» » » » Қазақ тілінен сабақ жоспары: Мен де сәулетші боламын (2) (3 сынып, II тоқсан, 4 бөлім)

Қазақ тілінен сабақ жоспары: Мен де сәулетші боламын (2) (3 сынып, II тоқсан, 4 бөлім)

Қазақ тілінен сабақ жоспары: Мен де сәулетші боламын (2) (3 сынып, II тоқсан, 4 бөлім) казакша Қазақ тілінен сабақ жоспары: Мен де сәулетші боламын (2) (3 сынып, II тоқсан, 4 бөлім) на казахском языке
Пән: Қазақ тілі
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 4-тарау «Сәулет өнері» (3-сабақ)
Сабақ тақырыбы: Мен де сәулетші боламын (2)
Оқу мақсаттары:
Тыңдаған аудио/бейнематериалдың мазмұнын түсіну
3.1.3.1* тыңдаған материалдың мазмұны бойынша сұрақтарға жауап беру;
Тыңдаған материалдың мазмұнын жазу
3.4.2.1* тыңдаған аудио материалдың мазмұнын тірек сөздерді қолданып жазу
Сабақ мақсаттары:
Оқушылардың барлығы:
Сұрақтар қою арқылы жасырылған сөзді анықтайды.
Оқушылардың көпшілігі:
Тыңдаған мәтіннің мазмұнын түсініп, сұрақтарға жауап береді.
Оқушылардың кейбірі:
Тыңдаған мәтіннің мазмұнын тірек сөздерді қолданып жазады.
Сабақ барысы: Қызығушылықты ояту – 3 минут
«Пазл жинау» әдісі
Үйлеріне қаланың
Мен қызығып қарадым.
Мектеп, балабақшаны
Әдемі етіп саламын –
Мен құрылысшы боламын!
Мен сәулетші боламын,
Жүйрік менің қаламым.
Жоба жасап сан түрлі
Ғимараттар саламын,
Мен де сәулетші боламын!
Көп қабатты жаңа үй
Қалада тұр сәулетті.
Әкем менің – шебер-ақ,
Мен де болам сәулетші!
Жеке-жеке таратылған өлең жолдарын құрастыру арқылы оқушыларды топтарға біріктіру
Үй тапсырмасын тексеру – 4 минут
Әлібекке үй тапсырмасын жасауға көмектесіңдер.
Әр топқа үй тапсырмасына берілген сөйлемдерді екі-екіден бөліп береді.
1-топ: Ме... әкем – сәулет.... . Мен де сәулетші бола.... .
2-топ: Маған Райымбек батырдың кесене... ұнайды. Кесене.... сырты аппақ. Оның күмбез... әдемі.
3-топ: Кесененің алдында түйе... мүсін... бар. Кесене жобасын сәулетші.... – Б.Ибраев, Ш.Өтебаев, С.Ағытаев жасаған.
Сабақ мақсаты мен бағалау критерийлерін бірлесе құру – 3 минут
1-тапсырма. Жаңа сөздермен жұмыс
«10 сұрақ» ойыны – 8 минут
Тақтаға 1-топтан 1 оқушы шығады. Мұғалім өткен сабақта танысқан 1 сөз жазылған стикерді оқушының маңдайына жапсырады. Бұл сөзді 1-оқушыдан басқалары көреді, бірақ айтпайды. 1-оқушы жасырылған сөзді табу үшін сыныптастарына сұрақтар қояды, сыныптастары «иә» немесе «жоқ» деп қана жауап беруі тиіс. Мысалы: стикерде «сәулетші» сөзі жазылған. 1-оқушы бұл сөзді көрмейді, бірақ оны табу үшін оқушыларға: Бұл адам ба? Бұл құрал ма? Оның сызғышы мен қарындашы бар ма? т.с.с. сұрақтар қоюы керек.
Жасырылатын сөздер: сәулетші, құрылысшы, күмбез, кесене, төбесі, сырты, мұнара
Бағалау «Шапалақ» әдісі арқылы жүзеге асады.
2-тапсырма. Мәтінді тыңдап, сұрақтарға жауап беру (оқулықтағы 1-тапсырма) «Ақылды достар» ойыны – 7 минут
Аудиодискіден мәтінді тыңдатады. Оқушылар назарын оқулықтағы 1-тапсырмада (100-бет) берілген сұрақтарға аударады. Әр топ тыңдалым материалы бойынша диалог құрастырып айтады: 1-оқушы сұрақты оқиды, 2-оқушы сұраққа жауап береді. Бағалау «Мадақ сөздер» әдісі арқылы орындалады.
3-тапсырма. Тыңдаған мәтіннің мазмұнын тірек сөздерге сүйеніп жазу (оқулықтағы 2-тапсырма, 101-бет) – 10 минут
Тірек сөздер: сөйлесті, Райымбек батыр кесенесі, сурет салу, кесененің төбесі, кесененің сырты
1) Мұғалім топтарға тірек сөздер жазылған парақтарды таратып береді. Тапсырманы орындау ретін түсіндіреді.
2) Оқушылар топтарда тыңдаған мәтіннің мазмұнын тірек сөздерге сүйеніп жазады.
3) 1-топ жазған жұмыстарын 2-топқа, 2-топ жазған жұмыстарын 3-топқа, 3-топ жазған жұмыстарын 1-топқа бағалауға береді.
4) Топтарға мынадай үлгідегі бағалау парағы таратылады:
топ № Барлық тірек сөздерді қолданды. Мәтіннің мазмұны дұрыс. Әдемі және қатесіз жазды. жалпы ұпай саны
..... 0 1 2 0 1 2 0 1 2 ......
5) Әр топ мүшелері басқа топтардың жұмыстарын дескриптор арқылы бағалайды. Өз пікірін түсіндіреді.
Дескриптор:
1. Барлық тірек сөздерді дұрыс қолданды.
2. Мәтіннің мазмұнын дұрыс құрастырды.
3. Әдемі және қатесіз жазды.....



