Қазақстандағы жан-жануарлар мен өсімдіктер әлемі (5 сынып, I тоқсан, 3 бөлім )

 Қазақстандағы жан-жануарлар мен өсімдіктер әлемі (5 сынып, I тоқсан, 3 бөлім )

Пән: Қазақ тілі
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Қазақстандағы жан-жануарлар мен өсімдіктер әлемі
Сабақтың тақырыбы:Қазақстандағы жан-жануарлар мен өсімдіктер әлемі
Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары:Ж4. Мәліметтерді жинақтай отырып, тақырып бойынша постер жасау.
ТБ1.2. Лексикалық мағынасы жағынан заттың түрін, түсін, сапасын білдіретін сын есімдерді ажырата білу, жазба, ауызша жұмыстарда қолдану.
Сабақтың мақсаттары:Тақырыпқа қатысты мәліметтерді жинақтап, постер жасау;
Сын есімдерді ажыратып, жазба жұмысында қолдану.
Сабақ барысы: Суреттерге қарап, бұл қандай өсімдіктер екенін болжап көреді.
«Регель қызғалдағы»
«Еңлікгүл»
«Алматы апорты»
«Жабайы көкнәр»
Жетекші сұрақтар арқылы сабақтың тақырыбы анықталады.
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі неге нақты осы өсімдіктерге байланысты монеталар сериясын шығарды деп ойлайсыңдар?
Бұл өсімдіктер мен монеталардың біздің сабақпен қандай байланысы болуы мүмкін?
Жоғарыда көрсетілген суреттерді сипаттау.
Суреттегі өсімдіктердің түсі қандай?
Алматы апортының дәмі қандай? (қызыл, әдемі, тәтті)
Сұрақтар. Түстерді ажырата аламыз ба?
Заттың түрін, түсін, дәмін, қасиеттерін анықтау үшін қандай сөздерді қолданасыңдар? Бұл сөздер қай сөз табына жатады? Сын есім нені білдіреді?
Ауызша жұмыс. Алма мен лимонның суреті көрсетіледі де, оқушылар ауызша сипаттайды.
суық Көк
жақсы қысқа
ұзын ыстық
әдемі жасыл
сарғылт қышқыл
аппақ көгілдір
үлкен аласа
биік лас
қара кішкентай
жас тәтті
1 тапсырма. Мына сын есімдердің арасынан
заттың түрін, түсін, сапасын білдіретін сын есімдерді ажыратып алыңыздар.
түрі түсі сапасы
2 тапсырма. Кестедегі 3 сын есімнің антонимдерін анықтаңыздар.
Кері байланыс.
Осы тапсырма пайдалы болды ма?
Қай тапсырманы орындау қиын болды?
3 тапсырма «Әли мен Айяның гүлдері туралы әндері» бейнебаяны көрсетіледі.
Жұптық жұмыс. Бейнебаяндағы заттарды сын есімдірді пайдаланып, сипаттап жазады.
Екі жұптың жұмысы тыңдалады.
4 тапсырма
Топтық жұмыс. Қызыл және жасыл түсті стикерлер арқылы 2 топқа бөлінеді.
1-топ «Қазақстандағы сирек кездесетін өсімдіктер әлемі»
2-топ «Қазақстанда сирек кездесетін өсімдіктерді қалай сақтап қалуға болады» деген тақырыпқа постер жасаңыздар.
Төменде берілген сөздерді қолданады (алдын ала сөздерді талдап өту қажет):
дән, өсіру, пайдалы, жер беті, қоршаған орта, қорғау, аялау, пайдалану, зияны
Постерді бағалау критерийі:
тақырыптың ашылуы 2 ұпай
мәліметтің толық ұсынылуы 2 ұпай
креативтілік 2 ұпай
Ф. Оқушылар бір-бірін критерийлер арқылы бағалайды......


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇
  • Автор: Umit
  • 1 471



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша тағы 553 мың теңге төленеді
» Елімізде TikTok желісі бұғатталуы мүмкін бе?
» Елімізде су тасқынынан зардап шеккендердің қандай мүліктеріне өтемақы төленеді?