Жеміс және көкөністер жазылым (1 сынып, 7 бөлім )

 Жеміс және көкөністер жазылым (1 сынып, 7 бөлім )

Пән: Сауат ашу.
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: «Тағам және сусын»
Тақырып: Жеміс және көкөністер жазылым
Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаты: Ж1 Ж3 Ж4 Ж5Ж6
Білетін дыбыстарды пайдалана отырып сөздер жазады.
Бір нәрсе туралы жазуда сипаттау сөздерін қолданады.
Жазуда дыбыстар мен әріптер арасындағы байланысты біледі.
Жай сөйлемді жазуда бас әріптер мен нүктені қолданады.
Аудио-визуалды- құралдарынан алынған материалды сипаттап жазады.
Сабақ мақсаты: Барлық оқушылар білу керек:
Тағам (көкөністер мен жеміс – жидектердің) атауларын біледі, ажырата алады. Әр түрлі сөйлем түрлерін жаза алады.
Көпшілігі:
Берілген суреттегі жеміс немесе көкөністің атауларын біледі, аттарын жазады.
Кейбір оқушылар:
Мәтіндегі негізгі ойды анықтай
Мәтіннің тақырыбы мен стиліне сай тиісті тақырыпқа шағын жазылым таңдап жаза алады.
Сабақ барысы: (Ұ)Ұйымдастыру. Психологиялық дайындық. Сабақты төмендегі өлең жолдарын оқушылармен хормен бірге қосылып айтудан бастаймын.
Жарық болсын күніміз.
Жарқын болсын үніміз,
Елін сүйіп ер жетер
Біз болашақ гүліміз.
Алдыңғы сабақтарда меңгерген жеміс – жидектер мен көкөністердің атауларын дұрыс ажыратып, бөлу мақсатында шеңберде екі себетке бөліп салуды ұйымдастыру.
(МК,Ұ) Шеңбер құру.
Оқушылар көздерін жұмып үлкен себеттен кез келген жемісті немесе көкөністі таңдайды. Таңдап алған жемісінің немесе көкөнісінің атауын (кейбір оқушылар үш тілді атаулары мүмкін) атап, ажыратып тиісті себетке салады.
(шеңбердің ортасында екі себет қойылған)
Екі себетке жемістерді бөліп салғаннан кейін оқушылардың қызығушылықтарын ояту мақсатында оқушылардың назарларын белсенді тақтада ашылған таныстырылымға аудару. Тапсырмалардың кейбірінде сыни тұрғыдан ойлауға, яғни жаңа идеялар табуға, сұрақтар қоюға жетелейтін тапсырмалар берілген.
(Ұ,МК) Жұмбақтар шешу (2 – 7 слайд)
Жұмбақтың шешуін дұрыс тапқан оқушыға қол шапалақтап қошемет көрсету арқылы мадақтауды ұйымдастыру.
Үлкендігі алмадай,
Сырты жанған қызыл от,
Ішін жарып қарасаң-
Майда , майда қызыл шоқ . (Анар
Аспай піскен,
Қайнамай түскен. (Жеміс)
Аласа ғана бойы бар,
Қабат – қабат тоны бар. (орамжапырақ)
(МК) Бейнежазбамен жұмыс. Берілген сілтеме бойынша оқушылардың көкөністер мен жемістер туралы сөздік қорларын молайту, дүниетанымын кеңейту
Әр жұпқа жемістердің суреттері беріледі.
Тапсырма. Берілген жеміс туралы білгендерін бір – біріне айту. Жұптың біреуі айтқанды қайталамау керек. Жұппен жұмыс (9 – слайд)
Төменде берілген рет бойынша айтады.
- Түрі
- Дәмі
- Түсі
- Берілген жемістен немесе көкөністен не әзірленеді?
- Неге ұқсайды?
Кез келген 2–3 жұптың әңгімелеуін тыңдай отыра «Басбармақ» әдісі арқылы бағалауды тапсыру
Жұппен жұмыстан кейін, деңгей бойынша топтық жұмыстар орындату
(Т) Топпен жұмыс. (10 – слайд)
Дифференциация
Сынып бес топқа бөлінген.
1 – тапсырма. Барлық топқа кеспе әріптер беріледі.
Сол әріптерден тақатаға шығып әрбір топ мүшелері төмендегі сөздерді құрастырады. Жылдам сөз құрастырған топты қол шапалақтау арқылы бағалауды ұсыну.
1 – топ. Бұрыш
2 – топ. Картоп
3 – топ. Қызанақ
4 – топ. Шалқан
5 – топ. Орамжапырақ
2 – тапсырма.
1 – топ. Көкөністер мен жемістердің суреттері араластырылып беріледі. Оқушылар берілген суреттер арқылы көкөністер мен жемістерді екі топқа бөледі және атауларын жазып берулері керек.
2 – топ. Көкөністердің суреттері беріледі. Оқушылар берілген көкөністердің аттарын жазып, берілген көкөніс атауының 1 – 2 – н қоса отырып бір сөйлем құрап жазулары тиіс.
3 – топ. Берілген жеміс суреттерінің аттарын жазып , сол аталған жемістерге байланысты сөйлем құрап жазулары тиіс.
Фокус топ
4 – топ. Берілген жеміс немесе көкөністің атауын жазып және оның пайдасы туралы жазылым (шағын мәтін) жазады.
5 – топ. Берілген жеміс немесе көкөністің атауын жазып және оның пайдасы туралы жазылым (шағын мәтін) жазады.
Жазылым.
(ОТ) Тосын сый. Рольдік қойылым. «Көкөністер сыр шертеді»(музыка әуенімен ортаға әр топтан көкөністердің маскасын киген оқушылар шығады да, өздеріне берілген рөл бойынша өздерін таныстырады, сонымен қатар оларға жемістер мен көкөністер тобына бөлініп, бірлесе таныстыруды ұсынуға болады) ( 11 – слайд)
(мәтін нұсқасы төменде берілген)
Кері байланыс. «Бағдаршам» (12 – слайд) ....


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇
  • Автор: Umit
  • 1 084



Пайдалы сілтемелер:
» Ораза кестесі 2024 жыл. Астана, Алматы, Шымкент т.б. ауыз бекіту және ауызашар уақыты
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу

Соңғы жаңалықтар:
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!
» 2024 жылы студенттердің стипендиясы қанша теңгеге өседі