Саяхатқа дайындалу №1 (1 сынып, 5 бөлім )

 Саяхатқа дайындалу №1 (1 сынып, 5 бөлім )

Пән: Сауат ашу.
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: «Саяхат»
Сабақ тақырыбы: Саяхатқа дайындалу №1
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары: (оқу бағдарламасы на сілтемеу) Ж 13.Әріп пен дыбысты ажырата біледі, дыбыстардың айтылу ерекшелігін ескере отырып, сөзді дұрыс жазады.
Сабақ мақсаттары: Саяхат жайлы жаңа сөздерді үйренеді.Қарапайым сұрақтарды қоя біледі.Сөздер мен сөз тіркестерін диалог кезінде қолданады.Сөздер мен сөз тіркестерін жазады.
Сабақ барысы: (Ұ) Ұйымдастыру кезеңі: Балалардың көңіл күйлерін сұрау.Ұранды музыкамен қосылып айту.
Сабақты оқимыз, көңілге тоқимыз,
Қазақ тілін үйреніп қазақша сөйлейміз.
Сөздер үйренеміз, мәнін түсінеміз,
Келешекте әлі біз, биікке жетеміз...
/оқушылар хормен әндетіп айтады/
(Ұ) Оқушылармен диалог құру
-Балалар, сендер саяхатқа барғыларың келе ме?
-Ендеше саяхатқа дайындалу керекпіз ғой.
-Өйткені бүгінгі сабағымыздың тақырыбы: Саяхатқа дайындалу.
-Бүгінгі сабақтың мақсаты қандай деп ойлайсыңдар?
/Оқушылардың жауаптарын тыңдау/
-Алыс жаққа барған кезде адам барлық заттарын неге салады? /чемоданға/
-Чемодан - ол не?
-Чемодан сөзі қай әріптен басталады?
-Ч дыбысы бар сөздерге мысал келтіріңдер.
/Ч дыбысын хормен және жеке айтқызу, баспа және жазба түрлерімен таныстыру, ч әрпі бар сөздерге талдау жасау, Чч әріптерін жазғызу/
(Ұ) «Дұрыс таңдау» ойыны
Оқушылардан чемоданда не барын болжап айтуларын сұрау. Өз чемоданына не салатынын сұрау. Содан соң чемоданымдағы заттарды көрсетіп, олардың саяхатқа не үшін қажет екенін түсіндіру.
/оқушылар саяхатқа қажетті заттарды атайды және олар не үшін қажет екенін түсіндіреді/
(Т) «Дұрыс таңдау»
Картон чемоданды беріп, оқушылардан оның ішіне салатын заттардың суретін салуды және тізімін жазып беруді тапсырамын.
Әр топ ортаға шығып өз чемоданын таныстырады.Сөздердің дұрыс/теріс жазылуы тексеріледі.
Сергіту сәті:
Тонса біздің қолымыз,
Қолғап киіп аламыз.
Сарт-сарт-сарт,
Шапалақты соғамыз.
Тонса біздің аяғымыз,
Етік киіп аламыз.
Топ-топ-топ.
Топылдатып билейміз.
Тонса біздің денеміз,
Тонды киіп аламыз.
Зу-зу-зу,
Шанамен зулаймыз
(Ұ)Оқушылармен диалог жасау
-Балалар, чемоданымыз дайын. Бірақ біз бір нәрсені ұмытып кеткен сияқтымыз. Алыс жаққа саяхаттаған кезде адам өзімен нені алу керек?
/оқушылардың жауаптарын тыңдау/
-Дүниеге сәби келген кезде ол еліміздің бір азаматы болып есептеледі. Және де осы елдің азаматы ретінде оған не беріледі? Төлқұжат-туу туралы куәлік.
-Балалар, сендер төлқұжат дегеніміз не екенін білесіңдер ме?
-Ендеше біз төлқұжатпен танысып, өзіміз туралы ақпаратты жазуға үйрену керекпіз.Өйткені төлқұжатымыз дайын болғанда ғана біз тексерістен өтіп, сапарға аттана аламыз.
(Ө) «Өзім туралы ақпарат» айдары
Бірлесіп жазу әдісі арқылы төлқұжатты толтыру
Тегі ..............................................
Аты .....................................................
Әкесінің аты .................................................
Туылған күні........................................
Туылған жері ....................................
Азаматтығы .............................................
Оқушыларға дайын төлқұжат карточкалары таратылады. Оқушылар өздері жайлы алдын-ала дайындаған мәліметтерді қолдана отырып, төлқұжаттарын толтырады........


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇
  • Автор: Umit
  • 840



Пайдалы сілтемелер:
» Ораза кестесі 2024 жыл. Астана, Алматы, Шымкент т.б. ауыз бекіту және ауызашар уақыты
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу

Соңғы жаңалықтар:
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!
» 2024 жылы студенттердің стипендиясы қанша теңгеге өседі