендуем:
Қазақ тілінен сабақ жоспары: Сөз таптары (2 сынып, III тоқсан )
Қысқа мерзімді сабақ жоспары [ҚМЖ] жинағы
Қазақ тілінен сабақ жоспары: Сөз таптары (2 сынып, III тоқсан )
Қазақ тілінен сабақ жоспары: Ауызекі сөйлеу (2 сынып, I тоқсан)
Қысқа мерзімді сабақ жоспары [ҚМЖ] жинағы
Қазақ тілінен сабақ жоспары: Ауызекі сөйлеу (2 сынып, I тоқсан)
Қазақ тілінен сабақ жоспары: Ізденуге үйренемін (2 сынып, IV тоқсан )
Қысқа мерзімді сабақ жоспары [ҚМЖ] жинағы
Қазақ тілінен сабақ жоспары: Ізденуге үйренемін (2 сынып, IV тоқсан )
Қазақ тілінен сабақ жоспары: Кейіпкерді тану (2 сынып, I тоқсан)
Қысқа мерзімді сабақ жоспары [ҚМЖ] жинағы
Қазақ тілінен сабақ жоспары: Кейіпкерді тану (2 сынып, I тоқсан)
Қазақ тілінен сабақ жоспары: Қуыршақ көрінісін жасау «Үйшік» орыс ертегісі (2 сынып, III тоқсан )
Қысқа мерзімді сабақ жоспары [ҚМЖ] жинағы
Қазақ тілінен сабақ жоспары: Қуыршақ көрінісін жасау «Үйшік» орыс ертегісі (2 сынып, III тоқсан )
Қазақ тілінен сабақ жоспары: «Жақсыдан үйрен жаманнан жирен» ортақ тақырыбы бойынша жиынтық бағалау(БЖБ) (3 сынып, I тоқсан )
Қысқа мерзімді сабақ жоспары [ҚМЖ] жинағы
Қазақ тілінен сабақ жоспары: «Жақсыдан үйрен жаманнан жирен» ортақ тақырыбы бойынша жиынтық бағалау(БЖБ) (3 сынып, I тоқсан )
Қазақ тілінен сабақ жоспары: Мазмұнын айта аламын «Cіз»  бен  «сен» (2 сынып, III тоқсан )
Қысқа мерзімді сабақ жоспары [ҚМЖ] жинағы
Қазақ тілінен сабақ жоспары: Мазмұнын айта аламын «Cіз» бен «сен» (2 сынып, III тоқсан )
Қазақ тілінен сабақ жоспары: Тәні саудың – жаны сау «Тәні саудың-жаны сау» тақырыбында әңгімелер (1-сабақ) (2 сынып, III тоқсан )
Қысқа мерзімді сабақ жоспары [ҚМЖ] жинағы
Қазақ тілінен сабақ жоспары: Тәні саудың – жаны сау «Тәні саудың-жаны сау» тақырыбында әңгімелер (1-сабақ) (2 сынып, III тоқсан )
Қазақ тілінен сабақ жоспары: Аңыз-ертегілер оқимын  Еліктеймін жаңалық енгіземін және оқиғаны ойдан шығара аламын (2 сынып, III тоқсан )
Қысқа мерзімді сабақ жоспары [ҚМЖ] жинағы
Қазақ тілінен сабақ жоспары: Аңыз-ертегілер оқимын Еліктеймін жаңалық енгіземін және оқиғаны ойдан шығара аламын (2 сынып, III тоқсан )
Қазақ тілінен сабақ жоспары: № 62-сабақ  БІЗДІҢ ЖОБАМЫЗ (3 сынып, II тоқсан )
Қысқа мерзімді сабақ жоспары [ҚМЖ] жинағы
Қазақ тілінен сабақ жоспары: № 62-сабақ БІЗДІҢ ЖОБАМЫЗ (3 сынып, II тоқсан )
Қазақ тілінен сабақ жоспары: 19-сабақ Қаратпа сөз Жақсы мен жаманды айыра білемін (3 сынып, I тоқсан )
Қысқа мерзімді сабақ жоспары [ҚМЖ] жинағы
Қазақ тілінен сабақ жоспары: 19-сабақ Қаратпа сөз Жақсы мен жаманды айыра білемін (3 сынып, I тоқсан )
Қазақ тілінен сабақ жоспары: Балаларға арналған тақпақтарды оқу №6 (2 сынып, III тоқсан )
Қысқа мерзімді сабақ жоспары [ҚМЖ] жинағы
Қазақ тілінен сабақ жоспары: Балаларға арналған тақпақтарды оқу №6 (2 сынып, III тоқсан )

KZ / Сабақ жоспары жинағы / Қысқа мерзімді сабақ жоспары [ҚМЖ] жинағы, сабақ жоспары «Еңбекпен тапқан тиын» ертегісі 2 сынып қазақ тілі, қазақ тілінен қмж кмж қысқа мерзімді сабақ жоспары, поурочные планы на казахском языке, казак тили кыска мерзимди сабак жоспары, «Еңбекпен тапқан тиын» ертегісі, сабақ жоспары «Еңбекпен тапқан тиын» ертегісі 2 сынып қазақ тілі қазақ тілінен қмж кмж қысқа мерзімді сабақ жоспары поурочные планы на казахском языке казак тили кыска мерзимди сабак жоспары «Еңбекпен тапқан тиын» ертегісі, Қазақ тілінен сабақ жоспары: «Еңбекпен тапқан тиын» ертегісі (2 сынып, III тоқсан )