» » » » Сауат ашудан сабақ жоспары: №139 Ойын ережесін құра аламын Щ дыбысы мен әрпі (1 сынып, 6 бөлім )

Сауат ашудан сабақ жоспары: №139 Ойын ережесін құра аламын Щ дыбысы мен әрпі (1 сынып, 6 бөлім )

Сауат ашудан сабақ жоспары: №139 Ойын ережесін құра аламын Щ  дыбысы мен әрпі (1 сынып, 6 бөлім ) казакша Сауат ашудан сабақ жоспары: №139 Ойын ережесін құра аламын Щ  дыбысы мен әрпі (1 сынып, 6 бөлім ) на казахском языке
Пән: Сауат ашу.
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: «Салт-дәстүр және ауыз әдебиеті»
Сабақ тақырыбы: №139 Ойын ережесін құра аламын Щ дыбысы мен әрпі
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары: (оқу бағдарламасына сілтеме)1.2.9.1 әріпті тану, ажырату және оны дыбыспен сәйкестендіру
1.2.1.2 оқудың түрлерін (буындап оқу, жиі кездесетін сөздерді тұтас оқу, түсініп оқу) қолдану
1.1.4.1 мәтіннің мазмұнын тақырыбы, иллюстрациясы бойынша болжау
1.2.4.1* мұғалімнің көмегімен қарама-қарсы мағыналы/мәндес/көп мағыналы сөздердің мағыналарын ажырату
1.3.8.1 жазу жолын, жоларалық кеңістікті, жолдың жоғарғы және төменгі сызығын сақтап, әріп элементтерін каллиграфиялық талаптарға сай жазу
Сабақ мақсаттары:
Барлық оқушылар:
- мұғалімнің басшылығымен әріпті тану, ажырату және оны дыбыспен сәйкестендіру;
- үлгі негізінде 3-4 буынды сөздерді буындап, 2-3 ашық және тұйық буынды сөздерді тұтас әрі түсініп оқу;
- берілген тақырып пен сурет бойынша жетекші сұрақтар көмегімен мәтін мазмұнын болжау;
- сурет бойынша қарама-қарсы мағыналы сөздерді табу, мағыналарын ажырату;
- жазу жолда бас әріп пен кіші әріптің биіктігі мен мөлшерін сақтап көлбеу, үзбей және біркелкі үлгі негізінде жазу;
Оқушылардың көбі:
- әріпті тану, ажырату және оны дыбыспен сәйкестендіре дұрыс оқу;
- 3-4 буынды сөздерді буындап, 2-3 ашық және тұйық буынды сөздерді тұтас әрі түсініп оқу;
- мәтіннің мазмұнын тақырыбы мен иллюстрациясы бойынша болжау;
- берілген сөзге қарама-қарсы мағыналы сөзді дыбыстық құрамы сызбасы бойынша табу, мағыналарын ажырату;
- жазу жолында бас әріп пен кіші әріптің биіктігі мен мөлшерін сақтап көлбеу, үзбей және біркелкі орта темппен жазу;
Оқушылардың кейбірі:
- әріпті тану, ажырату және оны дыбыспен сәйкестендіру;
- құрылымы күрделі сөздерді буындап, 2-3 ашық және тұйық буынды сөздерді тұтас әрі түсініп оқу;
- мәтіннің мазмұнын тақырыбы мен иллюстрациясы бойынша жасаған болжамын негіздеу;
- қарама-қарсы мағыналы сөздерді сәйкестендіру, мағыналарын ажырату;
- жазу жолында бас әріп пен кіші әріптің биіктігі мен мөлшерін сақтап көлбеу, үзбей және біркелкі шапшаң жазу;
Сабақ барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі.
(Ұ, Ж, қ) Алфавиттік жұмбақ.
Мұғалім оқушыларға бірнеше жұмбақтар жасырып, шешуін табуды ұсынады.
Бірі мен үшін жақсы адам,
Артық көрем басқадан,
Ата, апа сөздерін
Қайсы әріптен бастаған? (А)
Бастайды ол «таңды» да,
Бастайды ол «талды» да.
Келіп тұрған қай әріп,
«Тау» мен «тастың» алдында? (Т)
Ата-анаңмен барып сен,
«Пілді» көрдің «парктен».
Осы атаулар, зер салшы,
Басталған қай әріптен? (П)

Кестемен жұмыс
А Т П
Оқушылар жұмбақтың шешуін шешеді. Шешуіндегі әріптерге сәйкес сөздерді 3 минут ішінде бағандарға жазады. Қай топ көп жазса, сол топ жеңімпаз атанады.
Сабақ мақсатын хабарлау, бағалау критерийлерін оқушылармен бірге белгілеу.
1.2.9.1, 1.2.1.2, 1.1.4.1 (Ұ, Ж, қ) Жұмбақ шеш.

