Мынау қай жануардың мүсіні? (1) (3 сынып, II тоқсан, 4 бөлім)

 Мынау қай жануардың мүсіні? (1) (3 сынып, II тоқсан, 4 бөлім)

Пән: Қазақ тілі
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 4-тарау «Сәулет өнері» (6-сабақ)
Сабақ тақырыбы: Мынау қай жануардың мүсіні? (1)
Оқу мақсаттары:
Берілген тақырып бойынша ойын жеткізу
3.2.2.1 берілген тірек сөздер негізінде сөйлеу (3-4 сөйлем);
Грамматикалық нормаларды сақтау
3.5.1.4* мұғалімнің қолдауымен жіктеу есімдіктерінің септелуін ауызша тілде қолдану
Сабақ мақсаттары:
Оқушылардың барлығы:
Үлгі бойынша әр мүсінді сипаттап айтады.
Оқушылардың көпшілігі:
Шеңбер бойымен әңгімелеу барысында маған/саған/сізге/оған септелген есімдіктерді орынды қолданады.
Оқушылардың кейбірі:
Тірек сөздерді қолданып, «Шығыс күнтізбесі» субұрқағын сипаттап айтады.
Сабақ барысы: Қызығушылықты ояту – 2 минут
«Мозаика» ойыны
Оқушыларға суреттер қиындылары таратылады. Қиындылардан суреттер жинау барысында оқушылар 3 топқа бірігеді.
«Мағынаны таны» стратегиясы – 2 минут
Суреттерге қараңдар. Сұрақтарға жауап беріңдер.
Бұл – жылқының мүсіні.
Жылқының мүсінінің түсі – қоңыр.
1) Бұл ненің мүсіні? Оның түсі қандай?
2) Субұрқақта қандай мүсіндер бар? Олар неден жасалған? Жылқының мүсінінің түсі қандай?
3) Сабақтың тақырыбын жариялау
Сабақ мақсаты мен бағалау критерийлерін бірлесе құру – 2 минут
Есте сақта!
Мен → маған ұнайды
Сен → саған
Сіз → сізге
Ол → оған
Саша → Сашаға
Үлгі бойынша айтып, өзіңді тексер:
Мен (тауықтың мүсіні)
Мынау – тауықтың мүсіні. Маған тауықтың мүсіні ұнайды.
Сен (барыстың мүсіні)
Сіз (маймылдың мүсіні)
Ол (жыланның мүсіні)
1-тапсырма (оқулықтың 109-бетіндегі 3-тапсырма). Үлгі бойынша әр мүсінді сипаттап айту
оқушының аты ұнайтын мүсін
Саша жыланның мүсіні
1) Тақтаға жоғарыдағы кесте ілінеді.
2) Мұғалім оқушылар назарын оқулықта берілген мүсіндерге (суреттерге) аударады.
3) Тақтаға үлгі жазылады:
ҮЛГІ: Маған жылқының мүсіні ұнайды. Жылқының мүсінінің түсі – қоңыр.
4) Әр оқушы өз атын және өзіне ұнайтын мүсіннің атауын кестеге жазады да, үлгі бойынша сипаттап айтады.
5) Бағалау «Шапалақ» тәсілі арқылы жүзеге асырылады.
«Шеңбер бойымен әңгімелеу» әдісі
2-тапсырма (оқулықтың 109-бетіндегі 4-тапсырма).
Кімге ненің мүсіні ұнайды?
Маған // саған // сізге // оған
1-тапсырмада толтырылған кестені басшылыққа ала отырып, әр топтан тақтаға шыққан 1 оқушы өз тобы мүшелеріне қай мүсіннің ұнайтыны туралы айтады. Мысалы: Маған жыланның мүсіні ұнайды. Арай, саған қоянның және барыстың мүсіні ұнайды. Апай, сізге ұлудың мүсіні ұнайды. Сашаға (оған) жылқының мүсіні ұнайды.
Бағалау «Бас бармақ» әдісі арқылы орындалады.
3-тапсырма (оқулықтың 110-бетіндегі 5-тапсырма үлгісімен). Тірек сөздер бойынша «Шығыс күнтізбесі» субұрқағы туралы мәтін құрастырып айту
ТІРЕК СӨЗДЕР: «Шығыс күнтізбесі» субұрқағы, 12 мүсін, олар, жылқының мүсіні, жыланның мүсінінің түсі – сұр, мәрмәр тастан, әдемі
Бағалау дескриптор арқылы жүзеге асады.
Дескриптор:
1. «Шығыс күнтізбесі» субұрқағындағы барлық мүсіндерді атады.
2. Тірек сөздерді қолданып, субұрқақты сипаттап айтты....


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇
  • Автор: Umit
  • 2 012



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Ораза айт намазы уақыты Қазақстан қалалары бойынша
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!