» » » » Сауат ашудан сабақ жоспары: Ғимараттар сөйлейді (1 сынып,1 бөлім )

Сауат ашудан сабақ жоспары: Ғимараттар сөйлейді (1 сынып,1 бөлім )

Сауат ашудан сабақ жоспары: Ғимараттар сөйлейді  (1 сынып,1 бөлім ) казакша Сауат ашудан сабақ жоспары: Ғимараттар сөйлейді  (1 сынып,1 бөлім ) на казахском языке
Пән: Сауат ашу.
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Өзім туралы
Сабақтың тақырыбы: Ғимараттар сөйлейді
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары: (оқу бағдарламасына сілтемеу) 1.1.2.1 мұғалімнің қолдауымен мәтінде кім (не) туралы айтылғанын анықтау
1.2.1.1 сөз/сөйлем сызбасын оқу
1.3.8.1 жазу жолын, жоларалық кеңістікті, жолдың жоғарғы және төменгі сызығын сақтап, әріп элементтерін каллиграфиялық талаптарға сай жазу
Оқу мақсаты: Мұғалімнің қолдауымен мәтінде кім (не) туралы айтылғанын анықтау және сөз/сөйлем сызбасын құрастыру.
Сабақ барысы:
I Психологиялық ахуал
«Сәлемдесу» ойыны
Мақсаты: оқушылармен сәлемдесу, сыныпқа энергия беру;
Оқушылар шеңбер құрып тұруға және 4 топқа бөліну ұсынылады: «европалықтар», «жапондықтар» , «африкандықтар» және «италиандықтар». Кейін әрбір қатысушы шеңбер бойымен жүріп, «өз амандасу тәсілімен» барлығымен сәлемдеседі: «европалықтар» қолдарын қысады, «жапондықтар» бастарын иеді, «африкандықтар» мұрындарымен, «италиандықтар» құшақтасады. Әрбір қатысушы әр түрлі рольдерді болуы үшін, жаттығуды қайталауға болады.
II Пысықтау
«Сен маған, мен саған» ойыны. Мұғалім бір оқушыны тұрғызып, оған өткен сабақ бойынша сұрақ қояды. Ол оқушы кез келген бір оқушыны таңдап алып, өткен сабақ бойынша оған сұрақ қояды. Осылай әрі қарай жалғаса береді.
- Балалар өткен сабақта біз не өттік?
- Жарайсындар, біз өткен сабақта не істедік?
(оқушылардың жауабы)
-Балалар сызба бойынша тиісті әріптерді бірге қояйық!
- Өте жақсы балалар, өткен сабақты ұмытпапсындар!
(Өткенді қайталау)
III Жаңа сабақ
(Ұ) Оқушыларға әлемдегі ең әдемі ғимараттар туралы бейнебаян көрсету.
- Балалар бейнебаянда нені көрдік? (әрі қарай сұрақтар қойып, ғимараттар деген жауапқа итермелеу)
- Ғимараттар қандай?
- Біздің елімізде қандай әдемі ғимараттарды білесіндер?
- Ал біздің қаламызда ше?
- Керемет балалар, сендер еліміздің кейбір ғимараттарын білесіндер екен!
Сабақтың тақырыбы мен мақсаты таныстырылады.
(Т) «Маңыздылық диаграммасы»
Оқушылар 5 топқа бөлінеді. Әр оқушының топ ішінде өз міндеттері болады және оқушының алдындағы парақта орындайтын міндеті жазылып тұрады. (Спикер, бақылаушы, хатшы, уақытты қадағалаушы.)
«Бәйтерек туралы аңыз»
Оқушыларға мәтінді оқып беру.
-Ерте заманда бүкіл әлем үшке бөлінген деген наным болған. Аспан әлемінде құдайлар, Ортаңғы әлемде адамдар, ал Төменгі әлемде зұлым күштер өмір сүрген деседі. Барлық үш әлемнің арасын Бәйтерек байланыстырған екен. Ағаштың тамырлары жын-перілер әлемінде, ұшар басы Темірқазық жұлдызына дейін жететін құдайлар әлемінде орналасыпты. Бәйтеректің ұшар басында Самұрық құс ұя салып, қасиетті алтын жұмыртқа салады екен. Егер кенеттен әлемді түнек басса, құс жұмыртқаны тағы да салып, қайтадан әлемді тіршілік жайлайды. Ағаштың етегінен әртүрлі өзендер бастау алған екен.
- Балалар мәтінде не туралы айтылған?
- Бәйтеректің ұшар басында қандай құс ұя салып, қасиетті жұмыртқа салған екен?
- Жұмыртқаның қандай қасиеті болған екен?
- Балалар қалай ойлайсыңдар неге Бәйтерек монументің «Бәйтерек» деп атаған? (оқушылардың ойларын тыңдау)
- Ойларың керемет екен! Бәйтерек монументі- Қазақстанның елордасы Астанада тұрғызылған. Ол Мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаевтың бастамасы бойынша салынды. Монумент Қазақстанның негізгі көрікті және бетке ұстар ғимаратына айналды. Бәйтерек өз тарихи тамырын сақтаған және болашаққа ұмтылған қазақ халқының нышаны болып табылады. Монумент жобасының авторы – әйгілі ағылшын сәулеткері Норман Фостер. Ғимараттың биіктігі 97 метрді құрайды. Оқушылар аңыздағы кейіпкерлерді қасиетіне байланысты диаграммаға орналастырады.
(топтар өзара бағалайды)
III Сергіту сәті
«Көңілді күн» бейнебаяндағы жаттығуларды қайталап, серігіп алады.
(Ө,Ж) Мақсаты: бірін-бірін тыңдауға, бағалауға дағдыландыру
«Сөз ойла, тез ойла» жаттығуы. Оқушылар Бәйтерек туралы сөйлем құрастырып сызбасын жасайды.
Сызба өте жақсы құрылған болса
Сызбада сөздер артық немесе кем
Сызба мүлдем жасалмаған болса
(бірін-бірін тексеріп бағалайды)
IV (Ұ) дәптермен жұмыс
Мақсаты: Көркем жазуға дағдыландыру.
А, Н, Л, О дыбыстарын баспа, жазба түрлерін тақтаға жазып көрсету.
Әрптердің дауысты ма әлде дауыссыз ба екенің сұрап, А, Л, Н, О әрпітерінее қандай сөздер білетінің естеріне түсіру.
Әріптер неге ұқсайтының сұрау. Әріптерді тақтада, ауда жазып үйрену ( Кестемен жұмыс) .....



