» » » » Сауат ашудан сабақ жоспары: №144 Нәтиже сабақ Мен не үйрендім? (1 сынып, 6 бөлім )

Сауат ашудан сабақ жоспары: №144 Нәтиже сабақ Мен не үйрендім? (1 сынып, 6 бөлім )

Сауат ашудан сабақ жоспары: №144 Нәтиже сабақ Мен не үйрендім? (1 сынып, 6 бөлім ) казакша Сауат ашудан сабақ жоспары: №144 Нәтиже сабақ Мен не үйрендім? (1 сынып, 6 бөлім ) на казахском языке
Пән: Сауат ашу.
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: «Салт-дәстүр және ауыз әдебиеті»
Сабақ тақырыбы: №144 Нәтиже сабақ Мен не үйрендім?
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары: (оқу бағдарламасына сілтеме) 1.2.1.2 оқудың түрлерін (буындап оқу, жиі кездесетін сөздерді тұтас оқу, түсініп оқу) қолдану;
1.1.7.1 тыңдалған мәтінге өз көзқарасын жай сөйлеммен білдіру (ұнайды, ұнамайды);
1.2.5.1 мәтін, иллюстрация бойынша (мұғалім көмегімен) сұрақтар қоя білу және қойылған сұраққа жауап беру;
1.1.5.1 түрлі жағдаяттарда этикет сөздерін қолдана білу;
1.3.5.1 тақырыпқа байланысты керекті сөздер, сызбалар, суреттер, белгілерді қолдана отырып, үлгі бойынша шағын мәтін құрап жазу;
1.3.11.1 сөйлемді бас әріппен бастап жазып, сөйлем соңына тиісті тыныс белгілерін қою;
Сабақ мақсаттары:
Барлық оқушылар:
- үлгі негізінде 3-4 буынды сөздерді буындап, 2-3 ашық және тұйық буынды сөздерді тұтас әрі түсініп оқу;
- бірнеше рет тыңдаған соң, мәтінге өз көзқарасын жай сөйлеммен білдіру;
- иллюстрация немесе мәтін мазмұны бойынша үлгі негізінде сұраулы сөйлем құрастыру және сұраққа жауап беру;
- түрлі жағдаяттарда этикет сөздерін үлгі бойынша қолдана білу;
- үлгі бойынша суреттерді іріктеу/ белгілер салу/сөйлем сызбасы арқылы шағын мәтін құрап жазу;
- сөйлем түрін мұғалімнің қолдауымен ажыратып, үлгі негізінде сөйлемнің емлесін (бас әріппен бастап жазу, тиісті тыныс белгіні қолдану «.», «?», «!») сақтап жазу;
Оқушылардың көбі:
- 3-4 буынды сөздерді буындап, 2-3 ашық және тұйық буынды сөздерді тұтас әрі түсініп оқу;
- талқылау негізінде тыңдалған мәтінге өз көзқарасын жай сөйлеммен білдіру;
- иллюстрация немесе мәтін мазмұны бойынша берілген сұрақтарды (кім? не? қашан? не істеді? қалай?) қолданып, сұраулы сөйлем құрастыру және сұраққа жауап беру;
- түрлі жағдаяттарға қатысты белгіленген рөлді орындау басырсында этикет сөздерін қолдана білу;
- берілген тірек сөздер мен сөз тіркестерін қолданып, үлгі бойынша мұғалімнің қолдауымен (сөйлемдегі сөздердің орын тәртібі, сөйлемнің емлесі, сөйлемдердің мағыналық байланысы) шағын мәтін құрап жазу;
- сөйлем түрін мұғалімнің қолдауымен ажыратып, сөйлем сызбасы негізінде сөйлемнің емлесін (бас әріппен бастап жазу, тиісті тыныс белгіні қолдану «.», «?», «!») сақтап жазу;
Оқушылардың кейбірі:
- құрылымы күрделі сөздерді буындап, 2-3 ашық және тұйық буынды сөздерді тұтас әрі түсініп оқу;
- тыңдалған мәтінге өз көзқарасын жай сөйлеммен білдіру және ойын негіздеу;
- иллюстрация немесе мәтін мазмұны бойынша сұрақ құрастыру және сұраққа жауап беру;
- түрлі жағдаяттарда этикет сөздерін орынды қолдана білу;
- үлгі бойынша сурет /белгілер салу/сөйлем сызбасы арқылы шағын мәтін құрап жазу;
- сөйлем түрін ажыратып, сөйлем сызбасы негізінде сөйлемнің емлесін (бас әріппен бастап жазу, тиісті тыныс белгіні қолдану «.», «?», «!») сақтап жазу;
Сабақ барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі.
(Т, Ж) Саралау. «Сұрақтар жаңбыры» әдісі
Мақсаты: Оқушылардың сұрақ қою және сыни ойлау дағдыларын дамыту.
Оқушылар топтарға өз еркімен, қалауымен бөлінеді. Әр топ параққа сұрақтар жазып, бір-біріне лақтырады. Алған сұрақтарына жауап жазып, кері лақтырады. Жауап жазылған парақты қағып алған ойыншы, сол жауаптан сұрақ тудырып, ары қарай лақтырады. Ойын осылай жалғасады.
Ықтимал сұрақтар:
• Адамдармен сәлемдесіп, қоштасқанда қандай сөздер айтылады?
• Қандай әдептілік ережелерін білесің?
• Буын туралы қандай ереже білесің?
• Буынның қандай түрлері бар?
• Қосарлы дыбыстарды ата. Мысал келтір.
Сабақ мақсатын хабарлау, бағалау критерийлерін бірге белгілеу.
1.2.1.2, 1.1.7.1 (Т, Ж) Ой жүйрік. «Ішкі және сыртқы шеңбер» әдісі.
• Өлеңді мәнерлеп оқы.
• Өлеңге тақырып қой.
1-топ
Ана - ардақты сөз,
Тау - тас салмақты сөз.
Жел – қанатты сөз,
Шәкірт – талантты сөз.
М. Әлімбаев
2-топ
Ақылыма иемін,
Тәртіпті мен сүйемін.
Тақиямды қолыма ап,
Үлкенге бас иемін.
Қ. Мырза Әли

