«Cалт дәстүр және ауыз әдебиеті» Нұсқаулық туралы (1 сынып, 6 бөлім )

 «Cалт дәстүр және ауыз әдебиеті»  Нұсқаулық туралы (1 сынып, 6 бөлім )

Пән: Сауат ашу.
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: «Салт-дәстүр және ауыз әдебиеті»
Сабақ тақырыбы: «Cалт дәстүр және ауыз әдебиеті» Нұсқаулық туралы
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары: (оқу бағдарламасына сілтемеу) 1.2.3.1 Сөз бен сөйлемдерді дауыс ырғағын келтіріп оқиды және мағынасын түсінеді.
1.3.7.1 Әдеби және әдеби емес мәтіндерді (мысалы: ертегі/ жарнама) салыстырады
Сабақ мақсаттары: Сөз бен сөйлемдерді дауыс ырғағын келтіріп оқиды және мағынасын түсінеді
Әдеби және әдеби емес мәтіндерді (мысалы: ертегі/ жарнама) салыстырады.
Сабақ барысы: Ұйымдастыру кезеңі
Оқушыларға жайлы ахуал ұйымдастыру
ОМ анықтап алу
Бүгін сабақта әдеби және әдеби емес мәтіндермен танысып, нұсқау бойынша рецепт жазып үйренеміз
Оқушыларды «кітап оқу бұрышына» шақыру.
Әдеби емес кітаптарды \ кейбір үлгілерін салыстыру және айырмашылықтарын табу үшін қолдану. Рецепт кітаптары мен нұсқаулықтардың басқа кітаптардан айырмашылықтарына назар аударту. Бұл кітаптардың бір- бірінен айырмашылығын анықтау мақсатында сұрақтар қою.
-әдеби кітаптар не жайында болуы мүмкін?
-сендер қандай әдеби кітаптар оқыдыңдар?
-Сен оқыған кітап мазмұны не жайында болды?
Оқушыларға әдеби емес кітап түрлерін көрсету.
(Ж.Т) Менің қолымдағы кітапта не туралы жазылған деп ойлайсыңдар?.
«Бағытталған оқуды» пайдаланып кітап мазмұнымен таныстыру:
Бұл кітапта ас мәзірі туралы жазылған.
Ас мәзірін қалай жасайтындығы туралы нұсқау берілген.
Қане, құймақ жасау мәзірімен танысайықшы.
Құймақ құрамы:
2 жұмыртқа
2 стақан сүт
1,5-2 стақан ұн
2 ас қасық қант
0,5 шай қасық тұз
0,5 шайқасық ас содасы
2 ас қасықсұйық май.
Құймақ дайындау:
Жұмыртқа мен қантты араластырамыз. Тұз, сүт, сұйық май, ас содасын қосамыз. Ұнды біртіндеп қоса отырып, жақсылап араластырамыз. Құймақтың қамыры қою да, сұйық та болмауы керек. Құймақ пісіретін табаға кішкене май тамызамыз. Бір кішкентай ожау көлемінде құймақтың қамырын құямыз. Екінші бетіне аударамыз.Құймағымыз дайын.
-Балалар, құймақ жасау үшін қандай заттар қолданамыз?
- Заттың атын білдіретін сөздерге қандай сұрақ қойылады?
-Жазған рецепте- не? -нелер? деген сұраққа жауап беретін сөздер бар ма?
Олай болса, жазған рецептегі заттың атын білдіретін сөздердің астын сызыңдар
« Оливье» салатының жасалу жолымен интерактивті тақта арқылы таныстыру. Сөз бен сөйлемдерді дауыс ырғағын келтіріп оқуына мағынасын түсінгеніне назар аудару. ......


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇
  • Автор: Umit
  • 1 046



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Ораза айт намазы уақыты Қазақстан қалалары бойынша
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!