Кейіпкерді тану (2 сынып, I тоқсан)

 Кейіпкерді тану (2 сынып, I тоқсан)

Пән: Қазақ тілі
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Өзім туралы
Сабақ тақырыбы: Кейіпкерді тану
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары: (оқу бағдарламасына сілтемеу)2.4 Мәтіннің тақырыбы мен негізгі ойды анықтау
2.2.4.1 мұғалімнің көмегімен мәтіннің тақырыбы мен негізгі ойды анықтау
Сабақ мақсаттары: Мәтіннің тақырыбы мен негізгі ойын анықтау.
Сабақ барысы: (Ұ) Ынтымақтастық ортасын құру.
Мақсаты: оқушылардың қызығушылығын арттыру, сабаққа ұйымдастыру.
«Ертеңгілік шеңбер»
Қайырлы күн, көздерім!
Ояндыңдар ма? (қабақтарын сипайды).
Қайырлы күн, құлақтарым!
Ояндыңдар ма? (құлақтарын сипайды).
Қайырлы күн, қолдарым!
Ояндыңдар ма? (қолдарымен шапалақтайды).
Қайырлы күн, аяқтарым!
Ояндыңдар ма? (аяқпен жерді тебу).
Қайырлы күн, мұғалім!
Мен ояндым!. (Күлімсіреп, мұғалімге қолдарын созады)
/Оқушылар бір-бірін қолдарынан алып, жылы тілектер айтады/
(МК;Ж) Сабақтың тақырыбын ашу
Мақсаты:Сабақтың тақырыбын оқушының өзі анықтаау арқылы қызығушылығын арттыру.
Оқушыларға қима әріптерден сөз құрастыру ұсынылады.
Алдаркөсе, Мақтақыз, Қожанасыр, Бауырсақ.
-Оларды бір сөзбен не дейміз?
Сабақтың тақырыбы мен мақсатын таныстыру.
Бағалау критерийлерін шығару.
(МК;Ұ) Мәтінмен жұмыс
Әдебиет оқулылығының 7-бетіндегі мәтін бойынша жұмыс жүргізу.
• Мәтінді тізбектей оқу.
• Мазмұнын талқылау.
• Кестені толтыру.
Мәтіннің тақырыбы Мәтіндегі негізгі ой
Оқушылар толтырылған кестені жұбымен алмастыру арқылы бірін – бірі бағалайды.
Дескрипторлар:
1. Мәтін мазмұнына сай тақырып қояды.
2. Мәтіндегі негізгі ойды анықтайды.
Жоғарғы балл – 2 балл.
(Т) Топтық жұмыс
Мақсаты: топпен жұмыс істей білуге, бір-бірінің көзқарасын тыңдауға, ортақ шешімге келуге дағдыландыру.
Оқушыларға әдептілікті білдіретін сөздерді жазу, постер құру ұсынылады.
Әр топ әдептілік сөздерін жазып, салыстырады
(Ұ) «Әдептілік туралы» Әли мен Айя мультфильмін тамашалау
Мақсаты: оқушының тыңдалым дағдыларын дамыту, тыңдалған ақпаратты ой елегінен өткізе білуге дағдылану.
-Әли мен Айя мультфильмінде қандай әдептілік сөздерін естідіңдер?
-Дастархан басындағы қандай әдептілік ережелерін көрдіңдер?
(Ұ) «Дұрыс-бұрыс» ойыны
Мақсаты: сыни ойлауға, өз ойының дұрыс немесе бұрыстығын дәлелдеуге дағдылану.
а) Үлкендердің алдынан кесіп өтуге болады.
б) Есікті керуге болады.
в) Бейуақытта ұйықтауға болады.
г) Ауызды ашып есінеуге болады.
д) Қатты дауыс көтеріп күлуге болады.
е)Дөрекі сөйлеуге болады.
Бағалау: мұғалім алдымен оқушыларға жұппен талқылауға мүмкіндік береді. Соан соң кері байланыс жасалып, ұжыммен дұрыс жауап анықталады.......


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇
  • Автор: Umit
  • 1 153



Пайдалы сілтемелер:
» Ораза кестесі 2024 жыл. Астана, Алматы, Шымкент т.б. ауыз бекіту және ауызашар уақыты
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу

Соңғы жаңалықтар:
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!
» 2024 жылы студенттердің стипендиясы қанша теңгеге өседі