• Саған өлең ұнады ма? Неліктен?
• Әсіресе саған не ұнады немесе ұнамады?
Саралау: Өзің қандай бала болғың келеді?Ойыңмен бөліс.
Дескриптор:
- өлеңді түсініп оқиды;
- тыңдалған мәтінге өз көзқарасын айтады;
- пікірін жай сөйлеммен білдіреді;
1.2.1.2, 1.3.11.1 (Т, Т) Жұмбақ шешу. «Ойлан, жұптас, пікірлес» әдісі.
• Қарамен берілген сөздерге мағынасы қарама-қарсы сөздерді тап.
Жұмбақ
Төрт бұрышты,
Қатты.
Дәмін татсаң,
Тәтті.
Шешуі:шекер
Мағынасы қарама-қарсы сөздер: қатты-жұмсақ, тәтті-ащы
• Осы сөздерге буындық-дыбыстық талдау жаса.
Қатты сөзінде 2 буын бар. Қат- бітеу буын, ты-ашық буын.
қ- қатаң, дауыссыз дыбыс
а- жуан, дауыссыз дыбыс
т- қатаң, дауыссыз дыбыс
т- қатаң, дауыссыз дыбыс
ы- жуан, дауыссыз дыбыс
Тәтті сөзінде 2 буын бар. Тәт- бітеу буын, ті-ашық буын.
т- қатаң, дауыссыз дыбыс
ә-жіңішке, дауыссыз дыбыс
т- қатаң, дауыссыз дыбыс
т- қатаң, дауыссыз дыбыс
і- жіңішке, дауыссыз дыбыс
Дескриптор:
- өлеңді түсініп оқиды;
- мағынасы қарама-қарсы сөздерді табады;
- сөздерге буындық-дыбыстық талдау жасайды;
1.2.1.2, 1.3.11.1 (МК, Ө) Көркем жазу.
Ә әрпін жазып үйренейік.

