Асар жасау (2 сынып, III тоқсан )

 Асар жасау (2 сынып, III тоқсан )

Пән: Қазақ тілі
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: «Салт-дәстүр және ауыз әдебиеті»
Сабақ тақырыбы: Асар жасау
Оқу мақсаттары: 2.1.1.1 тыңдаған материал бойынша түсінбеген сөздерін белгілеу, мәтін мазмұны бойынша қойылған сұрақтарға жауап беру
2.2.2.1 синоним, антоним, омоним (сөздік қолдану) сөздерді ажырату және мағынасын түсіну, сөйлеу барысында қолдану
Сабақ мақсаттары: Мәтін бойынша сұрақтарға жауап береді
синоним, антоним, омоним (сөздік қолдану) сөздерді ажырату және мағынасын түсіну, сөйлеу барысында қолдану.
Сабақ барысы: Ұйымдастыру кезеңі.
(Ұ) Оқушылармен амандасу,түгелдеу,оқу құралдарын тексеру.Сыныптың тазалығына көңіл бөлу. Оқушылардың зейінін сабаққа аудару, тақырыбы мен мақсатын айтып, топқа бөлу.
Психологиялық дайындық орындау.
Жарқырап күн де ашылды,
Айналаға нұр шашылды.
Қайырлы күн! Біз көңілді баламыз,
Қайырлы күн! Сәлемдесіп аламыз.
Мақсатымыз - білім алу,
Міндетіміз - еңбектену
Еңбектену арқылы
Білімге қолды жеткізу!
(Ұ) Қызығушылықты ояту. «Кім тапқыр?»
Сабақтың тақырыбы мен мақсатын таныстыру.
Бағалау критерийін анықтау
(Ұ,Т) «Блиц турнир»
Мақсаты: Оқушылардың қызығушылығын арттыру, өткен білімдерін қайта жаңғырту.
Топтарға бөліну. Қажет сөздерін анықтау. Сөз таптарын қайталап еске түсіру.
Ұ, Т) (Т) Мәтінмен жұмыс.
«Асар» деген не?
Мақсаты: Салт дәстүрмен таныстыру. Мәтіннің мазмұнын түсіну.
«Асар жасау» - қазақ халқының көне салт-дәстүрлерінің бірі. Бұл – көпшіліктің көмегін пайдалану дәстүрі. Бұл салт бойынша ауыр жұмыстарды атқару үшін адамдар бір-бірін көмекке шақырады. Мысалы: үй салу, той жасау, ас беру т.б. Асарға келгендер еңбегі үшін ақы алмайды. Үй иесі оларға арнап ас әзірлеп, дастарқан жаяды.
Асар – адамдардың арасындағы өзара көмектің бір түрі. Ол халқымыздың бірлігін, қайырымдылығы мен ұйымшылдығын танытады.
Мәтінмен жұмыс
 Әр жұп бір біріне сұрақ дайындайды, сұрақтарға жауап береді.
Әр жұп кезекпен өз сұрақтарын қояды және жауап береді.
Бағалау критерийлері арқылы келесі жұп бағалайды.
Оқушының аты Сұрақ дұрыс қойылды Сұраққа толық жауап берді
 Қатармен топтарға бөлініп, тақырып бойынша қойылым көрсетуге дайындалады.
I. «Үй салуға асар жасау»
II. «Көкөністерді егуге асар жасау»
III. «Той жасауға асар жасау»
IV. «Үй ішін және маңайды тазалауға асар жасау»
Әр қатар қойылым көрсетеді
Қол шапалақтау арқылы бағалау.
Жазылым
2. Берілген сөздерге антоним, омоним, синоним сөздерді тауып жазу.
 Антоним сөздерді тауып жаз: жаман, ауыр, қараңғы;
 Синоним сөздерді тауып жаз: көркем, көне, асар жасау
 Омоним сөздерді тауып жаз: жаз, қара, ай.
Төрт оқушыға оқыту, толықтыру
(ҰЖ) Сыртқы ішкі шеңбер
Мақсаты: оқушылар сабақ мазмұнын сұрақтар қою арқылы қорытындылайды.......


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇
  • Автор: Umit
  • 1 134



Пайдалы сілтемелер:
» Ораза кестесі 2024 жыл. Астана, Алматы, Шымкент т.б. ауыз бекіту және ауызашар уақыты
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу

Соңғы жаңалықтар:
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!
» 2024 жылы студенттердің стипендиясы қанша теңгеге өседі