• Ол зат қалай аталады?
• Щётка сөзі қандай дыбыстан басталған?
• «Щ»дыбысының артикуляциясына көңіл бөлу;
• «Щ»дыбысын хормен қайталату;
• «Щ»дыбысының дауыссыз, қатаң дыбыс екенін аңғарту;
• «Щ»дыбысының айтылу, жазылу ерекшелігіне ерекше көңіл бөлдірту;
• «Щ»дыбысы сөздің басында, ортасында келетінін аңғарту;
• «Щ»дыбысы бар сөздерді хормен қайталату;
• Щётка сөзіне дыбыстық талдау жаса.
щ- қатаң, дауыссыз дыбыс
ё- дауысты дыбыс
т- қатаң, дауыссыз дыбыс
к- қатаң, дауыссыз дыбыс
а- жуан, дауысты дыбыс
«Есіңе сақта!» әдісі
Оқушылармен бірге қайталап, есте сақтау.
Дескриптор:
- әріпті таниды, ажырата біледі;
- әріптерді дұрыс дыбыстайды;
- сөздерді дұрыс оқиды;
- мәтінді болжай біледі;
1.2.9.1, 1.2.1.2, 1.3.8.1 (Ж, Ж) Оқулықпен жұмыс
Оқулықтағы жасырылған текшедегі сөзді табу.
ащы сөзіне дыбыстық талдау жасап, жазу.
а - жуан, дауысты дыбыс
щ - қатаң, дауыссыз дыбыс
ы – жуан, дауысты дыбыс
Бағандағы сөздерді оқып, мағыналарын түсіндіру.
• Іштей оқыту;
• Хормен оқыту;
• Тізбектей оқыту;
Дескриптор:
- әріп бөліктерін дұрыс салады;
- әріпті танып, ажыратады;
- әріптерді бір-бірімен байланыстырып жазады;
- жазу жолының жоғарғы және төменгі сызығын сақтап
жазады;
- дыбыстарды дұрыс оқиды;
1.2.9.1, 1.2.1.2, 1.3.8.1 (МК, Ө) Көркем жазу.
• Кең жолды дәптерге жазу үлгісін көрсету;
• Дәптерде бас әріп пен кіші әріптің биіктігі мен мөлшерін сақтап көлбеу, жолдың жоғарғы және төменгі сызығына қарап үзбей және біркелкі жазу;
Дескриптор:
- әріп бөліктерін дұрыс салады;
- әріпті танып, ажыратады;
- әріптерді бір-бірімен байланыстырып жазады;
- жазу жолының жоғарғы және төменгі сызығын сақтап
жазады;
- дыбыстарды дұрыс оқиды;
1.2.9.1, 1.2.1.2, 1.1.4.1, 1.2.4.1 (Т, Ж) Мәтінмен жұмыс. «Аквариум» әдісі
• Мәтінді мұқият тыңда
Сынып оқушылары «Аквариум» әдісі бойынша екі топқа біріктіріледі. «Балқаш» мәтінін мұқият тыңдайды.
Оқушыларға мәтінді:
• Тізбектей оқыту;
• Жеке оқыту;
- Ащы, тұщы сөздеріне сұрақ қой. Бұлар қандай сөздер? (Мағынасы қарама-қарсы сөздер)
• Теріп оқыту,
(Балқаштың суы туралы айтылған тұсты оқу)
Мәтін бойынша сұраққа жауап беретін топ шеңбердің ішінде отырады. Сұрақ қоятын топ оларды қоршап, сыртында тұрады. Ол үшін алдымен бірінші топ мәтін мазмұны бойынша сұрақтарды екінші топқа қояды. Екінші топ сұрақтарға жауап қайтарады. Екінші топ оқушылары бірінші топтың қойған сұрақтарына жүйелі, толық жауап береді. Мұғалім оқушылардың іс-әрекетін бақылап, бағыт беріп тұрады.
Ықтимал сұрақтар:
- Балқаш көлі қайда орналасқан?
- Ол қандай көл?
- Балқаштың шығыс жағындағы суы қандай?
- Батыс жағындағы суы қандай?
- Неліктен судың бір жағы ащы, бір жағы тұщы?Себебі қандай болуы мүмкін?
Осылайша топ оқушылары өз ойын білдіріп, пікірлерін айтады, дәлелдеулер жасайды.
Есіңде болсын.
Дескриптор:
- әріпті таниды, ажырата біледі;
- әріптерді дұрыс дыбыстайды;
- сөздерді дұрыс оқиды;
- мәтінді түсініп оқиды;
- мәтін бойынша сұрақтар қояды;
- сұрақтарға жауап береді;
- мәтінді болжай біледі;
- мәтінге өзіндік пікірлерін білдіреді;
- мәтіннен қарама –қарсы сөздерді табады;
(Ұ, Ж) Қызықты деректер.
Сен білесің бе?.....



