Саяхатты сипаттау №1 (1 сынып, 5 бөлім )

 Саяхатты сипаттау №1 (1 сынып, 5 бөлім )

Пән: Сауат ашу.
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: «Саяхат»
Сабақ тақырыбы: Саяхатты сипаттау №1
Осы сабақтақолжеткізілетіноқумақсаттары (оқу бағдарламасы на сілтеме) 1.1.1.1 тыңдау барысында тілдік бірліктерді (сөйлеу, сөз, сөйлем, мәтін) ажырату, тыңдалған мәтіннің мазмұнын түсіну
1.1.9.1 сөздегі дыбыс түрлерін (дауысты, дауыссыз, жуан және жіңішке дауыстылар) ажырату және дұрыс дыбыстау
Сабақ мақсаттары: Барлық оқушылар білу керек:Сөз, сөйлем, мәтінді ажыратады
Көпшілігі:Мәтін бойынша сұрақ қояды және жауап бере біледі
Кейбір оқушылар:.Тыңдалған мәтіннің мазмұнын айта біледі.
Сабақ барысы: (Ұ)Ұйымдастыру кезеңі: Балалардың көңіл күйлерін сұрау.
Қуаныш шеңбері.
Балалар бір - біріне жылулық сыйлап, шеңбер бойымен жүріп тақпақты хормен айтады.
Шашы – алтын, көзі - от,
Шыға ғой, Күн, тезірек.
Шуақ берші, жылу бер,
Маған оған, досыма,
Тағы, тағы, тағы да!
(Ұ) Сабақтың тақырыбын ашу мақсатында ребус шешу.
-Балалар, ребустағы жасырын сөзді тапсақ, сабақтың тақырыбын білеміз.
-Саяхат деген не?
-Саяхатқа немен шығамыз?
-Бүгінгі сабақтың мақсаты қандай деп ойлайсыңдар?
/Оқушылардың жауаптарын тыңдау/
-Балалар, бүгін біз саяхатқа қалай дайындалу керек екені жайлы танысамыз. Саяхатқа бару үшін қандай қажетті заттар керек екенін айтамыз.
-Саяхатқа жалғыз шыққан көңілді ме?
-Топпен жүрген көңілді ме?
-Ендеше топтың ережелерін қайталайық.
/Ережелерді еске түсіру/
(Т)«Не қажет?» ойыны
Әр топта саяхатқа керекті заттар бар. Әр топ белгілі бір жаққа саяхатқа шығады. Топта балалар осы заттарды неліктен алғаны жайлы талқылайды да, ортаға шығып баяндайды.
-Қай жаққа саяхатқа шығуға болады?
-Тауға,орманға,көлге,ауылға,қалаға,шет елдерге.
-Балалар,ал саяхатқа шығу үшін адамдарға ең бастысы не қажет?
(куәліктің,паспорттың,балалар үшін метіркенің бар болуын айтып,көрсету)
Сергіту сәті:
Тонса біздің қолымыз
Қолғап киіп аламыз
Сарт-сарт-сарт
Шапалақ соғамыз
Тонса біздің аяғымыз
Етік киіп аламыз
Топ-топ-топ
Топылдатып билейміз
Тонса біздің денеміз
Тонды киіп аламыз
Зу-зу-зу
Шанамен зулаймыз
(Ө)Дәптермен жұмыс.
«Мен саяхатқа шықсам, өзіммен бірге .... алып шығамын» деген құрылымды толықтырып жазуды, қосымша жаңа атауларды қолдануды тапсыру
• Сыныпқа үлгі ретінде бір оқушының жұмысын көрсету. Оқушыдан таңдаулы сөзі мен фразаларын дауыстап оқуларын сұрау. Таңдалған сөздер мен фразалар кейіпкердің затты елестетуіне қаншалықты көмек болғанын анықтау
(Ұ)«Саяхатшы Дара» мультфильмін көрсету
Оқушылармен кері байланысқа арналған негізгі сұрақтар:
• Мульфильм не туралы?
• Сендерге мульфильм ұнады ма?
-Неліктен ұнады?
• Бұл мульфильм нені еске түсірді?.
(Ұ) «Демалыс пен саяхат» тақырыбын қамту. Алғашқы географиялық білім ретінде картамен жұмыс жасау ұсынылады. Бөлім бойында жекеленген дыбыстарды жиі қайталатып, оқытылуы тиіс. Картадан Көкшетау қаласын табады.Көкшетау жайлы өлең оқиды.
(ҚБ)Оқушылардың келесі қабілеттерін бағалау:
• өлең туралы шағын комментарий айта алады
• өлеңді ұнататын/ұнатпайтынын қарапайым дәлелдер келтіре отырып түсіндіреді.
(Ұ) «Көкшетауға саяхат» мәтінімен жұмыс жасау
Көкшетау қаласы 1824ж. қаланған. Көкшетауда Қопа көлі мен Бұқпа тауы бар. Бұл жерде қарағай қалың өседі. Көкшетаудың табиғаты сұлу, әдемi. Мысалы: Бурабай-Көкшетаудағы әдемi көл. Суы тұщы және мөлдiр. Көлдiң ең терең жерiндегi жәндiктер мен балықтар айқын көрiнедi. Көлдiң айналасы- сыңсыған қарағайлы қайыңды орман. Көкшенiң әйгiлi шоқылары “Жұмбақтас”, “Оқжетпес” көлдi ерекше көрiктi етiп тұрады......


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇
  • Автор: Umit
  • 864



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша тағы 553 мың теңге төленеді
» Елімізде TikTok желісі бұғатталуы мүмкін бе?
» Елімізде су тасқынынан зардап шеккендердің қандай мүліктеріне өтемақы төленеді?