Судың пайдасы (3 сынып, IV тоқсан, 7 бөлім)

 Судың  пайдасы (3 сынып, IV тоқсан, 7 бөлім)

Пән: қазақ тілі
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:
7-бөлім «Су – тіршілік көзі»
Сабақ тақырыбы: Судың пайдасы
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары:
3.1. Оқу түрлерін қолдану
3.3.1.1 мәтінді немесе оның бөлімдерін мәнерлеп оқу, шолып (танысу мақсатында) оқу/ рөлге бөліп оқу
2.2 Берілген тақырып бойынша сөйлеу
3.2.2.1 берілген тірек сөздер негізінде сөйлеу (3-4 сөйлем)
Сабақ мақсаттары:
Оқушылардың барлығы:
мәтінді мәнерлеп оқиды, мұғалімнің қолдауымен тірек сөздер арқылы сөйлейді.
Оқушылардың көпшілігі:
Оқыған мәтін бойынша сұрақтарға жауап береді, үлгі бойынша берілген тірек сөздер негізінде жай сөйлеммен баяндайды.
Оқушылардың кейбірі:
Оқыған мәтін бойынша пікірін білдіреді, өз бетінше тірек сөздер негізінде (3-4 сөйлем) сөйлейді.
Сабақ барысы: Ұйымдастыру кезеңі.
Психологиялық жағымды ахуал қалыптастыру
Ой шақыру (Жаңа бөлімнің тақырыбы мен мазмұнын болжайды)
Ұ Сынып оқушылар щеңбер құрап, мұғалім әріптер тізбегін таратады. Әр оқушы су тақырыбына қатысты өз әріпінен басталатын бір сөз айтады.
Мысалы: Су – «Т» - таза, «Л» - лас, «Д»- дәмді
Сабақтың мақсатымен таныстыру
• оқу түрлерін қолданамын;
• берілген тақырып бойынша сөйлеймін.
Мағынаны тану
Оқылым алды тапсырмасы
(МК,Ұ) Жаңа сөздерді меңгерту
Оқушылар жаңа сөздермен сөз орамдарын, қарапайым сөйлем құрастырады.
Мысалы: Мен гүл суардым. ....
(Ж) Грамматикалық қоржын
Әр оқушының орындығына қима қағаздар бекітіледі. Оқушы қима қағазда берілген тапсырмаға назар аударып, қажетті жіктік жалғауын жалғайды, жұбымен сол сөзді қатыстырып, диалог құрастырады. Үлгі:
- Мен бүгін бақша суардым. Сен суардың ба?
- Иә, мен гүл суардым.
- Мен жеміс суардым.
- Сен анаңа көмектестің бе?
- Иә, мен анама көмектестім.
Кері байланыс. «Бас бармақ» әдісі
Оқылым тапсырмасы
1-тапсырмасы:
(МК,Ұ) Судың пайдасы тақырыбына қатысты мәтін оқиды.
Мысалы:
Адам бақша өсірді. Бақша шөлдеді.
Адам Суға:
-Су, сен әдімісің, тазасың, көңілдісің. Маған көмектесші,- деді.
Су:
-Жарайды,- деді.
Су Адамға көмектесті. Су бақшаны суарды.
Адам Суға:
-Рақмет, саған,Су!- деді.
Мәтінмен танысқан соң, оқушылар бірнеше (2-3) шешуші сұрақтарға жауап береді. Бұл талқылауға негізі болады.
Жетекші сұрақтар:
- Мәтін не туралы?
- Адам не өсірді?
- Су қандай?
- Сенің ойыңша судың қандай пайдасы бар?
Дескриптор
- Мәтінмен танысып, түсініп оқиды;
- Сұрақтарға жауап береді;
- Өз пікірін білдіреді.
Кері байланыс. « Бағдаршам» әдісі
2-тапсырмасы:
(ЖЖ) Екі оқушы жұптасып, сұхбаттасады.
- Біздің өмірімізде су қаншалықты маңызды?
- Сусыз өмір сүруге бола ма?
- Күн ыстықта адам не істейді?
- Суды қалай қолданасыз?
- Бақшаны қалай күтеді?.....


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇
  • Автор: Umit
  • 2 273



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Ораза айт намазы уақыты Қазақстан қалалары бойынша
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!