Жағажайда (3 сынып, IV тоқсан, 7 бөлім)

 Жағажайда (3 сынып, IV тоқсан, 7 бөлім)

Пән: қазақ тілі
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 7-бөлім «Су – тіршілік көзі»
Сабақ тақырыбы: Жағажайда
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары:
1.5. Тыңдалым материалын болжау
3.1.5.1. тыңдаған фразаның алдындағы немесе кейінгі оқиғаны болжау
2.5. оқыған/тыңдаған материал бойынша пікірін білдіру
3.2.5.1.оқыған/ тыңдаған материал бойынша өз пікірін (менің ойымша ...., менің көзқарасым бойынша ...., себебі ....) дәлелдеу
5.1. Грамматикалық нормаларды сақтау
3.5.1.4. мұғалімнің қолдауымен жіктеу есімдіктерінің септелуін және септеулік шылауларды ауызша/жазбаша тілде қолдану
Сабақ мақсаттары:
Оқушылардың барлығы:
Мұғалімнің көмегіммен тыңдаған мәтіннің тақырыбын тірек сөздер арқылы болжап өз ойын жай сөйлеммен айтады.
Оқушылардың көпшілігі:
Тыңдаған тақырыпты болжайды, септеулік шылауды орынды қолданады.
Оқушылардың кейбірі:
Тыңдаған материалға еркін болжам жасайды, ауызша/жазбаша тілде септеулік шылауды сауатты әрі орынды қолданады.
Сабақ барысы: Ұйымдастыру кезеңі.
Психологиялық жағымды ахуал қалыптастыру
Ой шақыру
«Сантики, Фантики, Лимпопо». Барлығы шеңбер бойымен тұрып, бір баланы таңдайды да бөлменің сыртына шығарады. Шеңбердегі балалардың ішінен бір баланы жүргізуші етіп сайлайды, ол шеңбердегі балаларға қозғалыстарды көрсетіп тұрады. Барлық ойыншылар жүргізушінің артынан көрсеткен қимылдарды қайталау керек. Қимылдарды қайталаған кезде жүргізушіге қарамай, білтіртпей жасау керек. Шеңбердегі балалар шапалақ ұрып, «САНТИКИ, ФАНТИКИ, ЛИМПОПО» деп айтып ойынды бастайды. Бөлме сыртында тұрған бала ойыншылардың дауыстарын естіп, бөлмеге кіреді де шеңбердің ортасына тұрып, кім жүргізуші екенін табу керек. Егер жүргізушіні тапса, жүргізуші есіктің сыртына шығады. Ойын сол ретімен жалғасып отырады.
-Осы ойын түрі арқылы баланың көңіл-күйін көтеру.
«Жинақтау» әдісі: қортынды шығаруға бағытталған
Сұрақтарға жауап беру арқылы бос торларды толтыр.

а у л а у
қ а р м а қ

-Кез келген нәрсені қолға түсіру үшін қандай әрекет жасаймыз?
-Балықты қандай құралмен аулаймыз?
- Оқушылардың назарын сабаққа аудару.
Сабақтың мақсатымен таныстыру
• Тыңдалым материалын болжау;
• Оқыған/тыңдаған материал бойынша пікірін білдіру
• Грамматикалық нормаларды сақтау
Мағынаны тану
(МК,Ұ) Жаңа сөздерді меңгерту
1-тапсырма. Үлгіге қарап сөздермен сөз тіркесін құрастыр.
Бұлақ Төк

Үлгі: Таза бұлақ , ...... бұлақ, ......... бұлақ
(тұщы, мөлдір)
Суды төк, ....... төк, ........ төк (қоқысты
Тыңдалым алды тапсырма:
2-тапсырма. Суреттен нені байқадың? Көргендеріңді сөздермен тізбектеп айт.
Тыңдалым тапсырмасы:
Мәтіннің бір бөлігін мұқият тыңда. Мәтін не жайлы? Оқиғаны болжап көр.
Өз пікірін (менің ойымша ...., менің көзқарасым бойынша ...., себебі ....) дәлелдеу
Мәтінмен жұмыс.
Біз жағажайға бардық. Жағажайда адамдар көп. Жағажайдың қасында бұлақ бар. Алыстан дауыс естілді.
Әрі қарай оқиға немен жалғасады? (өз ойын жазады)
Менің ойымша_____________________________
-Мына жерде бұлақ бар, -деп бала айқайлады. Бұлақтың суы салқын. Адамдар бұлақтан су ішті.
(Ұ) Ой шақыру.
-Балалар, мынау не?
-Дұрыс айтасыздар, бұл себет. Себеттің іші сұрақтарға толы. Қазір шеңберге тұрып, ойын айнаймыз. «СҰРАҚ бізден, жауап СІЗДЕН» ойынын бастаймыз.
Сұрақтар:
1.Мәтін не жайында?
2. Адамдар қайда жүр?
3. Адамдардан басқа не бар?
4. Бала нені көрді?
5. Суы қандай?
Кері байланыс.
(Т) Тыңдалымнан кейінгі тапсырма
Суретті пайдаланып сөйлемді толықтыр.
Адамдар -да жүр.
Алыстан естілді.
Мына жерде бар деп айқайлады.
суы салқын.
-тың суын төкпе.
Дескриптор
- сурет бойынша сөйлем құрастырады ;
- жаңа сөздерді орынды қолданады....


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇
  • Автор: Umit
  • 1 808



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Ораза айт намазы уақыты Қазақстан қалалары бойынша
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!