» » » » Қазақ тілінен сабақ жоспары: Өмірбаян оқу (2 сынып, I тоқсан)

Қазақ тілінен сабақ жоспары: Өмірбаян оқу (2 сынып, I тоқсан)

Қазақ тілінен сабақ жоспары: Өмірбаян оқу (2 сынып, I тоқсан) казакша Қазақ тілінен сабақ жоспары: Өмірбаян оқу (2 сынып, I тоқсан) на казахском языке
Пән: Қазақ тілі
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Менің отбасым және достарым
Сабақ тақырыбы: Өмірбаян оқу
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары: (оқу бағдарламасына сілтемеу)1.2.1.2 оқудың түрлерін (буындап оқу, жиі кездесетін сөздерді тұтас оқу, түсініп оқу) қолдану
Сабақ мақсаттары: Барлық оқушылар: оқудың түрлерін (буындап оқу, жиі кездесетін сөздерді тұтас оқу, түсініп оқу) қолдану
Көптеген оқушылар: оқудың түрлерін (буындап оқу, жиі кездесетін сөздерді тұтас оқу, түсініп оқу) қолданып сұрақтар құрастырып, жауап бере алады.
Кейбір оқушылар: оқудың түрлерін (буындап оқу, жиі кездесетін сөздерді тұтас оқу, түсініп оқу) қолданып сұрақтар құрастырып,жауап беріп,өз ойын дәлелді түрде түсіндіре алады.
Сабақ барысы: Ұйымдастыру.
(Ұ) Психологиялық дайындық
Біз бақытты баламыз
Ойнап күліп аламыз
Жетілсін деп санамыз
Оқып білім аламыз
ОМ таныстыру.
Мәтінді буындап оқу, жиі кездесетін сөздерді тұтас оқу, түсініп оқуды үйренесің.
Кел сөйлесейік!
(МК; Ө)
Суреттен кімді көріп тұрсыңдар?
Бүгінгі тақырып кім туралы болмақ?
Жаңа сөздермен жұмыс
Атақты спортшы Қажымұқан Мұңайтпасовтың өмірбаянымен таныстыру. Мәтінді түсініп оқуын қадағалау.
Қажымұқан 1871 жылғы 7 сәуірде Ақмола уезіне қарасты Сарытерек болысының Жәдік деген елді-мекенінде дүниеге келген. Кейбір деректер бойынша Қажымұқан 1883 жылы туылған. Кедей жанұядан шыққан Қажымұқан орыс байларына жалданып, жұмыс істейді. Уақыт өте келе күрес жолына түсіп, той-жиындарда халықтың назарына ілігіп, бала балуан деп атанады. Қажымұқан қазақ елінің мақтанышы, алып күш иесі, теңдесі жоқ кәсіпқой балуан. Күрес өнерінің бірнеше түрін жетік меңгеріп, бәсекелестерінен басым түскен Қажымұқан әлем чемпионы атағына қол жеткізген тұңғыш қазақ батыры. Дүниежүзінің 28 мемлекетін аралап, сол жерлердің саңлақтарымен белдесіп, қоржынына 56 медаль салған. Көрші жатқан Ресей жерінің өзінде де Қажымұқанға тең келетін балуан жоқ еді. Иван Поддубный, Иван Шемякин, Иван Заикин, Алекс Аберг, Георг Лурих, Поль Понс, Вейланд Шульц сынды балуандармен бірге боз кілемді сарғайтып, күштері таудай балуандарды шеттерінен жығып, алтыннан алқа таққан Қажымұқан қазақ жерінің нағыз мақтанышына айналған.
Өмірбаянды сыныпта дауыстап оқу. Оқушыларға сөздерді оқу тәсілдерін көрсетіп, оларды өз беттерінше қолдануға үйрету. Таныс емес сөздермен жұмыс жасау әдістерін қолдануларын қадағалау. Тақырыпқа байланысты әңгімелер, тақпақ-өлеңдер айтып, оқушылардың қатысуына мүмкіндік туғызу.
Үйретілген тақпақ, өлеңдер, әңгімелерді бірнеше рет қайталап айтқызу
СӘЛЕМ САҒАН, КҮШ-АТАМ!
Заңғар таулар жотасын
Мен өзіңе ұқсатам.
Танымайтын атасын
Сәлем саған, күш-атам!
Күтіп талай батыр сын,
Деп тұрғанда белдесем,
Қалай сыйып жатырсың
Мына қара жерге сен.
(Ж;Қ) Отбасы және белгілі бір тұлғаның өмірі жайында кітаптар мен өмірбаяндар топтамасын жасау
Оқу қабілеттеріне қарай оқушыларды жұппен отырғызу. Берілетін өмірбаян әр жұптың деңгейіне сай келуін ескеру........



