Бидің бәрі тамаша №5 сабақ (3 сынып, III тоқсан, 5 бөлім)

 Бидің бәрі тамаша №5 сабақ (3 сынып, III тоқсан, 5 бөлім)

Пән: Қазақ тілі Т2
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Өнер
Сабақ тақырыбы: Бидің бәрі тамаша №5 сабақ
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары:
3.1 Оқу түрлерін қолдану
3.3.1.1 мәтінді немесе оның бөлімдерін мәнерлеп оқу, шолып (танысу мақсатында) оқу/, рөлге бөліп оқу
4.2 Тыңдаған/оқыған материалдың мазмұнын жазу
3.4.2.1 оқыған/аудио/бейне материалдың мазмұнын тірек сөздерді қолданып жазу
Сабақ мақсаттары:
• Оқыған мәтіннің мазмұнын түсіну
• Тірек сөздерді қолданып, мәтін мазмұнын жазу
Оқушылардың барлығы: оқыған мәтіннің мазмұнын түсінеді, мәтін мазмұнын жазады
Оқушылардың көпшілігі: сөйлемдегі сөздердің орын тәртібін сақтап, мәтін мазмұнын өз сөзімен жазады.
Оқушылардың кейбірі: тақырып бойынша өзіндік пікірін айтады.
Сабақ барысы: Үй тапсырмасын тексеру
Алдыңғы сабақта өткен тақырыпты, сөздерді еске түсіру мақсатында ойын ойнату.
«ИӘ» және «ЖОҚ» ойыны
 Роза Рымбаева- орыс халқының әншісі.
 Розаның алғашқы әні –«Әлия»
 Роза Рымбаева ән байқауында екінші орын алды.
 Роза – әлемге белгілі әнші.
 Роза Шығыс Қазақстан облысында дүниеге келген.
 Әнші 35 жасында халық әншісі атанды.
 Роза Рымбаеваның дауысы ерекше.
 Роза –қазақ халқының сүйікті әншісі.
Суреттер арқылы сабақтың тақырыбын анықтайды.
Сабақтың мақсатымен таныстыру
• Оқыған мәтіннің мазмұнын түсінемін.
• Мәтін мазмұнын жазамын.
(МК, Ұ) Жаңа сөзбен жұмыс.
Жаңа сөздерді суретті сөздік арқылы меңгерту
Сөз тіркестерін, сөйлемдер құру
Биші – би билейтін адам
Қимыл (қимыл көрсету арқылы)
Қазақстанда атақты бишілер көп.
Маған «Қара жорға» биінің қимылдары ұнайды.
Тіл дамыту
 Би билегенді ұнатасың ба?
 Қай халықтың билерін білесің?
 Сыныбыңда би үйірмесіне кім қатысады?
Суретке қара. Қай халықтың билері? Би қалай аталады?
(Ө) Оқылым мәтіні
Би – музыкамен түрлі қимылдар жасау өнері. Би өнері ерте заманда пайда болған. Адамдар аңдардың, құстардың қимылдарын биде қолданған.
Бидің түрі көп. Олар: вальс, қара жорға, лезгинка, қамажай, балет, брейк. Бишілер әртүрлі қимылдар ойлап табады.
Би адамның көңіл-күйін көтереді. Би денсаулыққа өте пайдалы.
(Ө) Оқыған мәтіндегі сөздермен жұмыс. Кестенің төрт ұяшығына сөздер жазады. Орындап болған соң, ең жиі қолданатын сөздерді сынып бойынша анықталады. Мүлдем қолданылмайтын сөздердің синонимдерін ұсыну.
Білемін/қолданамын Білмеймін/қолданамын
Білемін\қолданбаймын Білмеймін/қолданбаймын
1. Мәтін не туралы?
А) өнер
Ә) би өнері
Б) бидің пайдасы
2. Мәтіннің тірек сөздерін анықта.
А) би өнері, музыка, қимыл, пайдалы
Ә) би, денсаулық, аңдар
Б) би, ерте заман, ойлап табады
3. Мәтін бойынша 1 сұрақ құрастыр және жауап бер.
Сұрақ:__________________________________
Жауап: _________________________________.....


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇
  • Автор: Umit
  • 1 153



Пайдалы сілтемелер:
» Ораза кестесі 2024 жыл. Астана, Алматы, Шымкент т.б. ауыз бекіту және ауызашар уақыты
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу

Соңғы жаңалықтар:
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!
» 2024 жылы студенттердің стипендиясы қанша теңгеге өседі