Компьтердің тілін табу − өнер (5 сынып, III тоқсан, 4 бөлім )

 Компьтердің тілін табу − өнер (5 сынып, III тоқсан, 4 бөлім )

Пән: Қазақ тілі
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Компьтердің тілін табу − өнер.
Сабақтың тақырыбы: Компьтердің тілін табу − өнер №1
Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары: Т1. Тақырыпты тірек сөздер арқылы болжау.
Сабақтың мақсаттары: Барлық оқушылар
Тірек сөздерді түсінеді
Көптеген оқушылар
Тақырыпты болжай алады
Кейбір оқушылар
Тірек сөздерді орынды қолдана алады.
Сабақ барысы: Суретті пазл.
Оқушыларға сурет қиындылары таратылады. Қиындыларды бір-біріне сәйкестендіру арқылы сурет құрастырады, шыққан заттың атауын тақтаға жазады. Сол арқылы топтасып, құраған суреттері туралы білетіндерін айтады. Тақтаға жазылған сөздер арқылы қандай тақырып қозғалатындығын болжайды.
Сабақтың мақсаты, бағалау критерийі таныстырылады.
Тыңдалым алдындағы тапсырма.
Тақтадан сөздер мен сөз тіркестері көрсетіледі.
Оқушылар сөздердің мағынасын бір-біріне түсіндіреді, қажет болса сөздікпен жұмыс жасайды.
Алғаш рет, ағылшындық, есептеуіш машина,, компьютердің атасы, электронды есептеуіш машина, ХІХ ғасыр, ғалым.
«Кім жылдам?»
Әр оқушы берілген сөздердің ішінен өзі жақсы түсінетін 2 сөзді стикерге жазады.
Оқушылар ішкі және сыртқы шеңберге отырады. Алғашқы 1 минутта ішкі шеңбердегі оқушылар стикердегі сөздерін көрсетеді, сыртқы шеңберде отырған жұбы тез арада сол сөздерді қатыстырып сөйлем құрау қажет, 2 минутта сыртқы шеңбер сөзді ұсынады, ішкі шеңбердегілер сөйлем құрау керек.
Кері байланыс: оқушылар өздерінің жұптары қаншалықты тез әрі дұрыс сөйлем құрай алғандықтары туралы кері байланыс береді.
Берілген сөздер арқылы тыңдалатын мәтін не туралы болатындығын болжайды.
«Компьютер қалай пайда болды?» мәтінін тыңдайды.
Тыңдалымнан кейінгі тапсырма. Тірек сөздерін қолдана отырып, төмендегі сұрақтарғы жауап береді.
- Мәтінге қандай тақырып қояр едіңіз?
- Тыңдалым не туралы?
- Алғашқы компьютер қашан пайда болды?
- Компьютер сөзінің мағынасы қандай?
- «Адамсыз есептеулер автоматы» ұғымын қалай түсінесіз?
- Компьютер ұғымын енгізуде еңбек еткен ғалымдарды атаңыз.
Алғашқы компьютерлер туралы алған ақпаратты, бүгінгі күннің компьютерлері туралы білетін мәліметтерін жинақтай отырып, «Кеше-бүгін-болашақ» тақырыбында постер дайындайды. Постер дайындау барысында алғашқы компьютерлер туралы, қазіргі компьютердің мүмкіндіктері туралы ақпарат береді және болашақтың компьютерлері қандай болатындығына болжам жасайды. Сынып алдында топтар жұмыстарын қорғайды. Қорғау барысында тірек сөздерді қолданады.
Топтар бір-бірін критерийге сай бағалайды.
Бағалау критерийі Дескриптор Ұпай
Тақырыпқа қатысты тірек сөздерді қолдана алады Тақырыпты аша алады
Болашаққа болжам жасайды
Тірек сөздерді орынды қолданады...


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇
  • Автор: Umit
  • 1 416



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Ораза айт намазы уақыты Қазақстан қалалары бойынша
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!