Полную версию материала можете скачать на сайте zharar.com через 30 секунд !!!

Автор: Umit | 100 |



Загрузка...
Читайте также
Сауат ашудан сабақ жоспары: Денсаулықты күтуді үйрену (1 сынып, 8 бөлім )
Қысқа мерзімді сабақ жоспары [ҚМЖ] жинағы
Сауат ашудан сабақ жоспары: Денсаулықты күтуді үйрену (1 сынып, 8 бөлім )
Сауат ашудан сабақ жоспары: Табиғатқа саяхат Ә дыбысы мен әрпі (1 сынып, 5 бөлім )
Қысқа мерзімді сабақ жоспары [ҚМЖ] жинағы
Сауат ашудан сабақ жоспары: Табиғатқа саяхат Ә дыбысы мен әрпі (1 сынып, 5 бөлім )
Сауат ашудан сабақ жоспары: Мен және табиғат Й  дыбысы және әрпі (1 сынып,4 бөлім )
Қысқа мерзімді сабақ жоспары [ҚМЖ] жинағы
Сауат ашудан сабақ жоспары: Мен және табиғат Й дыбысы және әрпі (1 сынып,4 бөлім )
Сауат ашудан сабақ жоспары: Менің отбасым І дыбысы мен әрпі (1 сынып,4 бөлім )
Қысқа мерзімді сабақ жоспары [ҚМЖ] жинағы
Сауат ашудан сабақ жоспары: Менің отбасым І дыбысы мен әрпі (1 сынып,4 бөлім )
Сауат ашудан сабақ жоспары: Менің отбасым Қ дыбысы мен әрпі (1 сынып,3 бөлім )
Қысқа мерзімді сабақ жоспары [ҚМЖ] жинағы
Сауат ашудан сабақ жоспары: Менің отбасым Қ дыбысы мен әрпі (1 сынып,3 бөлім )
Сауат ашудан сабақ жоспары: Мектепке бару бағытын құрастыру (1 сынып,2 бөлім )
Қысқа мерзімді сабақ жоспары [ҚМЖ] жинағы
Сауат ашудан сабақ жоспары: Мектепке бару бағытын құрастыру (1 сынып,2 бөлім )
Сауат ашудан сабақ жоспары: Кк дыбысы мен әрпі (1 сынып,1 бөлім )
Қысқа мерзімді сабақ жоспары [ҚМЖ] жинағы
Сауат ашудан сабақ жоспары: Кк дыбысы мен әрпі (1 сынып,1 бөлім )
Қазақ тілінен сабақ жоспары: Менің елім  (1-сабақ) (1 сынып, 4 бөлім )
Қысқа мерзімді сабақ жоспары [ҚМЖ] жинағы
Қазақ тілінен сабақ жоспары: Менің елім (1-сабақ) (1 сынып, 4 бөлім )

KZ / Сабақ жоспары жинағы / Қысқа мерзімді сабақ жоспары [ҚМЖ] жинағы, сабақ жоспары Өмірбаян оқу 2 сынып қазақ тілі, қазақ тілінен қмж кмж қысқа мерзімді сабақ жоспары, поурочные планы на казахском языке, казак тили кыска мерзимди сабак жоспары, Өмірбаян оқу, сабақ жоспары Өмірбаян оқу 2 сынып қазақ тілі қазақ тілінен қмж кмж қысқа мерзімді сабақ жоспары поурочные планы на казахском языке казак тили кыска мерзимди сабак жоспары Өмірбаян оқу, Қазақ тілінен сабақ жоспары: Өмірбаян оқу (2 сынып, I тоқсан)