» » » » Қазақ тілінен сабақ жоспары: Аңыз-ертегілер оқимын Құмырсқаның қанағаты(ертегі) (2 сынып, III тоқсан )

Қазақ тілінен сабақ жоспары: Аңыз-ертегілер оқимын Құмырсқаның қанағаты(ертегі) (2 сынып, III тоқсан )

Қазақ тілінен сабақ жоспары: Аңыз-ертегілер оқимын Құмырсқаның қанағаты(ертегі)  (2 сынып, III тоқсан ) казакша Қазақ тілінен сабақ жоспары: Аңыз-ертегілер оқимын Құмырсқаның қанағаты(ертегі)  (2 сынып, III тоқсан ) на казахском языке
Пән: Қазақ тілі
Ұзақмерзімді жоспар бөлімі: «Салт-дәстүр және ауыз әдебиеті»
Сабақ тақырыбы: Аңыз-ертегілер оқимын. Құмырсқаның қанағаты(ертегі)
Оқу мақсаттары:
2.2.8.1 кейіпкердің сыртқы келбетін сипаттау, мінез-құлқы мен іс-әрекетін бағалау
2.4.2.1 сөз таптарын (зат есім, сын есім, сан есім, етістік) ажырату және өзара салыстыру
Сабақ мақсаттары:
Ертегіні оқып, негізгі идеясын және кейіпкерлерін анықтайды. Кейіпкерлеріне сипаттап, іс-әрекеттеріне баға береді.
Сабақ барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі. Психологиялық ахуал.
Қызыл, сары, ақ добым,
Әрі-бері жүгірдің.
Қателеспей тезірек
Екі-екіден тізілдің
Сабақтың тақырыбы мен мақсатын хабарлау
-Қандай жетістіктерге қол жеткіземіз?
- мәтіннің кейіпкерлерін анықтай аламыз;
-кейіпкерлерді сипаттай аламыз;
-сөз таптарын ажыратамын;
Қандай сұрағына жауап беретін сөздер
Не істеді сұрағына жауап беретін сөздер
Неше сұрағына жауап беретін сөздер
Не деген сұраққа жауап беретін сөздер
«Ақпарат жина»
Қатар бойынша топтарға бөліну
Әр қатар сынып ішінен ақпарат жинайды. Қорытындысын айтады.
Мысал: Кішкентай жиырма құмырсқа санадым. Мен
Мұғалім:.Құмысрсқа жайында не білеміз? (3 минут)
(Ұ,МК)Сөздік жұмыс:
Мақсаты: Сөздің мағынасы жайлы оқушылардың түсініктерін анықтау. Сөздік қорын молайту.
-Балалар, қанағатшыл деген сөзді қалдай түсінесіңдер?
Қанағат-барға риза болу,үнемдей білу,жоққа шыдау ,қарын тойғызады,ең асыл қасиет.
Ертеде бір данышпан кісі болыпты. Ол кісі жан-жануарлардың, құрт-құмырсқаның тілін біледі екен.
Бір күні әлгі данышпан кішкентай құмырсқалардың дән тасып жүргенін көреді. Бір құмырсқаны жерден көтеріп алады да алақанына салып тұрып:
– Қане, құмырсқа, айтшы, дәнді қайда алып барасың? – деп сұрайды.
– Илеуіме апарамын, – дейді құмырсқа.
Адам сұрайды:
– Оны қайтесің?
– Кейінге сақтаймын, – дейді құмырсқа.
Адам:
– Көп жинайсың ба? – деп сұрайды.
Құмырсқа өз шаруасының жайын былайша баяндайды:
– Жаздай жұмыс істеп, жейтін азығымды жинаймын да қыстыгүні тынығып жатамын.
Данышпан құмырсқаны шыр айналдыра қарай бастады:
– Басың неге үлкен?
– Аз сөйлеп, көп ойлаймын.
– Белің неге қылдырықтай?
– Қомағай емеспін.
– Жылына қанша дән жейсің?
– Бір дән жеймін.
– Соған қанағат етесің бе?
– Одан көп жей берсем, жер бетіндегі басқа құмырсқалар аш қалмай ма? Қанағат керек қой!
Мәтінмен жұмыс.
Мақсаты:Мәтінді оқу арқылы мазмұнын ұғындыру. Ертегіні тізбектеп оқу арқылы бөлімдерге бөлу.
Рөлге бөліп оқу
Құмырсқаның ақылына, қанағатына, көрегендігіне сүйсінген данышпан оны сынап көрмек болады. Қорапқа бір дән салады да құмырсқаны соған қоса қамайды. Сонан соң су тимейтін бір жайлы жерге орналастырады.
– Бір жылдан кейін келемін. Дәнің бар жейтін, қамсыз жата бер, – дейді, данышпан құмырсқаға ескертіп. Осылайша құмырсқаның азықты қалай үнемдейтінін білгісі келеді.
Бір жыл өткен соң, данышпан әлгі құмырсқаға қайта оралады. Өзі қойып кеткен жерден қорапты тауып алады. Құмырсқаның өлі-тірісін білмек болып, қорапты ашады. Қараса, құмырсқа тірі екен. Қасына қалдырған жалғыз дәннің жартысын ғана жепті. Бұған таңданған данышпан:
– Ей, құмырсқа, – депті, мұның себебін білмек ниетпен. – Сен жылына бір дән жеймін деп едің ғой. Мына дәнді неге түгел жемей, жартысын қалдырғансың? Не себептен сонша үнемдедің?
Сонда құмырсқа былай депті:
– Айтқаның дұрыс, мен жылына бір дән жеймін, ол рас. Ал сен болсаң, мені қорапқа салып, қамап кеттің. Сыртқа шыға алмаймын. Егер сен мені бұл қамаудан босатуды ұмытып кетсең, тағы да бір жыл қамауда жататын едім. Бір дәнді түгел жеп қойсам, аштан өлетін едім. Соны ойлап, қанағат еттім.
Данышпан құмырсқаның шыдамдылығы мен тастай берік қанағатына қайран қалыпты. Оны қамап кеткенінің қиянат болғанын, азапқа салғанын енді түсініп:
– Менің істегенім дұрыс болмапты, кешір! – депті де құмырсқаны қамаудан босатып жіберген екен.
Содан кейін данышпан қанағаттың қасиетін адам баласына үйретіпті.
(Ұ,Қ)Сұрақ-жауап
Мақсаты: Мәтіннің негізгі идеясы мен автордың айтайын деген ойын анықтау арқылы оқушылардың бойында рухани-адамгершілік қабілеттерін дамыту.
-Ертегінің негізгі кейіпкерлері кім?
-Ертегі неліктен «Құмырсқаның қанағаты» деп аталған?
-Құмырсқаның түрі туралы не айтылған?
-Құмырсқаның бойында қандай жақсы қасиеттерді көруге болады?
-Ертегінің қай кейіпкері ұнады?
-Бұл ертегіде қандай үлгі алуға болады?.......



