Мектебім мен сыныптастарымды жақсы көремін (2 сынып, II тоқсан )

 Мектебім мен сыныптастарымды жақсы көремін (2 сынып, II тоқсан )

Пән: Қазақ тілі
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: «Менің мектебім»
Сабақ тақырыбы: Мектебім мен сыныптастарымды жақсы көремін
Оқу мақсаттары: 2.2.1.1 мәтінді дауыстап дұрыс әрі түсініп оқу/рөлге бөліп/ мәнерлеп оқу
2.3.6.1 мұғалімнің көмегімен тірек сөздерді, сөйлем, суреттерді пайдаланып, қарапайым постер / сөйлем/калиграмма құрастыру
Сабақ мақсаттары: Мәтіннің тақырыбын анықтай алады; Мәтінді түсініп, рөлге бөліп оқи алады; Мәтіндегі негізгі ойды анықтай алады.
Сабақ барысы: Психологиялық дайындық
Қызығушылық-мотивациялық кезең
«Сөзді анықта»
А) Бір оқушы ортаға шығады, қалған оқушылар сөзді жасырады.
В) оқушылар сол сөзге байланысты сөздерді айтады, оқушы анықтауы керек.
Сөздер: мектеп, мұғалім, сыныптас, үйірме, кітапхана.
Мысалы: мектеп – көп оқушылар, өте үлкен, көп кабинеттер, ......
-Балалар, бұл сөздердің қандай ортақ қасиеті бар?
-Не жайлы сөйлесеміз?
Оқушыларды сабақтың тақырыбымен, мақсатымен таныстыру
(Ж,Қ) «Мен –саған, сен -маған» ойыны
Жұптық жұмыс.
Сыныптасыңа сұрақтар дайында. Не туралы білгің келеді?
А) сұрақтар құрастырады
В) бір бірінің сұрақтарына жауап береді.
(Ұ,Ө) Оқылым. «Сыныптасымның күнделігі»
1-тапсырма: күнделікті түсініп оқы
1) 2015 жыл 31 тамыз. Ертең мектепке барамын. Сыныбымды
сағындым. Сыныптастарым өзгерді ме екен? Жаз бойы жақсы демалған шығар. Ертеңгі күнді асыға тосамын.
2) 2015. 1- қыркүйек. Бүгін мектепке келдім.
Сыныптастарымды көріп қуандым. Олар да сағыныпты. Біз бір бірімізге көп әңгімелер айттық. Жазғы демалысымыз туралы айттық.
3) 2015. 7- қыркүйек. Сабақтан шығып, сыныптасымыз
Арманның үйіне бардық Арман ауырып қалды. Біз оған үй тапсырмасын түсіндірдік. Оның анасы бізге тәтті тосап пен шай берді.
2-тапсырма: Ойыңмен бөліс
-Күнделікті неге үйретеді?
-Күнделік жазу не үшін керек?
Менің ойымша, .............
Себебі .............
/Оқушылар жоғарыдағы сөздерді пайдаланып, күнделік туралы өз ойларын айтады.Оқушылардың жауаптарын толықтыру/
Сергіту сәті «Сыныптастарыммен билеймін»
3- тапсырма:Күнделік бойынша сұрақтар құрастыр. Сұрақтарыңды қабырғаға іл.
А)оқушылар сұрақтар құрастырып, қабырғаға іледі.
В) оқушылар оқиды, таңдаған сұрағына жауап береді.
Кері байланыс: -Неліктен бұл сұрақты таңдадың?
4-тапсырма: Мұғалім туралы не білгің келеді? Ойыңмен бөліс. Қоятын сұрақтарыңды қағазға жаып, қабырғаға іл.
А)оқушылар сұрақтар құрастырып, қабырғаға іледі.
В) мұғалім аралап жүріп, оқиды, сұраққа жауап береді.......


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇
  • Автор: Umit
  • 1 055



Пайдалы сілтемелер:
» Ораза кестесі 2024 жыл. Астана, Алматы, Шымкент т.б. ауыз бекіту және ауызашар уақыты
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу

Соңғы жаңалықтар:
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!
» 2024 жылы студенттердің стипендиясы қанша теңгеге өседі