Ауа райы туралы сөздер «Ч» дыбысы мен әрпі (1 сынып,4 бөлім )

 Ауа райы туралы сөздер «Ч» дыбысы мен әрпі (1 сынып,4 бөлім )

Пән: Сауат ашу.
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: «Бізді қоршаған әлем»
Сабақтақырыбы: Ауа райы туралы сөздер «Ч» дыбысы мен әрпі
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары: (оқу бағдарламасына сілтемеу) Т/А 1.4 Астарлы мағынаны болжау
Ж 3.5 Оқылған, тыңдалған және аудиовизуалды материалдардың мазмұнын жазу
Сабақ мақсаттары: 1.1.4.1 Түрлі мазмұнда қарым-қатынас жасау үшін жаңа сөздер үйренеді
1.3.5.1 Мұғалімнің көмегімен қарапайым мәтіннің мазмұнын белгі, сызба, суреттер қолдана отырып жеткізеді.
Сабақ барысы: (Ұ)Ұйымдастыру. Психологиялық дайындық.
Аспан түрді түндігін,
Жерге сәуле жайылды.
Неткен ашық күн бүгін,
Қайырлы күн, қайырлы!
Өткен әрптерді қайталау және дыбыстау
ОМ анықтау
Орындық тұр -
Қарайық,
Ұқсайды оған қай эріп? (Чч)
Қажымұқан - күрестен әлем чемпионы атанып қазақтың атын алғаш рет әлемге танытқан.
Қара күштің атасы – Қажымүқан,
Жас ұрпақ атасының жолын қуған.
Спорттың тү – түрімен айналысып,
Балалар атанбақшы жас балуан.
Серік Қонақбаев бокстан олимпиада жүлдегері. Серік Қонақбаев өздерің сияқты талай балалардың бокс спортына келуіне себепші болды.
Мұстафа Өзтүрік. Мұстафа Өзтүрік шығыс жекпе – жегінің таэквондо түрінен 7 дүркін әлем чемпионы. Біздің қазақ жеріне алғаш таэквондо спортын тәуелсіздік алған соң алып келді.
Бұл кісілерді бір сөзбен айтқанда кімдер дейді.
Қажымұқан – әлем чемпионы. Мұстафа Өзтүрік, Бекзат Саттарханов, Ольга Шишигина, Бахтияр Артаев - бұлар кімдер?
( чемпиондар)
- Чемпиондар
бірінші қатар - балуандарымыз,
екінші қатар - боксшыларымыз,
үшінші қатар - таэквондошыларымыз болады. Біз үш топ болып оқудан, тәртіп жағынан, тез жауап беру жағынан жарысамыз.
(Ұ,Ө) Оқулықпен жұмыс. Мәнерлеп,тізбектей оқыту.
Болашақ чемпиондар.
Сырғанайды екеуі
Мұз айдынға кеп бірге.
Желді қуып жетеді,
Екпін қосып екпінге
Жұлдызы боп бар елдің
Тұрар биік әманда
Чемпионы әлемнің
Болар күні әлі алда
(Т,Ж)
1 – топқа сөздер жазылған карточка беремін, ол топтың оқушылары сөздерді оқып оның ішіндегі артық сөзді табады.
2 – топқа сөздерінің орындары ауысып кеткен сөйлем беріледі, сол топтың оқушылары сөздерді ретімен қойып сөйлем құрайды.
3 – топ өздеріне берілген сөйлемдерді оқиды және оның қандай сөйлем екенін айтады.
Ауа райы туралы сөздер: ыстық, суық, қарлы, боран, бұлтты, ашық, бұлтсыз.
Берілген сөздер сынып бөлмесінің қабырғасына ілінеді.
Сөздік диктант.
Күн суытты. Бүгін қарлы жаңбыр жауды. Ауа райы күрт өзгерді.
(Ұ) «Тез ойла, сөз ойла» ойыны.(ча, чу, че, чи).
м/ы:чемодан,чемпион, чек,чак – чак.
Мәтінмен жұмыс
а) Сөздерді оқы..
ә)Сөйлемдердің соңына нүкте қой
Қыс түсті күн суытты қалың қар жауды боран соқты аяз болды балалар шана, шаңғы тепті адамдар қысқы киімдерін киді балалар қардан аққала жасады.
Тексеру жұмысы.
Қыс түсті. Күн суытты. Қалың қар жауды. Боран соқты, аяз болды. Балалар шана, шаңғы тепті. Адамдар қысқы киімдерін киді. Балалар қардан аққала жасады.
«Қарлы кесек» атты грамматикалық ойын.
1.Қыс 1.Ауа райы
2.Қыс келді. 2.Ауа райы суық.
3.Суық қыс келді. 3.Қыста ауа райы суық болады.
Мен сендерге өлең оқимын ал сендер жауабын айтасыңдар. Тыңдаңдар.
Аяз қысып өрнек сызып,
Терезені торлайды.
Қарға омбығып, бет домбығып,
Балдырғандар ойнайды,
Кейде ұлып, кейде жұлып,
Ұйтқып боран соғады.
Айтындаршы балалар бұл қай кезде болады? (Қыста)
Дұрыс балалар, сендерге қыс мезгілі ұнайма? Несімен? Қандайойындар ойнайсыңдар? Қыс мезгілінде неше ай бар? Желтоқсан айында қандай мерекелер тойланады?....


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇
  • Автор: Umit
  • 2 389



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Ораза айт намазы уақыты Қазақстан қалалары бойынша
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!