Ырыс алды - ынтымақ (5 сынып, IV тоқсан, 1 бөлім )

 Ырыс алды - ынтымақ (5 сынып, IV тоқсан, 1 бөлім )

Пән: Қазақ тілі
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Қазақстандағы ұлттар достастығы.
Сабақтың тақырыбы: Ырыс алды - ынтымақ
Жүзеге асатын оқу мақсаттары: А5. Берілген сұрақты дұрыс түсініп, лайықты жауап беру, шағын диалогке қатысу.
ТБ1.5.Болымды, болымсыз етістіктерді ауызша және жазба жұмыстарда орынды қолдану.
Сабақтың мақсаты: Графиктік мәтінді негізге ала отырып, сұрақтарға жауап береді, сөйлеу кезінде болымды және болымсыз етістіктерді қолданады.
Барлық оқушылар:
Білу, түсіну деңгейінде жауап бере алады.
Көптеген оқушылар:
Бағалау деңгейіндегі сұраққа жауап бере алады.
Кейбір оқушылар:
Жасау деңгейіндегі тапсырманы орындай алады.
Сабақ барысы: Ұйымдастыру кезеңі.
Мұғалім оқушылардың сабаққа дайындығын тексереді.
Оқушыларға «Достық байланыс» атты бейнебаян көрсетіледі. Осының негізінде тақырыпты анықтайды.
Мұғалім оқушыларға оқу мақсаты мен бағалау критерийлерін таныстырады.
Мағынаны тану.
1. Оқушыларға «ынтымақ» сөзіне қатысты кестені толтыру тапсырылады.
Ынтымақ
1 синоним
2 сын есімді тіркес
3 етістікті тіркес
4 сөзден тұратын сөйлем құрау
2. Осы тапсырманың негізінде оқушылар топқа бөлінеді:
Тек 1-тапсырманы орындағандар 1-топқа;
Тек 2-тапсырманы орындағандар 2-топқа;
Тек 1-2-3 тапсырманы орындағандар 3-топқа;
Барлық тапсырманы орындағандар 4-топқа бөлінеді
3. Мұғалім оқушылардың болымды және болымсыз етістіктер туралы алған білімдерін тексереді, қайталап еске түсіреді. Төмендегі кестені толтыруға береді.
Болымды Болымсыз Болымды Болымсыз
болу сыйламау
бағаламау нығаю
құрметтеу тұрмау
дамымау сақтау
4. Топтағы оқушылар сурет бойынша сұрақтарға жауап береді. Ауызша сөйлеу кезінде болымды және болымсыз етістіктерді пайдалану керектігі ескертіледі.
Кілтті сөздер: бірлік, достық, тату-тәтті, бір шаңырақ астында, жарасымды, татулық, береке, молшылық, тыңдау, араласу, үлгі-өнеге
1-топқа «білу» деңгейіндегі сұрақ: Суретте не бейнеленген?
2-топқа «түсіну» деңгейіндегі сұрақ: Халықтардың достығы не үшін керек?
3-топқа «бағалау» деңгейіндегі сұрақ: Қазақстанда бір шаңырақтың астында 100-ден астам ұлт өкілдерінің тату-тәтті өмір сүріп жатқанына қандай баға бересіз?
4-топқа «жасау» деңгейіндегі тапсырма: «Халықтар достығы – ұлт болашағы» тақырыбында постер жасап, қорғаңыз.
Бағалау критерийлері:
1. Өз көзқарасы мен пікірін білдіреді
2. Болымды және болымсыз етістіктерді қолданады
3. Кілтті сөздерді қолданады
Ф. Бағдаршам әдісі арқылы бағалайды......


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇
  • Автор: Umit
  • 1 375



Пайдалы сілтемелер:
» Ораза кестесі 2024 жыл. Астана, Алматы, Шымкент т.б. ауыз бекіту және ауызашар уақыты
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу

Соңғы жаңалықтар:
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!
» 2024 жылы студенттердің стипендиясы қанша теңгеге өседі