Полную версию материала можете скачать на сайте zharar.com через 30 секунд !!!

Автор: Umit | 117 |


Комментарии для сайта Cackle


Загрузка...
Читайте также
Сауат ашудан сабақ жоспары: Әңгіме жазу (1 сынып, 7 бөлім )
Қысқа мерзімді сабақ жоспары [ҚМЖ] жинағы
Сауат ашудан сабақ жоспары: Әңгіме жазу (1 сынып, 7 бөлім )
Сауат ашудан сабақ жоспары: Әңгімедегі кейіпкерді сипаттау №1 (1 сынып, 6 бөлім )
Қысқа мерзімді сабақ жоспары [ҚМЖ] жинағы
Сауат ашудан сабақ жоспары: Әңгімедегі кейіпкерді сипаттау №1 (1 сынып, 6 бөлім )
Сауат ашудан сабақ жоспары: Менің отбасым Қ дыбысы мен әрпі (1 сынып,3 бөлім )
Қысқа мерзімді сабақ жоспары [ҚМЖ] жинағы
Сауат ашудан сабақ жоспары: Менің отбасым Қ дыбысы мен әрпі (1 сынып,3 бөлім )
Сауат ашудан сабақ жоспары: Баспана түрлері (1 сынып,1 бөлім )
Қысқа мерзімді сабақ жоспары [ҚМЖ] жинағы
Сауат ашудан сабақ жоспары: Баспана түрлері (1 сынып,1 бөлім )
Сауат ашудан сабақ жоспары: Ғимараттар сөйлейді №2  (1 сынып,1 бөлім )
Қысқа мерзімді сабақ жоспары [ҚМЖ] жинағы
Сауат ашудан сабақ жоспары: Ғимараттар сөйлейді №2 (1 сынып,1 бөлім )
Сауат ашудан сабақ жоспары:  Өз үйімді сипаттаймын (1 сынып,1 бөлім )
Қысқа мерзімді сабақ жоспары [ҚМЖ] жинағы
Сауат ашудан сабақ жоспары: Өз үйімді сипаттаймын (1 сынып,1 бөлім )
Сауат ашудан сабақ жоспары: Ақын болғым келеді (1 сынып,1 бөлім )
Қысқа мерзімді сабақ жоспары [ҚМЖ] жинағы
Сауат ашудан сабақ жоспары: Ақын болғым келеді (1 сынып,1 бөлім )
Сауат ашудан сабақ жоспары: Өлең жазу (1 сынып,1 бөлім )
Қысқа мерзімді сабақ жоспары [ҚМЖ] жинағы
Сауат ашудан сабақ жоспары: Өлең жазу (1 сынып,1 бөлім )

KZ / Сабақ жоспары жинағы / Қысқа мерзімді сабақ жоспары [ҚМЖ] жинағы, сабақ жоспары Ғимараттар сөйлейді 1 сынып сауат ашу, сауат ашудан қмж кмж қысқа мерзімді сабақ жоспары, поурочные планы на казахском языке, сауат ашу кыска мерзимди сабак жоспары, Ғимараттар сөйлейді, сабақ жоспары Ғимараттар сөйлейді 1 сынып сауат ашу сауат ашудан қмж кмж қысқа мерзімді сабақ жоспары поурочные планы на казахском языке сауат ашу кыска мерзимди сабак жоспары Ғимараттар сөйлейді, Сауат ашудан сабақ жоспары: Ғимараттар сөйлейді (1 сынып,1 бөлім )