А. Құнанбаев «Ғылым таппай мақтанба» (5 сынып, II тоқсан, 3 бөлім )

 А. Құнанбаев «Ғылым таппай мақтанба» (5 сынып, II тоқсан, 3 бөлім )

Пән: Қазақ тілі
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Әлемдегі ірі кітапханалар
Сабақтың тақырыбы:А. Құнанбаев «Ғылым таппай мақтанба»
Жүзеге асатын оқу мақсаттары:А5 Сенімді және еркін жауап беру
Сабақтың мақсаты:Оқылым материалдары бойынша негізгі ақпаратты сақтай отырып, жинақы мәтін жазу.
Барлық оқушылар:
Мәтін мазмұнын түсінеді, лексикалық минимумды тілде орынды қолданады. Көптеген оқушылар: презентация бойынша берілген сұрақтарды адам бойындағы қасиеттермен байланыстыра отырып дәлелді түрде жауап береді
Кейбір оқушылар:
Диалогты сауатты құра алады.
Сабақ барысы: Сәлемдесу.
Сыныппен амандасу. Сыныпты төменде берілген суреттер арқылы мозайка әдісімен топқа бөлу
Мына берілген суреттер мен сөздердің арасында қандай байланыс бар?
Талап, еңбек, терең ой, қанағат, рақым
Мұғалім шәкірттерді оқу мақсатымен және бағалау критерийлерімен таныстырады
Топтық жұмыс. https://prezi.com/paab-wr5s8yf/presentation/
(Презентация мәтіні оқушыларға таратылып беріледі).
Тапсырма. Оқушылар презентациямен танысқаннан кейін берілген сұрақтарға жауап береді?
1-топ. Терең ой
Мен ойлап отырмын,
ендеше бұл әлемде бармың (Декарт)
Сұрақ: неге Декарт «Мен ойлап отырмын, ендеше бұл әлемде бармын» деді?
2-топ Қанағат
«Қолда барға шүкіршілік етіп, оны қанағат тұту-асыл қасиеттердің бірі».
Сұрақ: Сіздер осы оймен келісесіздер ме?
3-топ. Рақым
Жақсылыққа жақсылық-
әр кісінің ісі,
Жамандыққа жақсылық-
нар кісінің ісі.
Сұрақ: Рақым дегеніміз не?
4-топ. Еңбек
Еңбек етсен ерінбей,
тояды қарның тіленбей.
Сұрақ: Еңбек шынымен де қарын тойдырады ма?
5-топ, Талап
Айналаңа ең соңғы рет көретіндей көз таста,
ең соңғы рет еститіндей құлақ сал,
Ең соңғы рет сөйлейтіндей үн қат.
Сұрақ: Бұл жолдардың талаппен байланысы неде?
Оқулық. Жұптық жұмыс. Сөйлесейік.
Сұрақтарға жауап бер. Диалогті толықтыр.
- Ұлы Абайдың «...Бес нәрсеге асық бол, адам болам десеңіз...», - деген өлең жолдарын қалай түсінуге болады?
- Абай өзінің шығармаларында «Адам баласының ең жаманы- талапсыз» дейді. А талапты адам қандай болады?
- Адам не үшін еңбек етеді?
- Терең ойлау дегенді қалай түсінесіздер?
- Қанағат дегеніміз не? Қанағатшылдық сезімі үнемі жақсылыққа жетелей ме?
- Рақым деген сөзге қандай синоним алуға болады? .....


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇
  • Автор: Umit
  • 2 306



Пайдалы сілтемелер:
» Ораза кестесі 2024 жыл. Астана, Алматы, Шымкент т.б. ауыз бекіту және ауызашар уақыты
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу

Соңғы жаңалықтар:
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!
» 2024 жылы студенттердің стипендиясы қанша теңгеге өседі