Саяхат туралы жазылым Саяхаттау арманым (1 сынып, 5 бөлім )

 Саяхат туралы жазылым  Саяхаттау арманым (1 сынып, 5 бөлім )

Пән: Сауат ашу.
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: «Саяхат»
Сабақ тақырыбы: Саяхат туралы жазылым Саяхаттау арманым.
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары: (оқу бағдарламасына сілтемеу) 1.3.4.1 Берілген тақырыпқа мұғалімнің көмегімен жай сөйлемдер құрастырып жазады .
1.3.12.1 Мұғалімнің көмегімен сөйлем ішінде және соңында қойылатын тыныс белгілерін ажыратады.
1.3.8.1 Өзінің жазған сөйлемдерін мұғалімнің көмегімен жетілдіреді, үлгі бойынша түзетеді.
Сабақ мақсаттары: Берілген тақырыпқа мұғалімнің көмегімен жай сөйлемдер құрастырып жазады
Мұғалімнің көмегімен сөйлем ішінде және соңында қойылатын тыныс белгілерін ажыратады
Өзінің жазған сөйлемдерін мұғалімнің көмегімен жетілдіреді, үлгі бойынша түзетеді.
Сабақ барысы: Ұйымдастыру кезеңі
Оқушыларға жайлы ахуал ұйымдастыру
«Комплименттер бұрқасыны» Оқушылар 1-2 минут ішінде бір парақ қағазға өздерінің сыныптастарынан естігісі келетін сөздерді жазады. Жазып болған соң, оқушылар бұл парақты умажадап қармен атысқандай бір-біріне лақтырады.Содан кейін бір -бірден қар домалағын шеңбер бойында тұрып оқиды.
ОМ анықтап алу
Саяхат туралы өтірік өлеңге өзгертуді жоспарлай аламыз, өтірік өлең құрастыруды үйрену.
(Ж.Т)Өтірік өлеңді оқы. Жуан айтылатын сөздерді анықта.
Алыс ұзақ сапарға
Ұшақ мініп барамыз
Көзді ашып жұмғанша
Зулап жетіп барамыз
Аспан асты , бұлт түсті,
Әрі бері жүйткиміз
Біз шарлаған әлемді
Армансүйгіш туристпіз.
-Балалар «Көзді ашып-жұмғанша», «әлемді шарлаған» «әрі бері жүйткиміз» деген сөздерді қалай түсіндіңдер?
-«Армансүйгіш» -деген сөзді қалай түсінесіңдер?
-«Турист»- деген сөз қандай мағына береді?
Өлеңдегі оқиға шындыққа жанасқан ба?
Шын оқиға болса, қандай дәлел келтіресіңдер? Енді осы өлеңге назар аударыңдаршы.
Өлең сөздерін ауыстырып өтірік өлең құрастырып көрейікші.
Өлеңнің бірінші шумағын өзгертіп көрсету.
Алыс, ұзақ бұлттарға,
Тышқан мініп бәріміз.
Көзді ашып жұмғанша,
Асықпай жетіп аламыз.
(Ж)Енді осы өлеңді өздерің өзгертіп көріңдерші.
Өзіңнің жазғаныңды жаныңдағы жұбыңмен бөліс.
-Қандай өзгерту енгіздің?
-Құрастырған өлең қызықты болды ма?
-Жұмысыңа тағы өзгерту енгізгің келе ме?
-Құрастырған өтірік өлеңде қандай дауыссыз дыбыстар бар?
-Олар қалай айтылып тұр? Себебін түсіндір
Өтірік әңгімемен таныстыру.
Өзің туып өскен жерге саяхат жасауды жоспарла.Жоспардың жол бағытын саяхат сәтінде ұсынылатын қызмет түрін көрсет.
баруға болатын ерекше орындардың тізімін жаса......


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇
  • Автор: Umit
  • 1 043



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Ораза айт намазы уақыты Қазақстан қалалары бойынша
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!