Жас өнертапқыштар №14 (3 сынып, III тоқсан, 6 бөлім)

 Жас өнертапқыштар №14 (3 сынып, III тоқсан, 6 бөлім)

Пән: Қазақ тілі Т2
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 6-бөлім «Атақты тұлғалар»
Сабақ тақырыбы: Жас өнертапқыштар №14
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары:
3.4 Сұрақтар мен жауаптар құрастыру
3.3.4.1 мәтін мазмұны мен кейіпкерлерінің іс-әрекетін нақтылау үшін сұрақтар (қандай? қай? қашан? қайда?) құрастыру және оған жауап беру
Сабақ мақсаттары:
Оқушылардың барлығы:
мәтін мазмұны бойынша мұғалімнің қолдауымен сұрақтар құрастырады.
Оқушылардың көпшілігі:
мәтін мазмұны бойынша сұрақтар құрастырады және оған жауап береді.
Оқушылардың кейбірі:
мәтін мазмұны мен кейіпкерлерінің іс-әрекетін нақтылау үшін сұрақтар құрастырады және оған жауап береді.
Сабақ барысы:«Кел сөйлесейік!» шаттық шеңберіне шақыру
Амандасу, сәттілік тілеу, сұхбат ұйымдастыру
Сұрақтары:
- Балалар, қандай ғылыми жаңалықтарды білесіңдер?
- Робототехника туралы не айта аласыңдар?
- Өнертапқыш деген сөздің мағынасы қалай түсінесіңдер?
Сабақтың тақырыбын болжату
(Жас өнертапқыштар)
Сабақтың мақсатымен таныстыру:
• Мәтін мазмұны бойынша сұрақтар құрастырамын;
• сұрақтарға дұрыс жауап беремін.
Мағынаны тану
Оқылым алды тапсырма:
(Ұ) Жаңа сөздер
Жаңалық – хабар
бірақ – алайда
Дамыту жолдары:
˗ сөздерді суреттер арқылы меңгерту;
˗ сөздерді синоним немесе мағынасы жақын сөздер келтіріп түсіндіру;
˗ сөздермен сөйлемдер ойластыру;
˗ дұрыс айту мен дұрыс жазу жолдарын меңгерту;
˗ сөздерді дауыстап айтқызу.
(МК, Ұ) Грамматикалық қоржын
Қандай? (түс, сапа, көлем), қай? (анықтау), қашан? (уақыт, мезгіл), қайда? (мекен, жер) сұрақтарын тақтаға жазып, мағынасын ажырату үшін мысалдар беріледі.
1-тапсырма
(Ұ) Мәтінді мұқият оқиды. Тірек сөздерін анықтап, мазмұнын топта талқылайды.
1-топ. Мектеп жаңалығы
Біздің мектепте робототехника үйірмесі ашылды. Үйірмеге қатысатын оқушыларды – жас өнертапқыштар деп атайды. Олар роботты жасаумен айналысады. Бірақ роботты жасау оңай іс емес. Алдымен бағдарламаны жақсы білу қажет. Сондықтан бұл үйірмеге механика, элетроника және информатиканы жақсы көретін оқушылар қатысады.
2-топ. Құлаққап жаңалығы
Жас өнертапқыш - Честер Гринвуд коньки тебуді жақсы көрген. Бірақ ұзақ уақыт сырғанаудан құлағы тоңған. Бала бас киім киюді ұнатпағандықтан, әжесіне жүннен арнайы құлаққап тоқып беруді сұрайды. Мұндай аксессуар оның достарына қатты ұнайды. Бұл құлаққаптар қатты шудан да қолданылатын болған. ....


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇
  • Автор: Umit
  • 1 950



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Ораза айт намазы уақыты Қазақстан қалалары бойынша
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!