Полную версию материала можете скачать на сайте zharar.com через 30 секунд !!!

Автор: Umit | 141 |


Комментарии для сайта Cackle


Загрузка...
Читайте также
Қазақ тілінен сабақ жоспары: Жазғы демалыс – ең ұзақ мереке №9 (3 сынып, IV тоқсан, 8 бөлім)
Қысқа мерзімді сабақ жоспары [ҚМЖ] жинағы
Қазақ тілінен сабақ жоспары: Жазғы демалыс – ең ұзақ мереке №9 (3 сынып, IV тоқсан, 8 бөлім)
Қазақ тілінен сабақ жоспары: Нәтиже сабақ (3 сынып, IV тоқсан, 7 бөлім)
Қысқа мерзімді сабақ жоспары [ҚМЖ] жинағы
Қазақ тілінен сабақ жоспары: Нәтиже сабақ (3 сынып, IV тоқсан, 7 бөлім)
Қазақ тілінен сабақ жоспары: 5-сабақ Шоқан мен мүсінші бала (3 сынып, III тоқсан, 6 бөлім)
Қысқа мерзімді сабақ жоспары [ҚМЖ] жинағы
Қазақ тілінен сабақ жоспары: 5-сабақ Шоқан мен мүсінші бала (3 сынып, III тоқсан, 6 бөлім)
Қазақ тілінен сабақ жоспары: Өнер деген не? 1-сабақ (3 сынып, III тоқсан, 5 бөлім)
Қысқа мерзімді сабақ жоспары [ҚМЖ] жинағы
Қазақ тілінен сабақ жоспары: Өнер деген не? 1-сабақ (3 сынып, III тоқсан, 5 бөлім)
Қазақ тілінен сабақ жоспары: «Бәйтерек» неге ұқсайды? (1) (3 сынып, II тоқсан, 4 бөлім)
Қысқа мерзімді сабақ жоспары [ҚМЖ] жинағы
Қазақ тілінен сабақ жоспары: «Бәйтерек» неге ұқсайды? (1) (3 сынып, II тоқсан, 4 бөлім)
Қазақ тілінен сабақ жоспары: Көктем мезгілі (3 сынып, II тоқсан, 3 бөлім)
Қысқа мерзімді сабақ жоспары [ҚМЖ] жинағы
Қазақ тілінен сабақ жоспары: Көктем мезгілі (3 сынып, II тоқсан, 3 бөлім)
Қазақ тілінен сабақ жоспары:  Күз келді (3 сынып, I тоқсан, 1 бөлім)
Қысқа мерзімді сабақ жоспары [ҚМЖ] жинағы
Қазақ тілінен сабақ жоспары: Күз келді (3 сынып, I тоқсан, 1 бөлім)
Қазақ тілінен сабақ жоспары: Үй құстары №11 (3 сынып, I тоқсан, 1 бөлім)
Қысқа мерзімді сабақ жоспары [ҚМЖ] жинағы
Қазақ тілінен сабақ жоспары: Үй құстары №11 (3 сынып, I тоқсан, 1 бөлім)

KZ / Сабақ жоспары жинағы / Қысқа мерзімді сабақ жоспары [ҚМЖ] жинағы, сабақ жоспары Мен де сәулетші боламын (2) 3 сынып қазақ тілі, қазақ тілінен қмж кмж қысқа мерзімді сабақ жоспары, поурочные планы на казахском языке, казак тили кыска мерзимди сабак жоспары, Мен де сәулетші боламын (2), сабақ жоспары Мен де сәулетші боламын (2) 3 сынып қазақ тілі қазақ тілінен қмж кмж қысқа мерзімді сабақ жоспары поурочные планы на казахском языке казак тили кыска мерзимди сабак жоспары Мен де сәулетші боламын (2), Қазақ тілінен сабақ жоспары: Мен де сәулетші боламын (2) (3 сынып, II тоқсан, 4 бөлім)