Өлең оқу (1 сынып,1 бөлім )

 Өлең  оқу (1 сынып,1 бөлім )

Пән: Сауат ашу.
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Өзім туралы
Сабақ тақырыбы: Өлең оқу
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары: (оқу бағдарламасына сілтеме)О4.Сұрақтар қоя білу және бағалау.Күрделі емес мәтіндер мен суретті кітаптар бойынша қарапайым сұрақ қоя біледі.
Сабақ мақсаттары: Барлық оқушылар білу керек:
Күрделі емес мәтіндер мен өлеңдерді оқи алады.
Оқушылардың көбі жасай алады:
Мәтіннің мазмұны немесе сурет бойынша сұрақтар құрастыра алады;
Оқушылардың кейбірі жасай алады.
Мәтіннің мазмұны бойынша қарапайым сұрақтарға жауап бере алады.Қарапайым сөйлемдер құрастыра алады.
Сабақ барысы: Психологиялық дайындық
-Кел, жаныма тұр, сыныптас!
Өз алақаныңды маған аш.
Міне, менің қолым бос,
Жылуыма жылу қос.
/қимылмен көрсетеді/
Балалардың көңіл күйлерін сұрау.
(Ұ)«Тамаша» ойыны. Балалар шеңберге тұрады. Бала ортаға шығып, өз көңілін немесе кеше, бүгін жасаған әрекеттерін атайды. Қалғандары, «тамаша» деп айтады. Бүгінгі күнді қайталау. Апта күндерін қайталау.
(МК) «Жоғалған әріпті тап» ойыны
Өткен дыбыстарды қайталау мақсатында ойын өткіземін.
...аңбыр а...а жала...
...рман ...нан...с ...имон
қары...даш ...ара...ат ...ағат
-Қайсысы дауысты?-Қайсысы дауыссыз?-Неліктен?
(МК) «Ойыншық» әнінің аудиожазбасын тыңдату.
-Балалар өлеңде не туралы айтылған?
-Сендерде қандай ойыншықтар бар?
-Ойыншықтың қандай пайдасы бар?
-Ойыншықтар жайлы қандай өлеңдер білесіңдер?
/оқушылардың жауабын тыңдау/
Сергіту сәті
Ал балалар тұрайық
Бой сергітіп алайық
Жоғары төмен қарайық
Онға-онға түзу тұр
Солға-солға түзу тұр
Бойымызға күш жинап
Біз демалып қалайық
(Ұ)Өлеңді оқу
Қоян, қоян тұршы,
Бетінді жушы.
Шашыңды тарашы,
Айнаға қарашы.
Мұғалім іс-әрекеті:Өлеңді дауыстап, мәнерлеп оқып беремін.Оқушылармен бірге өлеңнің мазмұнын талдап, сұрақ қоюға бағыт-бағдар беремін.
(Ө)Оқушының іс-әрекеті:Өлеңді хормен және жеке оқиды. Өлең мазмұны бойынша сұрақ құрастырады.
Мысалы:Бұл не?Қоян не істеді? Қоян шашын тарады ма?Қоян қандай? т.с.с.
(Ж) Әр жұпқа екі суреті бар карточкаларды таратамын. Сурет бойынша бір- біріне кезектесіп сұрақтар қоюды және жауап беруді сұраймын. Оқушылардың қарапайым сұрақтар қоя білу және жауап беру дағдысын бағалаймын.
Дифференциация:Білім деңгейі әр түрлі оқушыларды жұптастырып отырғызамын.
Қалыптастырушы бағалау
Оқушының аты-жөні:____________________________
ОБ сілтеме Оқу мақсаты Бағалауға арналған ұсыныс
О4 Сұрақтар қоя білу және бағалау Күрделі емес мәтіндер мен суретті кітаптар бойынша қарапайым сұрақ қоя біледі.
Әр жұпқа екі суреті бар карточкаларды тарату. Сурет бойынша бір- біріне кезектесіп сұрақтар қоюды және жауап беруді тапсыру. Оқушылардың қарапайым сұрақтар қоя білу және жауап беру дағдысын бағалау.
Тапсырма:Жұптасыңа сурет бойынша сұрақ қой. Жұптасыңның сұрағына жауап бер.
Дағдылар Жетістік критерийлері
Егер төмендегі жетістік критерийлерін орындаса, оқушы оқу мақсатына жетеді
Оқылым
мәтіннің мазмұны немесе сурет бойынша сұрақтар құрастыра алады;
мәтіннің мазмұны бойынша қарапайым сұрақтарға жауап бере алады......


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇
  • Автор: Umit
  • 736



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша тағы 553 мың теңге төленеді
» Елімізде TikTok желісі бұғатталуы мүмкін бе?
» Елімізде су тасқынынан зардап шеккендердің қандай мүліктеріне өтемақы төленеді?