Әдептілік – әдемілік.
Әріпті жазу;
Кең жолды дәптерге жазу үлгісін көрсету;
Дәптерде бас әріп пен кіші әріптің биіктігі мен мөлшерін сақтап көлбеу, үзбей және біркелкі жазады.
Дескриптор:
- сөзді түсініп оқиды;
- сөзді дұрыс оқиды;
- сөйлемді бас әріппен жазады;
- соңына тиісті тыныс белгісін қояды;
1.2.1.2, 1.3.5.1 (Ж, Ж) «Не жарасады?» ойыны.
• Сұрақтың дұрыс жауабын тап. Сәйкестендір.
• Досыңмен сөйлесіп көр.
Дескриптор:
- өлеңді түсініп оқиды;
- керекті сөздерді сәйкестендіреді;
- сұрақтың дұрыс жауабын табады;
Сергіту сәті «Көңілді жаттығулар»
1.2.1.2, 1.3.11.1 (МК; Ө; Қ) «Өзім туралы» коллаж. Өзін-өзі тексеру.
Керекті сөздер: Қамқоршымын, әдептімін, досыма көмектесем, бөпемді бағамын, ақылдымын, мейірімдімін, сыйлаймын.т. б...
Айтқан тілді аламын.
Дескриптор:
- сөзді түсініп, дұрыс оқиды;
- сөйлемді бас әріппен жазады;
- соңына тиісті тыныс белгісін қояды;.....



Полную версию материала можете скачать на сайте zharar.com через 30 секунд !!!

Автор: Umit | 439 |


Комментарии для сайта Cackle


Загрузка...
Читайте также
Сауат ашудан сабақ жоспары: Денсаулықты күтуді үйрену (1 сынып, 8 бөлім )
Қысқа мерзімді сабақ жоспары [ҚМЖ] жинағы
Сауат ашудан сабақ жоспары: Денсаулықты күтуді үйрену (1 сынып, 8 бөлім )
Сауат ашудан сабақ жоспары: Ертегі әңгіме жазамын (1 сынып, 7 бөлім )
Қысқа мерзімді сабақ жоспары [ҚМЖ] жинағы
Сауат ашудан сабақ жоспары: Ертегі әңгіме жазамын (1 сынып, 7 бөлім )
Сауат ашудан сабақ жоспары: №126 Ұлттық кейіпкерлер туралы не білемін? Ф дыбысы мен әрпі (1 сынып, 6 бөлім )
Қысқа мерзімді сабақ жоспары [ҚМЖ] жинағы
Сауат ашудан сабақ жоспары: №126 Ұлттық кейіпкерлер туралы не білемін? Ф дыбысы мен әрпі (1 сынып, 6 бөлім )
Сауат ашудан сабақ жоспары: №140 Ойын ережесін құра аламын Ч дыбысы мен әрпі (1 сынып, 6 бөлім )
Қысқа мерзімді сабақ жоспары [ҚМЖ] жинағы
Сауат ашудан сабақ жоспары: №140 Ойын ережесін құра аламын Ч дыбысы мен әрпі (1 сынып, 6 бөлім )
Сауат ашудан сабақ жоспары: №129 Кейіпкерлерді сипаттаймын Ю әрпі (1 сынып, 6 бөлім )
Қысқа мерзімді сабақ жоспары [ҚМЖ] жинағы
Сауат ашудан сабақ жоспары: №129 Кейіпкерлерді сипаттаймын Ю әрпі (1 сынып, 6 бөлім )
Сауат ашудан сабақ жоспары: Мектепке бару бағытын құрастыру (1 сынып,2 бөлім )
Қысқа мерзімді сабақ жоспары [ҚМЖ] жинағы
Сауат ашудан сабақ жоспары: Мектепке бару бағытын құрастыру (1 сынып,2 бөлім )
Сауат ашудан сабақ жоспары: Мектеп туралы әңгімелер жазу Сс дыбысы мен әрпі (1 сынып,2 бөлім )
Қысқа мерзімді сабақ жоспары [ҚМЖ] жинағы
Сауат ашудан сабақ жоспары: Мектеп туралы әңгімелер жазу Сс дыбысы мен әрпі (1 сынып,2 бөлім )
Сауат ашудан сабақ жоспары: Кк дыбысы мен әрпі (1 сынып,1 бөлім )
Қысқа мерзімді сабақ жоспары [ҚМЖ] жинағы
Сауат ашудан сабақ жоспары: Кк дыбысы мен әрпі (1 сынып,1 бөлім )