Полную версию материала можете скачать на сайте zharar.com через 30 секунд !!!

Автор: Umit | 163 |


Комментарии для сайта Cackle


Загрузка...
Читайте также
Сауат ашудан сабақ жоспары: №126 Ұлттық кейіпкерлер туралы не білемін? Ф дыбысы мен әрпі (1 сынып, 6 бөлім )
Қысқа мерзімді сабақ жоспары [ҚМЖ] жинағы
Сауат ашудан сабақ жоспары: №126 Ұлттық кейіпкерлер туралы не білемін? Ф дыбысы мен әрпі (1 сынып, 6 бөлім )
Сауат ашудан сабақ жоспары: №124 Ұлттық кейіпкерлер туралы не білемін? Я әрпі (1 сынып, 6 бөлім )
Қысқа мерзімді сабақ жоспары [ҚМЖ] жинағы
Сауат ашудан сабақ жоспары: №124 Ұлттық кейіпкерлер туралы не білемін? Я әрпі (1 сынып, 6 бөлім )
Сауат ашудан сабақ жоспары: №132 Ұлттық ойын туралы не білемін? В дыбысы мен әрпі  (1 сынып, 6 бөлім )
Қысқа мерзімді сабақ жоспары [ҚМЖ] жинағы
Сауат ашудан сабақ жоспары: №132 Ұлттық ойын туралы не білемін? В дыбысы мен әрпі (1 сынып, 6 бөлім )
Сауат ашудан сабақ жоспары: №140 Ойын ережесін құра аламын Ч дыбысы мен әрпі (1 сынып, 6 бөлім )
Қысқа мерзімді сабақ жоспары [ҚМЖ] жинағы
Сауат ашудан сабақ жоспары: №140 Ойын ережесін құра аламын Ч дыбысы мен әрпі (1 сынып, 6 бөлім )
Сауат ашудан сабақ жоспары: №137-сабақ Ойын ережесі деген не? Ц дыбысы мен әрпі (1 сынып, 6 бөлім )
Қысқа мерзімді сабақ жоспары [ҚМЖ] жинағы
Сауат ашудан сабақ жоспары: №137-сабақ Ойын ережесі деген не? Ц дыбысы мен әрпі (1 сынып, 6 бөлім )
Сауат ашудан сабақ жоспары:  Кейіпкерлерді сипаттаймын Ю әрпі (1 сынып, 6 бөлім )
Қысқа мерзімді сабақ жоспары [ҚМЖ] жинағы
Сауат ашудан сабақ жоспары: Кейіпкерлерді сипаттаймын Ю әрпі (1 сынып, 6 бөлім )
Сауат ашудан сабақ жоспары: Менің отбасым Қ дыбысы мен әрпі (1 сынып,3 бөлім )
Қысқа мерзімді сабақ жоспары [ҚМЖ] жинағы
Сауат ашудан сабақ жоспары: Менің отбасым Қ дыбысы мен әрпі (1 сынып,3 бөлім )
Сауат ашудан сабақ жоспары: Кк дыбысы мен әрпі (1 сынып,1 бөлім )
Қысқа мерзімді сабақ жоспары [ҚМЖ] жинағы
Сауат ашудан сабақ жоспары: Кк дыбысы мен әрпі (1 сынып,1 бөлім )

KZ / Сабақ жоспары жинағы / Қысқа мерзімді сабақ жоспары [ҚМЖ] жинағы, сабақ жоспары №139 Ойын ережесін құра аламын Щ дыбысы мен әрпі 1 сынып сауат ашу, сауат ашудан қмж кмж қысқа мерзімді сабақ жоспары, поурочные планы на казахском языке, сауат ашу кыска мерзимди сабак жоспары, №139 Ойын ережесін құра аламын Щ дыбысы мен әрпі, сабақ жоспары №139 Ойын ережесін құра аламын Щ дыбысы мен әрпі 1 сынып сауат ашу сауат ашудан қмж кмж қысқа мерзімді сабақ жоспары поурочные планы на казахском языке сауат ашу кыска мерзимди сабак жоспары №139 Ойын ережесін құра аламын Щ дыбысы, Сауат ашудан сабақ жоспары: №139 Ойын ережесін құра аламын Щ дыбысы мен әрпі (1 сынып, 6 бөлім )