7-сабақ Абай – ұлы ақын (3 сынып, III тоқсан, 6 бөлім)

 7-сабақ Абай – ұлы ақын (3 сынып, III тоқсан, 6 бөлім)

Пән: Қазақ тілі Т2
Ұзақмерзімді жоспар бөлімі: Атақты тұлғалар
Сабақ тақырыбы: 7-сабақ Абай – ұлы ақын
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары:
2.4 Оқыған/тыңдаған материалды мазмұндау
3.2.4.1 жоспар (сурет, сызба түрінде) және тірек сөздер негізінде оқиға желісін сақтай отырып мазмұндау.
3.4 Сұрақтар мен жауаптар құрастыру
3.3.4.1* мәтін мазмұны мен кейіпкерлерінің іс-әрекеті туралы нақты сұрақтар (қандай? қай? қашан? қайда?) құрастыру және оған жауап беру.
5.1 Грамматикалық нормаларды сақтау (лингвистикалық терминдерді қолданбау)
3.5.1.2 өз бетінше шағын мәтіннен көптік/ тәуелдік/
септік/жіктік жалғаулы сөздерді ауызша/жазбаша тілде қолдану.
Сабақ мақсаттары:
1. Оқыған/тыңдаған мәтінді тірек сөздер негізінде мазмұндау.
2. Қажетті сөздерді пайдаланып, сұрақтар мен жауаптар құрастыру.
2. Жіктік, септік, тәуелдік жалғауларын дұрыс қолдану.
Оқушылардың барлығы: сөздер мен сөз тіркестерін дұрыс қайталайды, көп нүктенің орнына қажетті сөздерді қояды, жалғауларды дұрыс қолданады.
Оқушылардың көпшілігі: тірек сөздерді пайдаланып оқыған/тыңдаған мәтінді мазмұндайды, мәтін мазмұны бойынша диалогты жалғастырады, жалғауларды дұрыс қолданады.
Оқушылардың кейбірі: топтық тапсырмаларда басқа оқушыларға жетекшілік жасайды, олардың ойларын толықтырып отырады. Өз пікірлерін айтады.
Сабақ барысы: Мұғалім үй тапсырмасын «Допты ұстап ал» ойыны арқылы тексереді. Ол үшін допты лақтырып: «Үйге берілген батаны кім жаттады?» - деп сұрақ қояды. Допты қағып алған оқушы жауап береді, егер жауап бере алмаса, допты басқа оқушыға береді. Ол келесі оқушыға лақтырады. Солай жалғаса береді.
Ой қозғау. Оқушыларға интербелсенді тақтада өткен сабақтағы жаңа сөздер: ұлы ақын, дара тұлға және жаңа сабақ тақырыбымен байланысты аудармашы, композитор (сазгер) сөздері ұсынылады. Осы сөздердің кімге байланысты айтылуы мүмкін екендігі болжатылып, сабақ тақырыбы айқындалады.
Оқушылар өз ойларын айтады. Мұғалім оқушыларға: «Дұрыс таптыңдар. Олай болса, өткен сабақта «Бала Абай» туралы айтқан болсақ, бүгінгі сабақ тақырыбы: «Абай – ұлы ақын» - екендігін айтады.
(МК, Ұ) Жаңа сөздерді сурет, анықтама беру, синонимдер арқылы меңгерту.
- Бұл ненің суреттері?
- Кітаптың суреті.
- Кітапты кім жазады?
- Олай болса, белгілі бір автордың жазған туындысын шығарма деп атаймыз.
- Суретте не көріп тұрсыңдар?
- Дұрыс, пернетақта.
- Пернетақтаға не жапсырылған?
Әртүрлі елдің тулары бейнелеген жапсырмалар жапсырылған. Әр елдің өз тілі бар. Бір тілден екінші тілге көшіріп айтып беруді, баяндауды аудару деп атаймыз.
Сабақтың мақсатымен таныстыру:
Оқыған/тыңдаған сөз тіркестерін, мәтінді түсіну.
Сөйлемдерге сұрақтар құру.
Жалғауларды дұрыс қолдану.......


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇
  • Автор: Umit
  • 1 250



Пайдалы сілтемелер:
» Ораза кестесі 2024 жыл. Астана, Алматы, Шымкент т.б. ауыз бекіту және ауызашар уақыты
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу

Соңғы жаңалықтар:
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!
» 2024 жылы студенттердің стипендиясы қанша теңгеге өседі