Полную версию материала можете скачать на сайте zharar.com через 30 секунд !!!

Автор: Umit | 128 |


Комментарии для сайта Cackle


Загрузка...
Читайте также
Қазақ тілінен сабақ жоспары: «Өнер» ортақ тақырыбы бойынша жиынтық бағалау (БЖБ) (3 сынып, III тоқсан )
Қысқа мерзімді сабақ жоспары [ҚМЖ] жинағы
Қазақ тілінен сабақ жоспары: «Өнер» ортақ тақырыбы бойынша жиынтық бағалау (БЖБ) (3 сынып, III тоқсан )
Қазақ тілінен сабақ жоспары: Жануарлар құстар туралы әңгімелер оқимын (2 сынып, IV тоқсан )
Қысқа мерзімді сабақ жоспары [ҚМЖ] жинағы
Қазақ тілінен сабақ жоспары: Жануарлар құстар туралы әңгімелер оқимын (2 сынып, IV тоқсан )
Қазақ тілінен сабақ жоспары: Аңыз-ертегілер оқимын  Еліктеймін жаңалық енгіземін және оқиғаны ойдан шығара аламын (2 сынып, III тоқсан )
Қысқа мерзімді сабақ жоспары [ҚМЖ] жинағы
Қазақ тілінен сабақ жоспары: Аңыз-ертегілер оқимын Еліктеймін жаңалық енгіземін және оқиғаны ойдан шығара аламын (2 сынып, III тоқсан )
Қазақ тілінен сабақ жоспары: Аңыз-ертегілерді оқу Аңқау арыстан (2 сынып, III тоқсан )
Қысқа мерзімді сабақ жоспары [ҚМЖ] жинағы
Қазақ тілінен сабақ жоспары: Аңыз-ертегілерді оқу Аңқау арыстан (2 сынып, III тоқсан )
Қазақ тілінен сабақ жоспары: Мазмұнын айта аламын «Cіз»  бен  «сен» (2 сынып, III тоқсан )
Қысқа мерзімді сабақ жоспары [ҚМЖ] жинағы
Қазақ тілінен сабақ жоспары: Мазмұнын айта аламын «Cіз» бен «сен» (2 сынып, III тоқсан )
Сауат ашудан сабақ жоспары: Әңгімедегі кейіпкерді сипаттау №1 (1 сынып, 6 бөлім )
Қысқа мерзімді сабақ жоспары [ҚМЖ] жинағы
Сауат ашудан сабақ жоспары: Әңгімедегі кейіпкерді сипаттау №1 (1 сынып, 6 бөлім )
Сауат ашудан сабақ жоспары: Әңгімедегі кейіпкерлерді сипаттау (1 сынып, 6 бөлім )
Қысқа мерзімді сабақ жоспары [ҚМЖ] жинағы
Сауат ашудан сабақ жоспары: Әңгімедегі кейіпкерлерді сипаттау (1 сынып, 6 бөлім )
Қазақ тілінен сабақ жоспары: Наурыз мейрамы (1 сынып, 6 бөлім )
Қысқа мерзімді сабақ жоспары [ҚМЖ] жинағы
Қазақ тілінен сабақ жоспары: Наурыз мейрамы (1 сынып, 6 бөлім )

KZ / Сабақ жоспары жинағы / Қысқа мерзімді сабақ жоспары [ҚМЖ] жинағы, сабақ жоспары Аңыз-ертегілер оқимын Құмырсқаның қанағаты(ертегі) 2 сынып қазақ тілі, қазақ тілінен қмж кмж қысқа мерзімді сабақ жоспары, поурочные планы на казахском языке, казак тили кыска мерзимди сабак жоспары, Аңыз-ертегілер оқимын Құмырсқаның қанағаты(ертегі), сабақ жоспары Аңыз-ертегілер оқимын Құмырсқаның қанағаты(ертегі) 2 сынып қазақ тілі қазақ тілінен қмж кмж қысқа мерзімді сабақ жоспары поурочные планы на казахском языке казак тили кыска мерзимди сабак жоспары Аңыз-ертегілер оқимын Құмырсқаның қа, Қазақ тілінен сабақ жоспары: Аңыз-ертегілер оқимын Құмырсқаның қанағаты(ертегі) (2 сынып, III тоқсан )