Әңгіме жазамын (1 сынып, 7 бөлім )

 Әңгіме жазамын (1 сынып, 7 бөлім )

Пән: Сауат ашу.
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: «Тағам және сусын»
Сабақ тақырыбы: Әңгіме жазамын
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары: (оқу бағдарламасына сілтеме) 1.3.5.1* тақырыпқа байланысты керекті сөздер, сызбалар, суреттер, белгілерін қолдана отырып, жай сөйлемдер/мәтін құрастыру және жазу
1.3.8.1 жазу жолын, жоларалық кеңістікті, жолдың жоғарғы және төменгі сызығын сақтап, әріп элементтерін каллиграфиялық талаптарға сай жазу
1.3.7.1* мұғалімнің қолдауымен сөз, сөйлем, мәтінді тексеру және қателерін түзету
Сабақ мақсаттары: Суреттерді қолдана отырып, мәтін құрастыру және жазу.
Сабақ барысы: 1-сабақ
1.Оқушылардың зейінін шоғырландыру.
2. Сабаққа кіріспе (starting). Үй жұмысын тексеру. (Нұсқаулықтың көмегімен үй тапсырмасын орында. Мәтіннің тақырыбын, негізгі ойын анықта. Ат қой. Мәтінді бөліктерге бөл. Жоспар құр.Тірек сөздерді жаз.)
Тақырыбы: Балапан мен мысық
Мәтін бойынша сұрақтар қою.
- Көктемнің қай айы туды? Балалар не жасады?
- Кім құстарға ұя дайындады?
- Ұяда неше балапан пайда болды? Аш балапан қайтті?
- Не балапанға жақындай түсті?
- Қараторғайлар қайтті? Олар кімнен көмек сұрағандай болды?
- Асан не істеді?
Әңгімедегі негізгі ойды айтқызу.
Мәтінге жоспар құру
Жоспар:
1. Ұя жасау
2. Балапанға төнген қауіп
3. Араша түскен Асан
Тіректі сөздер мен сөз тіркестерін тақтаға жазу (оқушылар айтып тұрады): аш балапан, шыбық, шат - шадыман, әсем әуенге
Сергіту сәті
(Ұ) Оқушылармен бірге ОМ анықтап алу.
- Бүгін біз 1-сабақта:
Суретті қолдана отырып, мәтін құрастырамыз.
Оқушыларға суретке қарап, сөздер айтуды ұсыну. Оқушылар сөздерді айтып болған соң, алдын ала жолақшаларға (ас үй, балалар, көмектесті, анасы, компот, көкөністер, тәрелкеге құйды, көмекшілер) жазып дайындап қойған сөздерді кезекпен тақтағы суреттердің қасына қыстыру. Сөздердің ішінде олардың айтқан сөздері де бар екеніне назар аударып тұру. Сөздерді қыстырмас бұрын, оқи алатын оқушыларға оқуды ұсыну, оқи алмайтын оқушыларға хормен қайталауды ұсыну. Келесі кезекте оқушыларға сөздерді пайдаланып сөйлем құрастыруды ұсыну. Сөйлем құрастырған балалар кезекпен ортаға шығып тұрады. 4-5 сөйлем құрылған соң, әр баланың сөйлемін алдымен өзі, содан соң сынып оқушылары хормен айтып қайталайды. Солай шағын мәтін құрылады. Қажет болса мәтін бірізді болу үшін, сөйлемдердің орнын, яғни тұрған оқушылардың орнын ауыстыру керек. Сыныптағы 2-3 оқушыға мәтінді толық айтып шығуға мүмкіндік беру. Мәтінді түсінгендерін бақылау мақсатымен сұрақтарға жауап беруді ұсыну.
(Сурет А3 форматта)

2-сабақ
(Ұ) Бірінші сабақта үйренгенді еске түсіру. Оқушылармен бірге сабақтың мақсатын анықтап алу.
- Бүгін біз 2-сабақта:
Суретті қолдана отырып, мәтін құрастырамыз және жазамыз.
(Ұ,МК) Мәтін құрастыру.
Сурет пен тірек сөздерді қолданып, мәтін құрастырамыз, ат қоямыз. (1-слайд).

Сергіту сәті
Дифференциация
Көктем, балалар, қайық,қағаз, жасады, жылға, жіберді, жүзді, жүгірді.
Көктем, балалар, қайық, қағаз, жасады, жылғаға ағызды, тез жүзе бастады, артынан жүгірді.
Тексер (2-слайд)
Көптен күткен көктем
Көктем келді. Балалар қағаздан қайық жасады. Олар қайықты жылғаға ағызды. Қайық тез жүзе бастады. Балалар артынан жүгірді.
Бағалау критерийі:
1. Сөйлемдер бір-бірімен байланысқан.
2. Әр сөйлемнің басында сөздер қайталанбайды.
3. Тірек сөздер қолданылған
Сабақ соңында сабақтың мақсатына оралып, қорытынды, кері байланыс жасау
Үй жұмысы:
Тірек сөздердің көмегімен мәтін құрастырып жазу.
Қымыз, биенің сүті, жасалады, қышқылтым, шипалық қасиеті, денсаулыққа өте пайдалы....


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇
  • Автор: Umit
  • 1 886



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Ораза айт намазы уақыты Қазақстан қалалары бойынша
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!