Жексеннің мектептегі бір күні (5 сынып, I тоқсан, 2 бөлім )

 Жексеннің мектептегі бір күні (5 сынып, I тоқсан, 2 бөлім )

Пән: Қазақ тілі
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Мектеп өмірі
Сабақтың тақырыбы:Жексеннің мектептегі бір күні
Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары:О5. Қосымша ақпарат көздерінен тақырыпқа байланысты мәліметтерді ала білу.
Сабақтың мақсаттары:Барлық оқушылар орындай алады:
Әдептілік туралы өз пікірін білдіре алады
Оқушылардың көпшілігі орындай алады:
Қосымша ақпарат көздерінен мәліметтерді таба алады
Кейбір оқушылар орындай алады:
Кейіпкерге (адамға) әсер ететін факторларды анықтай алады.
Сабақ барысы: Қызығушылықты ояту.
Оқушылардың танымдық қабілеттерін дамытуға бағытталған.
"Жалғастыр"ойыны
"Не істеуге болмайды?". Осы сөз үлкен етіп жазылып көрсетіледі. Мұғалім басқы сөзін айтады, оқушы ойланып жалғастырып айтуы керек.
а) Үлкендердің алдынан кесіп өтуге болмайды.
б) Есікті керуге болмайды.
в) Кешкі мезгілде ұйықтауға болмайды.
г) Ауызды ашып есінеуге болмайды.
д) Қатты дауыс көтеріп күлуге болмайды.
ж) Үйге жүгіріп кіруге болмайды.
"Не істеу керек?"деп жазылып көрсетіледі.
Бұл да сол сияқты жүргізіледі.
а) Үлкенге ізет, кішіге көмек көрсету керек.
б) Үлкендерге қол беріп сәлемдесу керек.
в) Аналар мен қыздарды құрметтеу керек.
г) Қателігіңді әрқашан мойындау керек.
д) Досқа адал болу керек.
ж) Үлкендердің айтқан ақылын тыңдау керек.
ТЖ. Оқылымалды тапсырма.
Тақырыпқа қатысты сөздікпен жұмысты орындайды.
Тәртіпсіз , мазақ , жалтақтап, мезет, желім, төгіп, жабысты, қылық, кедергі, сызады, жыртады, түртеді, мазақ етеді.
Оқылым тапсырмасы:
«Жексеннің желімі» әңгімесін оқиды.
Жексеннің желімі
Жексенді сыныптастары да, мектептегі басқа оқушылар да «Тәртіпсіз Жексен» деп атайды. Шынында да солай. Сабақта тыныш отырмайды,жан- жағындағыларға үнемі кедергі жасайды. Жазады, сызады, жыртады. Әбден болмаса, қағаздан ұшақ жасап, мұғалиманың көзін ала бере, ұшырып жібереді. Сағыз да шайнайтын сол. Қасындағы Зағипаға күн бермейді. Түртеді, мазақ етеді.
Еңбек сабағы болатын. Оқушылар қағаз қиып, гүл жасауға кірісті. Тек Жексен жан-жағына жалтақтап, бостан-бос отыр. Өйткені оның қайшысы да, желімі де жоқ...
Бір кезде мұғалима апай қарсы алдындағы Айдарды тақтаға шақырды. Осы мезетті пайдаланып, Жексен оның партасының отырғышына желім төгіп қойды. Жабысып қалып, күлкі болсын дегені.
- Жексен, кәне, жасаған гүліңді көрсетші, - деді апай осы кезде.
- Жасаған жоқпын, - деді бұл.
- Апай, оның желімі, қайшысы жоқ, - деді Зағипа.
- Айдарда бәрі бар екен. Соның орнына отырып жасай ғой, - деді апай. – Ал Айдар сенің орныңда отыра тұрсын.
Жексеннің жүрегі су етті. Әйтсе де амал жоқ, сездірмеуге тырысты.Отырды...
Сабақ бітті. Оқушылар у-шу болып, сыртқа шықты.
Сыныпта Жексен ғана жалғыз қалды. Орнынан ептеп тұрып көріп еді, тұра алмады. Шалбары отырғышқа жабысып қалыпты.
(«Балдырған» журналынан.).....


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇
  • Автор: Umit
  • 1 020



Пайдалы сілтемелер:
» Ораза кестесі 2024 жыл. Астана, Алматы, Шымкент т.б. ауыз бекіту және ауызашар уақыты
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу

Соңғы жаңалықтар:
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!
» 2024 жылы студенттердің стипендиясы қанша теңгеге өседі