«Менің бір күнім» (3 сынып, II тоқсан, 3 бөлім)

 «Менің бір күнім» (3 сынып, II тоқсан, 3 бөлім)

Пән: Қазақ тілі Т2
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 3-бөлім Уақыт
Сабақ тақырыбы: «Менің бір күнім»
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары: 1.1 Тыңдаған материалдың мазмұнын түсіну
3.1.1.1 анық айтылған сөзді тыңдап, түсінгені бойынша қарапайым нұсқауларды орындау
2.3 Түрлі жағдаяттарда қарым-қатынасқа түсу (диалог)
3.2.3.1* белгілі тақырыптағы әңгімеге қатысу және сұхбаттасын түсіну және олардың ойын толықтыру.
5.1 Грамматикалық нормаларды сақтау (лингвистикалық терминдерді қолданбау)
3.5.1.3*мұғалімнің қолдауымен шағын мәтіндегі етістіктің шақ, рай формаларын ауызша/жазбаша тілде қолдану
Сабақ мақсаттары:
Оқушылардың барлығы:
оқыған мәтіннің мазмұнын түсінеді және мұғалімнің қолдауымен сұрақтарға жауап береді, сөйлеуде /жазуда өткен шақты қолданады.
Оқушылардың көпшілігі:
Сөздер мен сөйлемдердің мағынасына сәйкес әрекет жасайды, тақырып бойынша диалогке қатысады, сөйлемді өткен шақта дұрыс құрайды.
Оқушылардың кейбірі:
Тақырып бойынша сұхбаттасу барысында басқалардың ойын толықтырады, қосымша ақпаратымен бөліседі.
Сабақ барысы: «Ыстық алақан» тренингі
Балалар бір-біріне алақандарымен сәлемдесіп, өздерінің жақсы тілектерін айтады:
Мен саған сәттілік тілеймін!
Мен саған бақыт тілеймін!
Мен саған жақсы көңіл-күй тілеймін! және т.б.
Оқушылар суреттер арқылы жаңа тараудың мазмұнын болжайды.
- Сағат 8:00-де не істейсің?
- Мектептен кейін не істейсің?
- Бүгінгі сабақ не жайлы болады?
Сабақтың тақырыбымен, мақсатымен таныстыру
- Тыңдалым материалы бойынша нұсқауларды орындаймын;
- Берілген тақырып бойынша сұрақтар қоямын, сұрақтарға жауап беремін;
- Жалғауларды жалғап үйренемін.
(Ұ, МК) Жаңа сөздерді меңгерту: Таңертең, кешке
1. Суретті сөздік – жаңа сөздерді сурет арқылы түсіндіру
Таңертең Кешке
2. Дұрыс айтуға дағдыландыру:
- мұғалім сөздерді мәнерлеп оқиды;
- оқушылар мұғалімнен кейін сөздерді қайталайды, дауыстап оқиды, тізбекпен оқиды;
- дұрыс айтуға дағдыланады
3. Сөйлемдер құрастыру.
Мен таңертең мектепке барамын. Кешке теледидар көремін.
5. Жаңа сөздерді сөздік дәптерге жазады
1-тапсырма
(Ұ) Мәтінді оқы. Мәтін бойынша сұрақтарға жауап бер.
Арман таңертең сағат 7-де тұрады. Жуынады, жаттығу жасайды. Таңғы асын ішеді. Сағат 8-де мектепке барады. Мектептен үйге сағат 13-те келеді. Түскі асын ішеді. Сағат 15-те бокс үйірмесіне барады. Кешке отбасымен теледидар көреді. Бұл оның бір күні.
 Арман таңертең не істейді?
 Мектептен нешеде келеді?
 Сен сағат 15-те не істейсің?
 Отбасы қашан теледидар көреді?
Дескриптор:
- оқыған мәтіннің мазмұнын анықтайды;
- сұрақтарға жауап береді.
Кері байланыс: Не қиын болды? Не жеңіл болды?
2-тапсырма
(Ж) «Сұхбат құрайық» тәсілі. Берілген сурет бойынша жұптасып диалог құрады.
Менің бір күнім
Үлгі: - Айдар, қазір сағат бір болды. Сен не істейсің ?
- Мен бокс үйірмесіне барамын.
Кері байланыс. «Бас бармақ» арқылы тапсырма бойынша кері байланыс жасайды.....


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇
  • Автор: Umit
  • 2 148



Пайдалы сілтемелер:
» Ораза кестесі 2024 жыл. Астана, Алматы, Шымкент т.б. ауыз бекіту және ауызашар уақыты
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу

Соңғы жаңалықтар:
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!
» 2024 жылы студенттердің стипендиясы қанша теңгеге өседі